Семинар сабақтарының тақырыптары және оған әдістемелік нұСҚаулық №1 семинар Сағат көлемі: 1



бет6/19
Дата06.03.2023
өлшемі56,66 Kb.
#71863
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Сағат көлемі: 1
Семинар сабағының мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихын қарастыру


Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ (XV-XVІІI ғғ.)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы. Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
2. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.
3. Жетісудың Қазақ хандығы аумағына қосылуы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі. XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынастары. Қазақ-ноғай қатынастары.
4. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.
5. XVI ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі. Жәнібек хан. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы.
6. «Белгісіз жылдар» кезеңі. 1652-1680 жылдар. Сайрам соғысы.
7. Қазақтардың XIV-XVIII ғасырдың басындағы мәдениеті. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.
8. Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі. Поэзия мен шешендікке табыну, қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы.
9. Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVII ғасырдағы – XVIII ғасырдың басындағы қалалық мәдениеттің құлдырауы. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет