Семинар тақырыбы: Қосымшалардың мағыналық түрлері



Дата20.02.2023
өлшемі18,46 Kb.
#69490
түріСеминар

Семинар тақырыбы:
Қосымшалардың мағыналық түрлері.
Көптік, тәуелдік жалғауларының ерекшеліктері


Қарастырылатын сұрақтар:

  • Бір мағыналы және көп мағыналы (полисемиялы) қосымшалар.

  • Синоним, антоним қосымшалар.

  • Омоним қосымшалар.

  • Функциялы қосымшалар

  • Қосымшалардың құрамдық сипаты.

  • Жалғаулардың өзіндік ерекшеліктері.

  • Жалғаулардың түрлері.

  • Көптік жалғау және көптік (сан) категориясы.

  • Көптік жалғаудың жалғаулар жүйесінен алатын орны, сөз байланыстыруға қатысы.

  • Тәуелдік-иелік ұғымның берілуі.

  • Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.

  • Тәуелдік және жақтық мағына.

  • Тәуелідк жалғаудың нөлдік тұлғада қолданылуы.

  • Ортақ және оңаша тәуелдеу.

Тапсырмалар:


1-тапсырма. Қосымшаларды беретін мағынасына қарай ажыратып көрсетіңіз
1. Сөзжасамдық (лексикалық) мағына
2.Лексика-грамматикалық мағына
3.Грамматикалық мағына
4. Контекстік лексика-грамматикалық мағына
2-тапсырма. Сызбаны толтырыңыз:

Көптік категориясының грамматикалық формалары




синтетикалық
семантикалық
аналитикалық
3-тапсырма. Антоним қосымшалар. Мақал-мәтелдерден антоним қосымшаларды ажыратыңыз.
1.Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
2.Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар
3.Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.
4.Берген жомарт емес, алған жомарт.
5.Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, Тілімнен сүріндірме.


4-тапсырма. Омоним қосымшалар. Төмендегі мақал-мәтелдерден –ды, -ді, -ты, -ті қосымшаларының мағыналары мен қызметтерін айқындай отырып, қандай қосымша екенін көрсетіңіз.
1.Талапты ерге нұр жауар.
2.Аяғы жаман төрді былғар. Аузы жаман елді былғар.
3.Ылдисыз өр болмайды.
4.Жонмен барып, Саймен қайттық.
Жердің үстімен барып, Астымен қайттық.
5.Жақсыны жамандаса аруағы тасады, Жаманды жамандаса құты қашады.


5-тапсырма. Синонимдес қосымшалар. Синонимдес қосымшаларды топтастырып жазыңыздар.
Ашуланшақ, сөзшіл, аяншақ, сезімтал, ұрыншақ, тепкіш, ашуланғыш, сөйлегіш, сезгіш, ұрынғыш, сөзуар, тебеген, аяғыш, сөзшең.


6-тапсырма. Функциялық қосымшалар. Сөйлемдерден функциялық қосымшаларды тауып, сөзжасам қосымшаларынан айырмашылығын көрсетіңіз.
1.Ел сүйгендей досың болсын, Жер сүйгендей қасың болсын (мақал).
2.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл (мақал).
3.Ол оқымаған болса да, байымдағыш, жүйрік көкірегімен өзінің досын мақұл көрген-ді (М.Әуезов).
4.Ауылға болсын, жылқышысы ояу жүрген жылқыға болсын, жақындап тұрып, кірмеңдеп, қадалып келгенде, көбінесе-ақ көрінбей, орайын тауып кіріп кеткіш. (М.Әуезов)


7-тапсырма. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, мағынасын көрсетіңіз


Қазыбек бидің батасы
Өркенім өссін десең,
кекшіл болма –
кесапаты тиер еліңе!
Елім өссін десең,
өршіл болма –
өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет