Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


-семинар  Семинар сабағының тақырыбы: Қиял туралы жалпы ұғым



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
10-семинар 
Семинар сабағының тақырыбы: Қиял туралы жалпы ұғым
 
Сабақтың жоспары: 
1.Қиялдың негізгі қызметтері мен қасиеттері
2.Қиял және шығармашылық 
3. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары. 
Сабақ мақсаты:
 
Ойлаудың жалпы сипаттамасынан мағлұмат беру. 
Ойлау - заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасын-дағы табиғи 
байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Адамның ойлау әрекеті 
барлық уақыттта сұрақтың пайда болуы-нан басталады. Адамның ойлау әрекеті мына 
кезеңдер арқылы ӛтеді: 
1.Сұрақ, есеп, проблеманың тууы; 
2.болжамдау; 
3.болжамды анализдеу; 
4.таңдалып алынған болжамның ақиқат екенін тексеру. 
Ойлау операциялары: 
-анализ, синтез, салыстыру, нақтылау, жалпылау, абстракциялау. 
Ойлау формалары: 
-ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ой қорытындысы былайша бӛлінеді: дедукция, индукция, 
аналогия. 
Ойлау түрлері: 
-кӛрнекті –амалды; нақтылы – бейнелі; абстракциялық-логикалық. 
Ақыл сапалары: 
-ақылдың кеңдігі, ақылдың жылдамдығы, ақылдың дербестігі, ақылдың икемділігі, ақылдың 
тереңдігі. 
Ойлау-қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі, тек ғана адамға тән ерекше 
күрделі танымдық психикалық үрдіс. 
Заттардың кӛптеген қасиеттерін адамдар сезім органдарының, яғни, кӛру, есту, сипап 
сезу, дәм және басқа сезімдердің кӛмегімен танып біледі. Бірақ елестетіп кӛрелікші, егер 


біздің дүние туралы барлық білімдеріміз тек заттарды түйсінумен және қабылдаумен 
тамамдалса, не болар еді, онда біз атомның құрылысын білмеген болар едік, себебі ол ӛте 
нәзік және біздің кӛзімізге кӛрінбейді, біздің құлағымыз естімейтін ультрадыбыстардың 
барлығы туралы білмеген болар едік, жерден күнге дейінгі қашықтықты (аралықты), 
жұлдыздардың температурасын және кӛптеген табиғаттың сырын білмеген болар едік. 
Бірақ бізге атомның құрылысы да, ультрадыбыстардың қасиеттері де, жұлдыздардың 
температурасы да және т.б. біздің қолымыз жетпейді, оларды біздің кӛзіміз кӛрмейді, 
құлағымыз естімейді. Демек, сезім органдарымен қатар бізге тікелей түйсіну мен қабылдауға 
мүмкін болмайтын салаларды ашып беретін танымның ерекше тәсілі бар. Бұл тәсіл-ойлау. 
Ойлау үрдісінің физиологиялық негізіне бас ми үлкен жартшыларының қыртысының 
күрделі анализдік-синтездік қызметі жатады. 
Бас ми қыртысында сыртқы, ішкі тітіркендіргіштерді анализдеу және синтездеу 
нәтижесінде уақытша жүйелік байланыстар немесе ассоциациялар ұйымдасады, олар ойлау 
үрдісінің физиологиялық негіздері болып табылады. 
Ойлау үрдісіне негізіне екі түрлі уақытша жүйкелік байланыстар жатады: бірінші және 
екінші сигналдар жүйелері. Бірінші сигнал жүйесі тітіркендіргіштерінің әсерімен пайда 
болатын уақытша байланыстар тікелей біздің түйсінулерімізбен, қабылдауларымызбен және 
қоршаған дүние туралы елестетулерімізбен байланысты. Бірақ ойлау тек бірінші сигнал 
жүйесіне негізделіп қоймайды, сонымен қатар негізінен екінші сигнал жүйесінің уақытша 
байланыстарына негізделеді. Екінші сигналдық жүйкелік байланыстар сӛздің кӛмегімен 
заттардың арасындағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Себебі сӛздер 
«сигналдардың сигналы» ретінде жалпылама тітіркендіргіштер болып табылады. Бірінші 
және екінші сигналдар жүйесінің ӛзара әрекетінде жетекші рӛлді екінші сигнал жүйесі 
атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет