Құзыреттері (оқытудың нәтижелері): - Жалпы құзырет:
құралдық:әдіснамалық негізделген, концептуалды ұйымдастырылған психологиялық білімдерге ие болу; ғылыми зерттеуде дәстүрлі және инновациялық әдістер мен тәсілдерді пайдалану арқылы психологияның стандартты жағдайдағы ақпараттық өрісін критикалық бағалау мен талдауға қабілеттілік; психологиялық зерттеулердің (қалыптастырушы, констатациялық типтегі) нақты міндеттерін шешу кезіндегі мәселені анықтау;
тұлғааралық: толеранттылық пен тұлғааралық диалог ұстанымдарына түсініктеме беру; адамның тіршілік ортасындағы негізгі қауіптерді теңестіру; экологиялық және басқа да қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін түрлі коммуникация түрлеріне дайындық; ойлау мәдениеті мен көпшілік алдында баяндай білуді меңгеру; тұлғаның индивидуалды қабілеттерін, ерекшеліктерін (креативті, шығармашылық) дамыту дағдылары, оларды ғылыми және оқу ұжымы, зерттеушілер алдындағы оқу тапсырмаларын шешу үшін пайдалану; психология, даму психологиясы, саяси философия және әлеуметтік-экологиялық мәселелер бойынша өз көзқарасын білдірудегі сын және өзіндік сын, кәсіби рефлексияға қабілеттілік; тұлғааралық эмпатия мен рефлексияға қабілеттілік, тұлғаның физиологиялық, анатомиялық, психологиялық ерешеліктері мен айырмашылқтарын жүйелі талдау, кәсіби әрекет түрі мен сипатының өзгеруіне әдіснамалық және психологиялық тұрғыда дайын болу;
жүйелік: құқықтық мәселені шешу жоспарын құрастыру үшін түрлі салалардағы білімді пайдалану қабілеттілігі; Қазақстан Республикасы экономикасының дамуындағы өзекті мәселелерін шешу жолдарын таба білуі; білімдендіру, жас ерекшелік психологиялық білімдер жүйесін тұлғалық білімдер аясына қатыстыру мақсатымен талдау және бағалау (интерпретация, жүйелеу, жіктеу, салыстыру, т.б) формализациялау процедурасы арқылы өзектендіру қабілеті; психологиялық білімдер жүйесін әлемнің ғылыми бейнесін біртұтас бейнелеу негізінде ғылыми, жоспарлау қабілеті; болашақ оқытушы тұлғасының кәсіби мәнді қасиеттерін және оның белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру.;