Әдістемелік нұсқау: тақырып бойынша қаралу керек мәселелер негізінде берілген әдебиеттерді және қосымша материалдарды талдап, саралай отырып, қысқаша тезис даярлау. Семинар барысында ауызша баяндап, талдау жұмыстарына атсалысу. Тақырып төңірегіндегі қосымша сұрақтарға жауап беру.
Өткізу форматы: интерактивті және сыни тұрғыдан оқыту технологияларының әдіс-тәсілдері, топтық және жұптық, жеке жұмыс.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.
2. Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура: научное издание / А. Т. Толеубаев. – Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. – 528 с.
3. Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 с.
4. История древнего Казахстана / Под ред. Байпакова К.М. – 2-е изд. – Алматы: Рауан, 1996. – 5. Исмагулов О., Исмагулова А. Происхождение казахского народа. По данным физической антропологии. – Алматы, 2017. – 196 с.
№ 3 семинар Сағат көлемі: 1
Семинар сабағының мақсаты: ежелгі түркілер тарихы және этностар тарихының кезеңдерінің мәнін анықтау.
Тақырыбы: МОНҒОЛ КЕЗЕҢІНЕ ДЕЙІНГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҮРКІ ТІЛДЕС ЭТНОСТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ИНТЕГРАЦИЯСЫ КЕЗЕҢДЕРІ Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Түркілер туралы жазба және археологиялық деректер мәліметтері. Түркілердің мекендеген аумағы.
2. Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Саяси тарихы. Тан империясымен қарым-қатынас.
3. Түргеш мемлекеті. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Жетісу аймағындағы билігінің күшеюі. Түркі-соғды мәдени синтезі.
4. Қарлұқтар туралы тарихи деректерден алынған мәліметтер. Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы. Мемлекеттің экономикалық және мәдени өміріндегі қалалардың рөлі. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы. Түркілер арасында қожалардың пайда болуы.
5. Ауызша тарих және археологиялық деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.
6. Араб және парсы деректеріндегі Қараханидтер туралы мәліметтер. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны. Сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қараханидтер мемлекетінің рөлі. Қарақытайлардың басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы.
7. Қыпашақтар туралы нарративті мен шежірелік дерек мәліметтері. Қимақтар мемлекетінің ыдырауы. Көшпелі тайпалардың көші-қоны. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы. Орталық Азия кеңістігіндегі түріктердің әскери салтанаты кезеңі. Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштері. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).
8. Көшпелілер ("қала-дала" жүйесі) және отырықшылар: екі шаруашылық-мәдени типтерінің өзара қарым-қатынасы. Қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі. Ұлы жібек жолындағы қазақстандық трассалар. Ақша айналымы.
9. Ежелгі нанымдар мен культтер, буддизмнің таралуы, несторианизм, манихейизм және Жібек жолындағы басқа да автохтонды емес діндер. Түркі әлемінің исламға кірігу жолдары мен формалары. Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ.А. Ясауи.