Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


 семинар  Семинар сабағының тақырыбы



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
семинар 
Семинар сабағының тақырыбы:
Психика мен сананың дамуы. 
Сабақ жоспары:
1. Психика мен сананың ӛзара байланысы туралы түсініктердің дамуы (Л.С.Рубинштейн, 
А.Н.Леонтьев және т.б.)
 
2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары: тітіркенгіштік, сезгіштік, инстинкт, 
интеллект. 
3. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар.
4. Психиканың негізгі деңгейлері: сана және бейсана (И.С.Кон, А.Г.Спиркин, З.Фрейд) 
5. Сана – психикалық дамудың жоғары сатысы ретінде. 
6. Адам санасының дамуындағы еңбек пен тілдің маңызы. 
 
Психика, сана
- материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның 
объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, 
ал ойлаудың нәтижелері ӛмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. 
Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен окиғаның бейнелері біздің ақыл-
ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Психиканы 
және оның жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу 
мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі. 
Психиканың пайда болуы
туралы 
бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: 
антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық табиғатқа: 
биопсихизм – тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм – тек нерв жүйесі барларға. Бұл 
теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Тіршіліктің пайда болуы – 
материя дамуының жаңа сатысы, ол ӛзінің құрылысы жағынан күрделі және ерекше 
қасиеттерге ие болды. Бұл қасиеттің бірі – тітіркенушілік, яғни сырттан тиетін әсерлерге 
организмнің беретін жауабы. Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның 
жеке кӛрністерінің түріне мыналар жатады: настия, тропизмдер оның ӛзі - фототропизм, 
хемотропизм, термотропизм болып бӛлінеді. 
Психиканың сезімталдығының тітіркенушіліктен айырмашылықтары:
1.Сезімталдық бейнелену анализаторлар арқылы жүргізіледі, яғни денедегі әрбір сезімге, 
мысалы, кӛз, құлақ, бейімделген органдар арқылы. 
2.Психиканың сезімталдығы табиғиғаттың кӛптеген заттары мен құбылыстарын бейнелеуге 
мүмкіндік береді. 
3. Психика сырттағы дүниенің қасиеті мен заттарын елестете алады. 
4.Жақсы дамыған жануарлардың елестері сигналдық роль атқарады. Сондықтан да олардың 
сырттағы ӛзгерістерге бейімделу қабілеттері күшті болады. 
5. Психикасы бар тірі жандар, тіпті тӛменгі сатыда тұрса да, әралуан күйініш – сүйінішті сезе 


алады. Мысалы, желімге жабысқан дызылдауы. 
Шартты рефлекстер - ӛмір тәжірбиесінің негізі. Психиканың эволюциясы (дамуы) тікелей 
емес, бірнеше бағытта болған. 
Психиканың өзінің даму сатыларына келсек:
- біріншісі қарапайым сенсорлық (сезімдік) психика сатысы 
- келесі даму сатысы - перцептиптік психика сатысы. 
- психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы – интеллект сатысы. 
Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығын, оның ӛсіп, дамып 
отыратындығы ғылымға ерте кезден-ақ мәлім. Әсіресе, бұл жӛнінде Дарвиннің эволюциялық 
теориясы кӛп жаңалықтар қосумен бірге бұл мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар 
енгізді. Психиканың ӛсіп дамуына эволюциялық теорияның кӛзқарасы бойынша ӛсіп-даму, 
жай ғана кӛбею немесе азаюды қайталаумен ғана пара-пар
.
Даму– 
сапалық даму емес, жалғыз ғана сапалық даму. Ескі сапалар құрып, олардың дамуына 
жаңа сапалар пайда болмайды, даму - бір қалыпта, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады. 
Психиканың дамуын жалғыз ғана сыртқы ӛзгеріс емес - психиканың мазмұнымен 
байланысты ішкі сапалы даму. 
Психика-жүйке саласының қасиеті. 
Психика 
дегеніміз- обективті дүниені субективті бейнелендіру болып табылады. 
Психикалық бейнелену - ақиқаттың шынайы және дұрыс бейнеленуі. Ақиқаты 
бейнелендірудің дұрыстығы адам заттың қоғамдық тарихи практикасымен тексеріледі. 
2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары: тітіркенгіштік, сезгіштік, инстинкт, 
интеллект. Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар 
ӛзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы кӛзқарас психиканың 
туындауы жӛніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады. 
Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыг қалыптасқан. Ең 
алдымен бұлар арасыңда философиялық ой-пікір тарихыңда Р. Декарт есімімен байланысты 
ғылыми елеуге тұрарлық «ангропопсихизм» бағдары. Оның мәні: — психиканың пайда 
болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай 
пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа 
шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де ӛз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екінші 
теория «панпсихизм», яғни бүкіл табиғаттың жан-рухи қасиетке иелігі жӛніндегі үғым. Бұл 
біріне бірі қайшы екі кӛзқарастың аралығында кеңірек ӛріс алған «биопсихизм»теориясы 
бар. Биопсихизмшілдердің пікірі -психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек 
жанды бӛлігіне ғана тән нәрсе. Қойылғанпроблеманың шешіміне орай ӛрістеген және бір 
кӛзқарас: психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке 
жүйесіне (нервная система) ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұңдай тұжырым 
«нейропсихизм» деп аталған. 
Ғылыми психологая аталған тұжырымдардың бірде-бірін толығымен құптай алмайды. 
Оның дӛлелдері басқаша: психологияньщ туындауы жӛніңдегі мәселенің шешімін ӛмірдің 
ӛте күрделі формасы — психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп 
танумең байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты -қоршаған ортамен 
тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды (белокгы) молекулалардың түзілуі. 
Ӛздерінің тіршілік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, 
сонымен бірге қалыпты ӛміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарьш 
отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының 
құрамды бӛлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып 
табылады. 
Бұл ӛте күрделі ақуызды молекулалар, каоцерваттар, пайдалы қоректер мен оларды 
қорытуға немесе ӛміріне қауіп туғызатын не зиянды әсерлерге жауап бергізетін ерекше 
қасиеттерге ие. Мысалы, мұңдай молекулалар тек қӛректік заттарға ғана емес, сол заттарды 
қорытуға себін тигізетін жарық пен жылуға да үнавды әрекетпен жауап береді. Ал шектен 
артық — механикалық не химиялық — қалыпты жасауына кедергі болатын әсер-лерге 


қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап ӛсерді тіпті елемейді. 
Дүниеде ең ғажап керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат 
игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі 
техникалық табыстар, ӛнер, дін,әдебиет, философия, ғылым осыларың бәрі сол сананың 
құдіреті. Обьективтік дүниеде саның баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан 
қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып оны бастапқы деп санаған. Сана 
мисыз ӛмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін сыртқы дүние. Сол әсерлер 
орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады,шешім жасайды. 
Әрине адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми 
ең алдымен обьективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін 
орган. Бірақ сана мен обьективті ақиқат ешқашан дәлме дәл келмейді. Сана оның идеалдық 
бейнесі. Ұны гегельде мойындаған. Бұл дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың 
мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға 
талпыныс, ізденіс ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана материядан мүлде 
ӛзгеше сапа, рухани құбылыс. 
Сана адам миы жұмысының нәтижесінде іске асса бейсаналық мидың қатысынсыз іске 
асады. Яғни адам кейбір істерде үйренген әлісімен ойланбай ақ дұрыс жасай алады, бұл 
құбылыстарды философтар бейсаналық деп түсіндіреді. Айталық, музыкалық аспаптардың 
клавиштерін, пернесін ойланбай ақ дәл басады. Кӛшеде келе жатқан адам нешетүрлі ой 
ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, кӛшедегі жол сілтегішті 
байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар ӛмірде болып жатады. Адам оның бәріе санамен 
ойлап жатпайды. Кӛп нәрсе жаттықан, дағдыланған түрде жасалады.
Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рӛлі зор. «Адамды адам еткен 
– еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының ӛзі тікелей еңбек 
етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі 
жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, 
бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сӛз пайда болды. Айқын сӛз негізгі 
қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Адамның 
қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды. Туыстық жақын отбасылар бірігіп үлкен 
әулет құрады. Еңбек ету, қарым-қатынас барысында ұжымдар пайда болды. Ұжымдардан 
бірте-бірте коғам қалыптасты. Әрбір саналы адам — ӛзі ӛмір сүрген қоғамның толық мүшесі 
болып саналады. Қазіргі кезде ӛмір сүріп жатқан адамдардың дене бітімі, санасы толық 
қалыптасқан. Қазіргі кезде қалыпты анатомия ғылымында кемел адам (нормальный человек) 
деген ұғым бар. Дені сау адам қоғамдағы жауапкершілікті жақсы сезінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет