Семинар сабақтарының тақырыптары және оған әдістемелік нұСҚаулық №1 семинар Сағат көлемі: 1



бет4/19
Дата06.03.2023
өлшемі56,66 Kb.
#71863
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Әдістемелік нұсқау: тақырып бойынша қаралу керек мәселелер негізінде берілген әдебиеттерді және қосымша материалдарды талдап, саралай отырып, қысқаша тезис даярлау. Семинар барысында ауызша баяндап, талдау жұмыстарына атсалысу. Тақырып төңірегіндегі қосымша сұрақтарға жауап беру.
Өткізу форматы: интерактивті және сыни тұрғыдан оқыту технологияларының әдіс-тәсілдері, топтық және жұптық, жеке жұмыс.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. История Казахстана  древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. – Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 345 с. 
2. Кумеков Б.Е. Государство кимаков в IХ-ХI вв. – Алма-Ата, Наука, 1972. – 695 с.
3. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. – 520 б.
4. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. Астана: Астана Даму, 2006. – 256 с.
5. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004. – 368 с.
4 семинар
Сағат көлемі: 1
Семинар сабағының мақсаты: Алтын Орда кезеңіндегі қазақ тарихын сараптау.


Тақырыбы: ҰЛЫ ДАЛА АЛТЫН ОРДА КЕЗЕҢІНДЕ (ХІІІ-ХҮ ҒҒ.).
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы туралы ортағасырлық деректер мен зерттеулер. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында. Бату ханның Шығыс Еуропаға жорығы.
2. Ұлыстық жүйенің дамуы. Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы. Египеттегі Мамлюк сұлтанатымен дипломатиялық байланыстар орнату, ортағасырлық әлемдегі империяның беделінің өсуі. Еуразиядағы оба пандемиясы. Алтын Орданың әлсіреуіне және ыдырауына әкелген сыртқы және ішкі факторлар кешені. Ұлыстар арасындағы күрес.
3. Шыңғыс әулеттерінің Сырдария өңірі үшін бәсекелестігі. Орта Азиямен және Хорезммен байланыстары. Сырдарияның орта ағысы бойындағы өңірлер мен қалалар үшін Мәуереннахрлық билеушілермен күрестер.
4. Шағатайлықтырдың және қоныс аударған моңғолдардың ұрпақтарының исламға бетбұруы, Жетісудағы мұсылман мәдениетінің жандануы. Моғолдардың Мавераннахр шағатайлықтарымен қарым-қатынасы. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің мемлекетінің экспансиясына қарсы күресі. Уәйіс хан және оның ұлдары Есенбұғы мен Жүністің таққа таласы. Ойраттардың Моғолстанға жорықтары. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
5. Әбілқайыр хан мемлекетінің аумағы және этникалық құрамы. Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресі. Әбілқайыр ханның Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 жыл). Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 жыл). Хандықтың ыдырауы.
6. Ноғай Ордасының билеушілері. Би және мырза лауазымдары. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.
7. Сібір хандығының аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы.
8. Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени даму деңгейі туралы жаңа археологиялық ашылымдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет