Семинар сабақтарының тақырыптары және оған әдістемелік нұСҚаулық №1 семинар Сағат көлемі: 1



бет2/19
Дата06.03.2023
өлшемі56,66 Kb.
#71863
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕ Қаз.тарихы.Межфак-2023(1)

Әдістемелік нұсқау: жоғарыдағы мәселелер бойынша берілген әдебиеттерден ізденіп, нақты мәліметтермен танысып, оларды талдап, саралай отырып, қысқаша тезис даярлау. Семинар барысында ауызша баяндап, талдау жұмыстарына атсалысу. Тақырып төңірегіндегі қосымша сұрақтарға жауап беру.
Өткізу форматы: интерактивті және сыни тұрғыдан оқыту технологияларының әдіс-тәсілдері, топтық және жұптық, жеке жұмыс.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.
2. Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура: научное издание / А. Т. Толеубаев. – Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. – 528 с.
3. Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 с.
4. История древнего Казахстана / Под ред. Байпакова К.М. – 2-е изд. – Алматы: Рауан, 1996. – 5.Исмагулов О., Исмагулова АПроисхождение казахского народа. По данным физической антропологии. – Алматы, 2017. – 196 с.
2 семинар
Сағат көлемі: 1
Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан территориясында тайпалық бірлестіктердің құрылуын анықтау.


Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР
МЕН АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТЕР.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Жазба деректер.
2. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті: хронология, жерлеу рәсімі, қару-жарақ, ауыздық, аң стилі өнері. Ежелгі антик қалалар.
3. Сақтардың грек-парсы соғыстарына қатысуы. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі.
4. Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
5. Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. Үйсіндердің көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы.
6. Б.з.б. ІІ – б.з. V ғасырдың бірінші үштігіндегі қаңлылардың тараған аумағы мен қоныстанған жерлері. Урбандалуының ерте кезеңі. Тұрмыстық керамика этникалық шығу тегінің көрсеткіші ретінде. Тоқыма кәсібі. Жетіасар тайпаларының Қаңлы этномәдени тарихындағы маңызы. Шығыс Арал маңы аумағындағы түркі этникалық қауымдастығының қалыптасуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет