Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


-семинар  Cеминар сабағының тақырыбы: Ес туралы жалпы ұғым



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
8-семинар 
Cеминар сабағының тақырыбы: Ес туралы жалпы ұғым 
Сабақ жоспары: 
1.
Естің типтері 
2.
Ырықсыз естің сипаттамасы 
3.
Есті зерттеу әдістері 
4.
Естің маңыздылығы 
Сабақ мақсаты:
Естің түрлері және формалары туралы түсінік беру. 
 
Ес дегеніміз 
бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарды есте сақтап, есте қалдырып, 
еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз. Ес түрлері 3 негізгі белгіге байланысты 
бӛлінеді: 
1. психикалық белсенділікке қарай: қозғалыс есі, сезімдік есі, бейнелі ес, сӛз-логикалық ес; 
2. мақсатқа қарай: ырықты ес, ырықсыз ес; 
3. материалдың есте қалу ұзақтығына қарай: қысқа мерзімдік ес, ұзақ мерзімдік ес, 
оперативтік ес. 
Ес процестері: 
есте қалдыру, қайта жаңғырту, еске сақтау, ұмыту. 
Ес теориялары:
психологиялық теория, физиологиялық, физикалық теория, 
биохимиялық теория. 
Естің түрлері:
Әрбір адамның есінің ӛзіндік ерекшеліктері болады. Естің даралық 
ерекшеліктері оның күшінен байқалады. Кейбір адамдар күшті есімен ерекшеленсе, ал енді 
біреулеріне әлсіз ес тән. Ес сапасыңда белгілі дара ерекшеліктері аңғарылады. Жеке 
тұлғаның іс-әрекетін сипаттайтын естің даралық ерекшеліктері жеке тұлғаның қасиеттері 
болып табылады. Адамдар әртүрлі материалды әртүрлі тәсілдермен есте калдырады. 
Біреулер суреттерді, адамдарды, заттарды, түстерді, дыбыстарды ерекше жақсы есте 
қалдырады. Бұлар кӛрнекілік - бейнелік түрдегі естің ӛкілдері болып табылады. Екінші бір 
адамдар ойларды, сӛздік ережелер, ми ұғымдары, формулаларды және т.б. есте жақсы 
қаддыруға бейім тұрады. Олар сӛздік-логикалық түрдегі естің ӛкілдеріне жатады. Үшінші 
топтағы адамдар кӛрнекілік-бейнелік және сӛздік-логикалық естерді бірдей жақсы ұстайды. 


Олардан басқа, есте қалдыру және қайта жаңғырту үрдісінде негізгі анализаторлардың 
қатысу дәрежесіне байланысты естің типтерін ажыратады. Осы тұрғыдан естің тӛмендегі 
түрлерін бӛледі: кӛру, есту, козғалыс және аралас естер (кӛру-есту, кӛру-қозғалыс және есту-
қозғалыс). Бір топтағы адамдар кӛрген заттар мен құбылыстарды есінде берік қалдырады
екінші топтағылар — естігенін ұмытпайды, үшіншілер — қозғалыс түйсіктерінің кӛмегімен, 
тӛртіншілері — аралас естің тәсілімен жақсы есте қалдырады. 
Мәселен, ұлы ӛнер адамдарының ішінде ес үрдісі күшті дамыған, есті қалдыруда 
ерекше дарындылық танытқан А.С.Пушкинге кез-келген басқаның ӛлеңін екі рет оқыса 
болды, жаттап алатын болған. Сол сияқты Моцарт та күрделі музыкалық шығармаларды бір-
екі рет тыңдаса жеткілікті есінде сақтайтын, одан кейін ӛте дәл жазып алатын болған. 
Орыстың кӛрнекті композиторы Балакиров та тамаша есімен ерекшеленген болатын. Ол да 
жастайынан симфониялық шығармаларды орындауда дарындылық танытты. 
Ес туралы теориялар 
Балаларда ес олардың ӛмірінің алғашқы күңдерінен бастап дамиды. Естің дамуы тәрбие 
үрдісінде дамып келе жатқан жүйке жүйесінің негізінде, іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде 
(ойын, оқу, еңбек) іске асады. Ес оқытудың негізгі шарты болып табылады, сонымен катар 
естің ӛзі негізінен оқыту және тәрбие үрдісінде дамиды. Бала ӛмірінің алғашқы айларында 
есте қалдыру механикалық түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс - ассоциациялық 
ес байқалады. Ол туралы баланың қозғалысы бойынша түйіндеуге болады. Мысалы, баланы 
бір-бір жарым айлық кезінде емізу үшін қолға алғанда, әлі де анасының омырауына аузы 
тиместен сәби сору козғалыстарын жасай бастайды. Шетел психологиясында балалар тек 
сәбилік кезеңде ғана емес, жалпы 7-8 жасқа дейін есте қалдыруы тек қана механикалық, ал 
логикалық есті үлкендер меңгереді деген кӛзқарас кең тараған. Бұл кӛзқарас әруақытта біз 
бақылап отырған шындықпен, деректермен толық қарама-қайшылықта екендігін атап ӛткен 
жӛн. Деректер кӛрсеткендей, балаларда ойлауы мен тілі бірге дамуымен мағыналық есте 
сақтау қалыптаса бастайды.
 
Естің негізгі механизмдері мен процестері. 
Ес механизмі туралы нейрофизиологиялық 
болжам ми нейтрондары бойларынан нервтік импульс ӛтетін жабық тізбектер құрайды, онда 
миға келіп түскен және онда ӛңделуден ӛткен ақпарат сақталады. Нервтік импульстің 
қайталап ӛтуі синапстардың (екі нерв клеткасының немесе олардың тармақтарының түйіскен 
жері) құрылымын ӛзгеріске ұшыратады. Нерв импульстерінің тасқыны қайталанса, процесс 
әлдеқайда жеңіл болады. Импульс қызметі ұзаққа созылғанда синапстар қызметі күшейе 
түседі, бұл олардың құрылымына әсер етеді. Оқыту процесі ми қыртысының физикалық 
және химиялық күйіне әсер етеді, ол іздердің ми қыртысында бірлесіп нығаюына алып 
келеді.
 
Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске 
түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
 
Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. 
Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте, сақталып, қайта 
жаңғырғаны естің мазмұны болып сақталады. Адам ӛзінің, басқалардың ойы мен бастан 
кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сӛз арқылы қайта жаңғыртады.
 
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам 
тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның ӛмір тәжірибесін байытады. 
Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып 
қояр еді. Ӛмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес 
осы заманғы психология ғылымының даму сатысында ӛзекті мәселенің бірі болып 
саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы 
психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған — есте 
қалдырудың механизімі туралы мәселелер.
 
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып 
есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттейлер мен кӛзқарастар кӛптеген бағыттарға және 
теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның 


белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бір сыпыра теориялар (бұлар ӛзгелерінен гӛрі 
басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың 
белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп 
санайды. Мұндай кӛзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндегі анық.
 
Психологиялық тұрғыдағы кӛзқарастар тобы – ассоцияциялық (байланысты) бағыт делінсе 
де, оның негізгі мәселесі мен ӛзекті ұғымы – ассоцияциялық байланыстар. Осы байланыстар 
психикалық міндетті түрде жасалу принцпі болып саналады. Сӛйтіп, екі түрлі елес пен 
әсерлену санада бір мезгілде бой кӛрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға 
байланысты пайда болып отыратын мынадай үш типке бӛлінеді: а) әсерленген объектінің 
кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі; ә) ӛзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы 
мен қарама – қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының ӛзара қатынасынан 
ассоцияциялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар ( мысалы: 
түс (реңк) – сары). 2. ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. қарама-қарсылық 
ассоциациялар (ақ – қара; ұзын – қысқа т.б.). Мұндай ассоциациялық принцптерді тұңғыш 
рет зерттеп, оларды тұжырымдаған – ертедегі грек философы Аристотель (б. З. Д. 384-
322жж.). Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс 
теориясымен түсіндіріп, ми қабығында екі екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда 
болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекітіп отыратын уақытша байланыстар деп 
анықтайды. Бұл ілім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет