Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


-жаттығу. Бір грамматикалық форманың бір мағынаны және бірнеше мағына білдіруде қолданылып тұрғандарын тауып, олар қай категория көрсеткіштері екенін атаңыздар



бет7/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
2-жаттығу. Бір грамматикалық форманың бір мағынаны және бірнеше мағына білдіруде қолданылып тұрғандарын тауып, олар қай категория көрсеткіштері екенін атаңыздар.
- Байлар туралы ойыңызбен бөліссеңіз?
- Қарағым Мұхамеджан, меніңше, байдың бәрін жамандау – әділетсізді. Жасырстыны жоқ, олар да әр түрлі. Біздің халқымызды халық еткен текті байлар, солардың ұрпағы. Мысалы, Маман бай мектеп ашып, бала оқытты. Ол осы еңбегі үшін ғана құрметке лайықты.
Ана жылы әулиелерді аралап, Сайрамда болғанымда Сейітбек деген бай ашаршылық жылы ... Ақсу өзенінің екі жағына 5-6 тай қазанды асып, бір аймақтың аш-арығын тамақтандырып, ажалдан аман алып қалыпты.
Ердің атын ер шығарады дейміз. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолың романын жазып, Абайдың кемеңгер, қазақтардың мықты, дарынды екеніне дүние жүзі халқының көзін жеткізіп, иландырды. Әл-Фараби, Жалантөс, Бейбарыс, Бауыржан Момышұлы да даңқымызды әлемге жайды. Түсінген адамға мұның бәрі байлық. ... (Қалдыбай М. «Мың жыл аңсайды» кітабынан).


Байлар - көптік жалғаулы деректі зат есім
Маман бай - аналитикалық формадағы қосарлы айқындауыш
Сейімбет деген бай - аналитикалық формадағы көмекші қосарлы айқындауыш
Байлық - -лық жұрнағы арқылы синтетикалық формадағы зат есім
3-жаттығу. Мәтіндегі сөздерді синтетикалық және аналитикалық тәсілмен жасалуына қарай топтаңыздар.
«Жұмысы жоқтық, қарыны тоқтық, аздырар адам баласын» деген Абай. Бұл моральдық тұжырымды батыс ғалымдары да жоққа шығармайды. Мысалы, Энгельс: «Адамды адам еткен – еңбек» -дейді. Мұны біздің Жолсейіт Молдасанов өмір атты кітаптан оқып білген, - деп Димаш Ахметұлы көңілдене күлімсіреді. – Ол бейнетті, қиыншылықты көруіндей көрді. Анасы Нұрбала екеуі тіршілік толқынының жалына жармасып, жетімдік, жесірлік тауқыметін маңдай термен жеңді. Бүгінде Жолсейіт Социалистік Еңбек Ері, қой шаруашылығының академигі.


«Жұмысы жоқтық, қарыны тоқтық, аздырар адам баласын» аналитикалық тәсіл
«Адамды адам еткен – еңбек» аналитикалық тәсіл
Қалғандары синтетикалық тәсілдер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет