Семинар топтамасы



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#6101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 М.Р.Абдинабиева,   М.С   Галеева,   А.Ш.   Ибрагимова,   М.С.Байзакова,

А.А.Ерназарова,     Т.Ю.   Прима,   Г.Ц.Өскенбаева,   И.Ш.  Дадажанова,     Э.М.Дуйсенбаева,   Г.Б   Кенжеғұл,

З.И.Турсунбаева,   Р.Х.Мухашева,       А.Д.Мырзагалиева,   Ш.К.Тайтенова,   К.К.Ережепова,   Г.Б.Еділбаева,

А.Д.Неметова,

 

А.А.Алёхина,



 

Д.А.Балтабаева,

 

А.Н.Сырлыбаева,



 

Р.И.Мухтарова,

М.А.Хансеитова,У.И.Жумадуллаева,   С.Ш.Атаханова,   М.А.Сапарбаева,   К.Н.Расулов,   В.С.Абдураимова,

Б.К.Сабден,   Ж.И.Молданова,   Г.Б.Еділбаева,   Б.Б.Рахматуллаева,   Н.Шимпулатова,   Н.С.Ибадуллаева,

А.С.Бижанова, Ш.Р.Валиева, З.Ертаева, Н.С.Калтаева, А. Бекенова т.б. мұғалімдер шығармашылықпен еңбек

атқаруда. 

“Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Сонда толық боласың елден ерек,”-

демей ме, Абай атамыз, әр бала өз жүрегінің қалауымен ұстазды қабылдауы, оқушыға әсер ететіндей ұстаздың

жеке   басының   мәдениеттілігі,   сабырлы,   салмақтылық   жеке   қарым-қатынас   кезінде   инабаттылық,   әдептілік,

мейірімділік қасиеттері болу керек. Ұстаздың бойындағы жақсы қасиеттердің оқушыға берілуі, кез-келген пәнді

оқытудағы ұйымдастырушылық қабілетімен тығыз байланысты. Мәңгілік білім алу үрдісінің енгізілуі ежелден

келе жатқан ата-баба мұраты мен аманаты екендігінде дау жоқ. Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,

М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев сынды аталарымыздың армандап кеткен заманы- біз өмір сүріп

отырған ғасырдағы қоғам. Сол аталарымыздың аманатын, білім саласындағы ағартушы қызметкерлер дұрыс

орындап жүрміз деп ойлаймын. “Мен Жастарға сенемін! Алаш атын аспанға, шығарар олар бір таңда…” деп,

Мағжан ақын жырлағандай, Болашағымызға сеніммен қарайық, әріптестер!

Қанатының   астына   қаншама   ұлт   пен   ұлысты   баураған   ғасыр   жасаған   киелі   білім   ордасы   –   Некрасов

атындағы  №9 мектеп-гимназия өз қызметін жалғастыра бермек. Осындай мақсат қойған терең тарихы бар ХХІ

ғасыр   мектебі   –   ұлттық   рухымызды   биік   ұстайтын,   білім   кеңістігінде   өзіндік   орны   бар   киелі   шаңырақ   –

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия  келбетінің  бүгінгісі – айқын, болашағы жарқын.



Өтебаева  Несіпкүл Мейманханқызы,

“Ы.Алтынсарин” төсбелгісінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы  № 9мектеп-гимназияның мұғалімі

8  


ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

Түркістан қаласы,  Некрасов атындағы  № 9 мектеп – гимназия директорының

 тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жорықбаева Саулекүл 

«Тәртіпке бас иген құл болмас» деген Бауыржан Момышұлының ғибратқа толы сөзінің мәні мен мағынасы

тереңде жатқан ақиқат. Ендеше, осы ақиқаттың шындығын күнделікті өмір тұрмысына айналдыра білген, біз

яғни ұстаздар қауымы қашанда бала болашағының қалқаны болуға әзірміз. Болашақ жас ұрпақтың қолында

болғандықтан, кемелі келешекке білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстазға парыз. Бағы мен бабы келіскен, білім мен

тәртіп теңескен заманда, ұрпақтың алдында бір ғана жол бар. Ол – еңселі елінің егемендігін арттырып, елім деп

еміреніп, жұртым деп жұмыла еңбек ету. Міне, сонда ғана ұстаз еңбегінің өтелгендігі. Әрине, мұның бәрі тілге

жеңіл тигенімен іске келгенде едәуір еңбекті талап етеді. Еңбегіміздің бастауын, білім бұлағы кітапқа бас идіру,

қоғамдық жұмысқа ынталандыру, армандай білуге үйрету, өмірге деген ерекше құлшынысын арттыру. Міне,

мызғымас тәртіпті осылардан бастаймыз.

Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білген шәкірттерімізді көргенде сүйсініп қаламыз. Алайда, бес саусақ

қашанда бірдей болмайтынын ескерген жөн. Тәртіпті теңдей тізгіндеу мүмкін емес. Ол үшін үйдегі ата – ана да

бірлесе атсалысса жөн. Мектеп жасындағы бала тәрбиесін тек қана ұстаздарға арта салу үлкен қателік. Тәрбие

әуелі  анасының ақ  сүтімен, әкесінің мейірбандығымен  келеді. Сонан  соң барып, ұстазға бағытталған білім

тәрбиесі.

Мектеп   қабырғасындағы   балалардың   тәртібі   алуан   түрлі.   Мәселен,   бастауыш   сынып   бүлдіршіндері

ұстазының сөзін заңдай қабылдаса, жоғарғы сынып оқушыларымен мінез құлқына орай жұмыс жасауға тура

келеді. Өтпелі кезеңнін қызығушылығы алаңдата бастағанда ата – анамен бірлесіп, тіпті қоғамдық орта болып

қызмет еткен жөн. Бұл сөзімді «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген нақыл сөз дәлелдей

түсер деген ойдамын.

Сонымен, баланың мектеп табалдырығын аттап, өмірге деген қызығушылығы оянады, білім алады, жоғарғы

сыныпқа  өтеді  және  балалық  шақтан  болашаққа  қадам басар  сәті  де жетеді. Осы  кезең  ең  жауапты  меже.

Себебі, елдің тұқасын ұстар жеткіншектер өсіп келеді. Белгілі бір маман болуға ұмтылады. Міне, бұл баланың

мақсатты болашағы.

Ұрпақ   тәрбиесі   –   келешек   қоғам   тәрбиесі.   Сол   келешек   қоғам   иелерін   жан   –   жақты   жетілген,   ақыл   –

парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісін озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ертеңгі

ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары. Ұрпақ тәрбиесін қай заманда болмасын, бірінші орынға

қойған   Елбасы   Н.Ә.Назарбаев   білім   мен   ғылым   қызметкерлерінің   ІІ   съезінде   «Болашақта   еңбек   етіп,   өмір

сүретін   де   бүгінгі   мектеп   оқушылары.   Мұғалім   оларды   қалай   тәрбиелесе   Қазақстан   сол   деңгейде   болады.

Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Сондықтан да мектеп білім ошағы, тәрбие ордасы.

Қазіргі таңда мектепте сапалы білім мен тәрбие беруге жаңаша көзқарастар қалыптасып, үлкен көңіл бөлінуде.

Адамгершілік тәрбие құралы – еңбек пен ата – ана үлгісі. Сондықтан оқушының бойына жастайынан ізгілік,

мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде

отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. 



Ендеше, рухы кемел, мақсаты биік, арманы асқақ ұрпақты бірге тәрбиелейік. 

ПАЙДА МА ӘЛДЕ АЙЛА МА?

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп – гимназия директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наурызбаева Гульмира Муратовна

Заманың түлкі болса тазы боп шал, демекші ауырдың астымен жеңілдің үстімен жүретін заман ба деймін

кейде мен. Еңбексіз ақы, тер төгілмей келген несібе. Құмар ойындары қалайша нәсіп болмақ? Шариғаттың

өзінде өсіммен ақы табу күнә еді. Бірақ, бүгіннің пендесі алтын көріп жолдан тайып жүр емес па? Айтпағым

букмекерлік кеңселер жайлы еді...

Букмекерлік кәсіп сонау Рим империясы тұсында пайда болған. Алғашында «Ставка» тек ат жарысында

ғана   қабылданатын.   Кейін   оған   қораздар   төбелесі   қосылды.   Ал   XIX   ғасырдан   бастап   спорттың   кез-келген

түріне бәс тігіле беретін болды. Тұңғыш букмекерлік орталық Ұлыбританияда пайда болған. Ал бүгінде бұл

кәсіптен   нәсіп   тауып   жүргендердің   қатары   көбейіп   келеді.   Бұрынырақта   букмекерлік   кеңсе   дегенді   тек

шетелдік   фильмдерден   ғана   көретінбіз,   ал   бүгінде   оны   білмейтін   жан   жоқ   десек   те   болады.   Қазақстанға

букмекерлік кеңселер осыдан он жыл бұрын келе бастады. Құмар ойынның түрі алдымен Алматыға тұрақтап,

кейіннен Астананың төріне де шықты.

Осындай мәселе бойынша мәжіліс депутаттарының   маңызды тақырыбы болып талқыланған. Пікір екіге

бөлінді.   Тұрсынбек   Өмірзаков   бастаған   бірқатар       депутаттар   букмекерлік     кеңселердің   қызметін   кұмар

ойындарына   жатқызып,   тыйым   салуын   көздеген.   Ал   спорт   мамандары,   үлкен   спорттық   додалардың

жанкүйерлері бас қосатын букмекерлік кеңсені құмар ойынға жатқызуға қарсы. Десек те жасөспірімдер үшін

өте қауіпті дертпен тең құмар ойындары бала болашағы үшін ата-ананы алаңдатпай қоймасы анық.

9  


Біріншіден,   баланы   еңбексіз   ақы   тауып   жалқаулыққа   тәрбиелесе,   шынайы   өмірдің   не   екенін   сезінбей

санасын  қиял-ғажайып  бейнелер  шырмап, білімін    таяздатады. Еңбекпен  тапқан  ақшаңыз өсімқұмарлардың

қолында, балаңыз құмарлықтың жолында кетпесіне кім кепіл?

Бұл   әртүрлі   оқиғаларға   спорт,   саясат,   шоубизнес   т.б   бәстігетін   орын,   букмекерлік   кеңселерде   көбінесе

спорттық ойындарға бәс тігіледі, саяси және басқа оқиғаларға оқта - текте ставка қабылдайды. Бәс тігудің түрі

көп. Бір ғана оқиғаға және бәс тігуге де немесе бірнеше оқиғаны бір ставкаға да біріктіріп қоюғада болады. Бәс

тігетіндердің арасында соңғысы үлкен сұранысқа ие. Оны экспресс-ставка деп атайды екен, мұндай ставка

түрінде көп ақша ұтып алу мүмкіндігі жоғары, бірақ таңдап алған оқиғаларыңыздың біреуі сәйкес келмей қалса

бүкіл ставкаңыз ұтылған болып есептеледі. Әуелі уақытыңыздан ұтыласыз әрі ой өрісіңізде сенімсіздік пайда

болады. Жалпы айтқанда психологиялық дағдарысқа ұшырайсыз.

Бәс қабылдаудың  ең төменгі межесін көптеген букмекерлік кеңселер 100 теңге көлемінде белгілеген, ал

қомақты   ақша   тігем   дегендерге   шектеу   жоқ.   Әйтсе   де   кейбір   кеңселер   аса   көп   көлемдегі   ұтысты   толық

төлемеуге де құқылы екен. Мұндай оқиғалар Алматы қаласында тіркелген және арты даудамауға да ұласып

жатады.   Қазіргі   таңда   Алматыда   тұтынушылардың   саны   жөнінен   Олимп   букмекерлік   кеңсесі   алда   екеніне

ешкімнің дауы  жоқ. Букмекерлік  кеңседе  алғашқыда  ерлер ғана ойнаса  қазіргі  таңда мұнда қыздар да бұл

орталыққа асығып тұрады. Әсіресе жасөспірімдерді тартатын құмар ойындарын тоқтату мүмкін болмай тұр

әзірге.   Букмекерлік   кеңселердің   қызметін   құмар   ойындарына   жатқызуға   болама?   деген   сауалға   қоғам

қайраткері Ерасыл Әбілқасымов былай дейді: «Бұл сұрақ өте орынды болып отыр. Шынын айтқанда қазіргі

таңда игромания деген ұғым пайдаболған. Түрлі ойын автоматтары халықты алдап қалтасын   қағып санасын

улап жатыр. Сондықтан оны қалай да құмар ойындарына жатқызуға тиіспіз.»

Белгілі   спорт   журналисті,   жазушы   Несіп   Жүпіспайұлы   «Жоқ,   букмекерлік   кеңселердің   қызметі   құмар

ойындарының қатарына жатпайды. Себебі  ол жерде білім, логика сынға түседі. Ол казино секілді  ақшаны

ортаға тастап карта ашылса ақша ұта беретін ойын емес, онда терең білімің болуы керек,бұл еңбекпен жететін

жетістік.»

Ал,   заң   ғылымдарының   докторы,   профессор   Өмірәлі   Көпбаев   бейтарап   пікірде   «Букмекерлік   кеңселер

әлемнің   көптеген   елдерінде   қолданыста   бар.   Сондықтан   оны   жаппай   жауып   тастап   немесе   қала   шетіне

көшіргеннен  гөрі  оған  баратын  адамдардың  жасына,және  тігілетін бәсті  анықтап  тұрақтату қажет. Әйтпесе

адамдардың еркіне шектеу жоқ.»

Міне, біреуі жақтаса біреуі даттайды, келесісі өгізді де өлтірмей арбаны да сындырмауды көздейді. Ал сіз

қалай ойлайсыз?



ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

БОЛАШАҚТАҒЫ САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Түркістан қаласы, Некрасов  атындағы № 9 мектеп-гимназияның 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Ә. Сейтмұрат

Білім, дағды,  іскерліктің  қалыптасуының  бастамасы–бастауыш   саты.  Келешекте  арнаулы   мамандықтарға

талпынудың   іргетасы   да   осы   бастауыштан   басталмақ.   Жас   бүлдіршіндердің   ой-қиялын   біліммен

нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетін–ұстаз шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді ұлағатты

тәрбиемен ұштастыруды қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінің өзіндік орны ерекше. 

Алға қойылған мақсат – 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму

деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге

көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу болып табылады.  

XXI     ғасыр   мектебі     жедел   өзгеріп   жатқан   заманға   бейімделуге   мүмкіндік   беретін   түбегейлі   өзгерістер

енгізуді,     өз   кәсіби   шығармашылығымызды   шыңдауды   талап   етеді.   Ойы   жүйрік,   ақылы   жетік,   бәсекеге

қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог  қалыптастырады. Бастауыш сынып

пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап

зерттей   білуді   талап   етеді.   Негізінен   жаңартылған   білім   жүйесі   құзыреттілікке   және   сапаға   бағытталған

бағдарлама.   Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы  – оқушы   тұлғасының   үйлесімді  қолайлы білім беру

ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану,

коммуникативті   қарым-қатынасқа   түсу,   жеке,   жұппен,   топта   жұмыс   жасай   білу,   функционалды

сауаттылықты,шы-    ғармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту

әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында

ұғындық.   Жаңартылған   білім   беру   бағдарламасының   ерекшелігі   спиральді   қағидатпен   берілуі.   Оған   оқу

мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Бағдарлама   оқушының   төрт   тілдік   дағдысын:   тыңдалым,   айтылым,   оқылым,   жазылым   жетілдіруге

бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз

байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та

күрделене түседі. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі

заманда   елдің   бәсекеге   қабілеттілігі   оның   азаматтарының   парасаттылығымен   анықталады,   сондықтан   білім

10  


беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –

өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім

берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді

қуантады. Бұл бағдарламаның маңыздылығы да осында.

Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның

басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл - зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып

табылуда. Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету

қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.

Елбасымыз   Н.А.   Назарбаев   «Дамыған,бәсекеге   қабілетті   мемлекет   болу   үшін,   біз   жоғары   білімді   ұлт

болуымыз керек» дей келе, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп

отыр.К.Ушинский:   «Мұғалім   -   өзінің   білімін     үздіксіз   көтеріп   отырғанда   ғана   мұғалім,   ал   оқуды,   ізденуді

тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады»,  - деген екен. Бүгінгі күн- білім беру мазмұнына, оқушы мен

педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың  түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл

жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация»

атты   үштік   үстемдік   құратын   жоғары   индустриялық   әлемге   қарай   бағыт   алып   барамыз»,   -   деген   еді.

Қазақстанның   әлемдік   үрдістерге   кіруі,   дамыған   елдердің   стандарттарына   деген   ұмтылысы   білім   беру

жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің

функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді.

Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім

мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Білім беру әдісі өзгереді, білім

беру   мазмұны   жаңарып,   жаңа   көзқарас,   жаңаша   қарым-қатынас   пайда   болады.   Жаңартылған   Бағдарлама

жаңашыл  ой   тудырды.  Себебі   әр  жаңашылдық, біріншіден, стандартты  іске  асыруда  мұғалімнен   кәсібилік,

екіншіден, одан әрі сапалы нәтиже алу мақсатында жігерлі іс-әрекеттерді талап етеді.Мектептегі білім беру

мазмұнын   жаңартудағы   мұғалімнің   атқаратын   маңызды   рөлін   ескере   отырып,   педагог   қызметкерлерінің

біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылды.

Орта   білім   жүйесінде   жалпы   білім   беретін   мектептерді   Назарбаев   зияткерлік   мектептеріндегі   оқыту

деңгейіне  жеткізу керек.  Мектеп   түлектері   қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін   білуге  тиіс.  Оларды  оқыту

нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдап,машығын игеруі тиіс» деп

атап   көрсеткеніндей,   қазіргі   таңда   елімізде   жаппай   білім   беру   мазмұны   жаңғыртылуда.     Білім   мазмұнын

жаңғырту   –   сапалы   білім,   жарқын   болашаққа   негізделген.   Қазақстан   Республикасының   Президенті

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім

жүйесінде   жалпы  білім  беретін  мектептерді   Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу

керек.   Қазақстан   2050   стратегиялық   бағдарламасы   білім   берудің   ұлттық   моделінің   қалыптасуымен   және

Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ

тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда

жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың  тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде

қолдану-заман   талабы   болып   отыр.   Білім   беру   бағдарламасының   негізгі   мақсаты-білім   мазмұнының

жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын

қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қорыта   айтқанда,   аталмыш   бағдарламаның   мәні,   баланың   функционалды   сауаттылығын   қалыптастыру.

Оқушы   өзінің   мектеп   қабырғасында   алған   білімін   өмірінде   қажетке   асыра   білуі   керек.   Сол   үшін   де   бұл

бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.

Оқушылардың   бойына   ХХІ   ғасырда   өмірдің   барлық   салаларында   табысты  болу  үшін,   қажетті   дағдыларды

дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. 

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін,

өз   мамандығын   шексіз   сүйетін,   бала   үшін   ұстаз   ғұмырын   құдіретті   деп   санайтын   білімді   мұғалімдер   ғана

жұмыс істей алады.

Жаңартылған   оқу  бағдарламасы   аясында   тек   өз   пәнін,   өз   мамандығын   шексіз   сүйетін,   бала   үшін   ұстаз

ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай

келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Аталған білім беру бағдарламасы туралы

түсінгенім мен ұғынғаным мол. 



Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ», 17.01.2014 ж.

2. «Білім технологиялары» № 3, 2016 ж.

3. Аймішова Гүлшаһар Мұратбайқызы. № 266 мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі. 

Деңгейлік курстар-жаңартылған білім беру мазмұнының болашағы.

11  


1916    ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНЕ 100 ЖЫЛ

Түркістан қаласы, Некрасов № 9 мектеп-гимназияның 

тарих пәні мұғалімі Ұлбосын Адилбекова Пиримхановна 

             

   ХVІІІ-ХХ ғасырларда қазақ даласында ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары

болды. Ұлт -азаттық қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған қазақ халқының

тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері.Биыл  2016 жылы тәуелсіз Қазақстанның

тарихында орны айрықша 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толады.

  1916   жылғы   ұлт-азаттық    

көтерілістің

  шығу   себебі   әлеуметтік-экономикалық   және   саяси   сипаттағы

факторлар еді, яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты

және   т.б.   көтерілістің   басталуына   патшаның   1916   ж.  25   маусымда  армияның   қара   жұмысына  түркістан

өлкесінің  және ішінара  Сібірдің  19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі

болды.   Қазақстандағы   бұл   қозғалыс   көпшілік   аудандарында   ұлт–азаттық   сипатта   болып,   патша   өкіметіне,

отаршылдыққа,   империалстік   соғысқа   және   жергілікті   жерлерде   патша   өкіметінің   сүйеніш   болып   отырған

феодал – байларға қарсы бағытталды. Шындығында , өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-

күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Ресей

империясының   езгісіне   қарсы   жойқын   күреске   шықты.   Қозғалысты   еңбекші   халықтың   өкілдері   басқарды.

Торғай   даласында   қазақ   жастарын   Әліби   Жангелдин   мен   Амангелді   Иманов,   Орал   облысы   мен   Бөкей

ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда  – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында -

Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.

Ұлт-азаттық  қозғалыс  көсемдері  қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды. 1916 жылғы ұлт-

азаттық көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық  тарихында аса көрнекті орын алады. 

Бұл   тақырыпқа   кезінде   ұлттық   әдебиетіміздің   классиктері   –   Мұхтар   Әуезов,   Ғабит   Мүсірепов,   Сәбит

Мұқановтар   қалам   тартып,   «Амангелді»,   «Ботагөз»,   «Қилы   заман»,   тәрізді   іргелі   шырғармалар   жазылған.

әсіресе он алтыншы жылғы қанды қырғынның ащы шындығын қаз-қалпы көркем суреттеп, аспантау өңірінің ең

бір шұрайлы, сұлу жайлауы Қарқарадағы халық көтерілісін жазғаны үшін Мұхтар Әуезовтің екі жыл түрмеде

отырғаны, авторымен қоса әлемдік әдебиетке олжа болып қосылған « Қилы заман» повесінің де «сотталып»,

оқуға тиым салынғаны – тұрлаулы тарихтың жадында.

  «Көп   еңбекпен   жарыққа   шыққан   осы   бір   дүниелерді   ой   елегімен   сүзбелеп   отырғанда,   сол   кездегі   патша

жарлығының қаһарының қатты болғанын, өрімдей бозбалаларды қойдай көгендеп, қиян-кескі ұрыстарға салу

үшін   солдатқа   алмақ   болу   және   қара   жұмысқа   салу   екендігі   халықтың   қаны   мен   ашу-ызасын   қазандай

қайнатып-ақ жібереді. сонда жұдырықтай жұмылған қара халық:

–   Баласы   мен   туысынан   безген   адам   жоқ.   көген   көздерді   жапан   далада   өлтіріп,   қарға-құзғынға   жем   қыла

алмаймыз.  соры   қайнаса  боздақтарынан  айырылған,  қолбасынан   айырылған  ата-аналардың  соры   қайнайды.

патшаның несі кетеді! қырылса, біздің балаларымыз қырылады. ақ патша әділеттен тайды. оның ойраншыл

жарлығын орындамаймыз. сондықтан бала бермейміз! – деп жалтармас жауабын кесіп-пішіп, бір-ақ айтады.

Дәл  осы  тарихи  кезеңде  қазақ   халқы адам   төзгісіз   қиыншылықтарды  басынан  кешірді   тіпті   қазақ   халқына

құрып кету қауіпі төнді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жантүршіктірерлік қанқұйлығымен тайға таңба

басқандай  болып, аласапыранның ақтаңдақ беттері ретінде қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет