білуден кӛрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп
атайды. Сонымен
ерік
дегеніміз адамның ӛз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.
Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет қылықтардан
кӛрініп отырады. Бірақ жүру, кӛбейту кестесі кӛлеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс
адамдармен сӛйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Еріктік
әрекеттер максаттың және сол сиякты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің,
қиындықтардың болуымен сипатталады.
Еріктік әрекеттер
қарапайым
және
күрделі
болып бӛлінеді. Қарапайымы
мақсат қою
және
орындау
деген буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз
келіп отырады. Күрделі еріктік әрекетте
мақсатты аңғару, жоспарлау
және
орындау
деген
үш буыннан тұрады.
Мақсатты аңғару
. Адам мінез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу,
шӛліркеу сияқты физиологиялық қажеттіліктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттіліктері,
басқалармен араласу, білімге, кӛңіл кӛтеруге құмарлық тәрізді қажеттіліктер бола алады.
Қажеттіліктің арта түсуіне қарай құштарлық тілекке – айналады. Бір нәрсені тілеу дегеніміз -
не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатынын
білдіру. Тілек дегеніміз - мұрат түрінде ӛмір сүретін қажеттілік мазмұны. Қажеттілікке сай
мақсатты аңғарған адам бір шешімге келеді.
Жоспарлау.
Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған міндетке жету
жолдарын жоспарлау басталады.
Орындау.
Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді
жүзеге асыруға кіріседі. Белгіленген мақсаттың жүзеге асуы кедергілерді игерумен ұштаса
жүреді. Оларды зат, материалдық процестер, адам, уақыт, кеңістік туғызады. Сол сияқты,
шаршау, ауру, білімнің, дағдының аздығы тәрізді кедергілер де болуы мүмкін.
Адамның ерік-жігер қасиеттері:
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, ӛзін-ӛзі меңгере
алу, батылдық шыдамдылық т.б.);
Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне,
қоғам мүддесіне бағындыра алуда кӛрінетін ерік сапалары);
Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива,
принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: