Семинар топтамасы


БИОЛОГИЯ  КУРСЫ  БОЙЫНША  МЕКТЕПТЕГІ  ТАНЫМ  ЖОРЫҚ



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#6101
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

БИОЛОГИЯ  КУРСЫ  БОЙЫНША  МЕКТЕПТЕГІ  ТАНЫМ  ЖОРЫҚ 

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

Түркістан қаласы,  Н.А. Некрасов атындағы  № 9 мектеп-гимназияның 

биология  пәнінің мұғалімі А.Ж.Кұлжаев

Биология курсы бойынша оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында сыныптан тыс жұмыстардың

ішінде таным  жорық пен экологиялық соқпақтың өзіндік орны бар.

Танымжорық   оқушыларға   табиғатқа   жауапкершілік   сезімін,   дүниетанымын,   көзқарасын   қалыптастырып,

табиғаттың   даму   заңдарын   жеңіл   тұрде   ұғындырумен   қатар,   идеялық   тәрбие   жұмысының   біршама   дербес

формасы,   ол   адамның   рухани   байлықты   игеруіне   көмегін   тигізеді   және   көздеген   мақсатына   жету   үшін

қолданылатын көмекші иллюстрациялық құрал рөлін атқарады.

Танымжорықтың негізгі нысанасы - табиғат құрам бөліктері - орман, тоғай, дала, су қоймалары, көл, теңіз,

тау шындары, тау, бақтар, саяжай және т.б.   Танымжорық әлеуметтік,  эстетикалық,  этикалық,  адамгершілік,

дене   шынықтыру,    еңбекке   баулу,  экономикалық  және экологиялық  тәрбие берумен  қатар оқушылардың

белгілі бір пәннен сабақ үрдісінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді [1].

Әсіресе, төменгі сынып оқушыларының табиғат туралы ұғым түсініктері әр уақытта нақтылы нысаналарға

сүйенеді. Я. А. Каменскийдің пікірі бойынша «адам  баласы мүмкіндігінше білімді кітаптан емес, аспаннан,

жерден,   еменнен,   үйеңкіден   білетін   болуы   керек.   Заттар   туралы   бөгде   біреулердің   байқаулары   мен

куәләндіруінен емес, тікелей заттың өзінен үйренетін болуы тиіс». Мұндай нақты нысанаға сүйене отырып,

табиғат құбылыстарын оқушыларға жеңіл тұрде ұғындырудың мәні зор. Айналадағы табиғатқа көз салмайтын,

оның   ерекшеленген   құбылыстарына   таңданып   қарамайтын   бірде   бір   бала   жоқ.   Бірақ   оқушылардың   бұл

алғашқы   қабылдауы,   таңданып   қарауы,   көзіне   түскен   заттардың   бәрінің   сырын   білгісі   келіп   құмартуы,

мақсатсыз құр қызығудан тұрады. Оқушылардың алғашқы қызығуын дамытуды, оны саналы тұрде бақылауға

айналдыруды,   табиғаттың   құпия   сырын   ашып,   зерттеуге,   үйретуге   айналадағы   ортаға   жасалған

танымжорықтың маңызы зор.

Адамның білім мен тәрбие алудың өн бойында бала-бақшадан жоғары оқу орнына дейін - экологиялық білім

беру мәселесі бірінші орынға қойылуы қажет. Табиғатқа қамқор сезіммен қарайтын адамды тек осылай ғана

тәрбиелеп шығаруға болады",-деген. Қазіргі уақытта экологиялық білім берудің баршаға ортақ және үздіксіз

жүйесінің қүрылуы педагогтар алдына міндет етіп қойылды. Бұл міндет білім беру бағдарламасында бекітілген.

Жаңа заман ой-пікірінің қалыптасу ерекшелігі мынада: ТМД елдерінде және біздің республикамызда экология

мәселесіне   аударылған   назар   басқа   елдегіден   кем   емес.   А.Яблоковтың   жағдайы   басқа   дамыған   елдердің

шамына тиюде. Олар  бұл  мәселені барлық өркениетті әлемге жасалған үндеу ретінде түсінді. "Бұл жағдайды

үлкен   коммуналды  пәтердің   тұрғындары  жалғыз   бөлменің   иесіне  қарсы  шыққан   ситуациямен   салыстырған

болады. Қазір бұл "бөлменің" иесі біз сияқтымыз [2,3].

Бұның   бір   себебі   адамдардың   кішкентай   кезінен   бастап   экологиялық   тәрбие   алмауында,   тұрғындардың

экологияльщ сауаттьшық тұрғысынан артта қалуында. Қоршаған табиғи ортаға деген жауапкершілік қарым-

қатынас тәрбиесінің мәселесі соңғы кезде бастауыш сынып оқытушылары мен оқу жүмысы методистерінің

назарын аударуда.

Биологиялық білім берудің мэні неде? Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауына қандай экологиялық

ұғымдар тән? Оқушының экологиялық мәдениетінің элементі больш табылатын табиғатқа деген қамқор сезімді

тәрбиелеудің   ерекшелігі   неде?   Қандай   методикалық   шарттар   қолданғанда   бұл   мәселе   ең   үлкен   педагогтік

эффект   береді?   Жаңа   бағдарламаларда   бастауыш   сынып   оқушыларының   қоршаған   ортаны   қорғау   туралы

білімін кеңейту аспектісі бекітілген, бұл жағын дамытудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздеуге бағыттайды.

Осыған байланысты, оқу-тәрбие жұмысының, оның ішінде бастауыш білім беру жүйесін тұтасынан жаңарту

қажеттігі туады, бұл табиғатты рацианальды түрде пайдалануға, қоршаған ортамен  тепе-тең қарым-қатынас

орнатуға бейім адамдарды тәрбиелеп, оқыту мүмкіндігін береді.

Биологиялық оқу-тәрбие жұмысы педагогиканың жеке бағыты ретінде көптеген елдерде тек 80-жылдардың

басында   қалыптасты.   Экологияға   байланысты   педагогикалық   ой-пікірлер   халықаралық   құжаттарының

қатарында   көрініс   тапты.   Қоршаған   ортаны   қорғау   мәселесі   бірінші   бүкіл   элемдік   бейбітшілік   күштерінің

конгресінде   талқыланды.   Биологиялық   білім   беруде   еңбегі   сіңген   бірнеше   ғалымдар  1  –   сызба   нұсқада

көрсетілген. Қоршаған ортамен адамзатты жойылудан аман алып қалатын жалғыз жол бар. Бұл -экологиялық

оқу-тәрбие жүмысы.

Балаларға бүндай білім беретін жалғыз негізгі орталық - жалпы білім беретін мектеп. Онда жоспарланған

жүйелі   оқу-тәрбие   жүмысы   негізінде   экологияльщ   тәрбие   беру   жүмысы   жүзеге   асады.   Экологиялық   сана

дамиды, дағды мен іскерлік қалыптасады, ал бұлар өз кезегінде практикалық жүмыстарға өте қажет [4].

Бұл   жерде   осы   мәселе   төңірегінде   жүзеге   асатын   іс-әрекеттердің   негізі   қаланады.   Табиғатқа   деген

жауапкершілік сезім мен қарым-қатынас қалыптасуының негізінде оның көп жақты құндылығын түсіну, терең,

білім мек іскерлік жатыр. Бұл жеке пәндердін тар шенберінде жүзеге аса алмайды. Адамзат пен қоғамның

табиғи ортамен қарым-қатынас мәселелері комплексті түрде жүзеге асуы кергк, яғни эрбір пән бұл жұмысқа

басқа   пәндермен   бірге   өз   үлесін   қосады.   Мамандар   экологиялық   білім   берудің   пәнаралык,   интеграциялық,

44  


түтастьщ   сияқты   ерекшеліктерін   атап   көрсетеді.   Адамзаттың   табиғатпен   қарым-қатынасын   зерттеу

көрсеткендей адамдар табиғатты жауыздықтан ластап, бұзбайды, бұның бәрі табиғатқа қамқор сезіммен қарау

керектігін   білмеудің   нәтижесі.   Бұл   педагогикалық   ғылымнан   экологиялық,   білім   мен   тәрбие   берудің

педагогикалық, негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастыруды талап етеді.

Қазіргі   уақытта   экологиялық,   тәрбиенің   педагогикалық,   негіздері   қарқынды   түрде   жобаланып   жатыр.

Экология мәселесінің педагогтік аспектілерін зерттеу жұмыстарымен Б.Т.Иогансен, И.А. Быков, П.В.Иванов,

И.Д.Зверев,   А.Н.Захлебный,   И.С.Матрусов,   М.В.Муханов,   Л.А.Рова,   И.Т.Суравегина,   Л.П.Салеева,

Э.А.Турдикулов   т.б.   ғалымдар   айналысқан.   Осы   жөнінен   оқу   жоспары,   оқу   бағдарламасы,   оқу-әдістемелік

құрал   жазылуы,   теориялық-практикалық   еңбегі   өте   зор,   осы   мәселемен   шүғьшданып   жүрген   ғалым-

педагогтарымыз   Н.С.Сарыбеков,   А.Л.Сотников,   О.Танабаев   жұмыстары   өте   бағалы   және   М.Э.Дудайкулов,

С.Мусабаев, И.Нугманов, А.С.Бейсенованың еңбектері де өте жоғары дережелі бағалы да құнды мәселелер.

Экологиялық тәрбиеге арналып жүргізген барлық жұмыстың қорытындысы оқушының жеке сапалық қасиеті

бойынша анықталады. Оқушы алдына қойған мақсатына тек экологиялық дұрыс білім алғанда ғана жетеді.

Жастарға   экологиялық   білім   мен   тәрбие   беру   ісі   бүгінгі   таңдағы   педагогиканың   басты   салаларының   бірі.

Сондықтан қазіргі танда Оңтүстік Қазақстан облысындағы кейбір орта мектептерінде де табиғатты қорғауға

оқушылардың қатысы туралы мәселелер қамтылған тақырыпқа сәйкес зертханалық, сарамандық жұмыстар мен

танымжорыққа жеке сағаттар бөлінген [5].

Биологиялық   білім   бағдарламасы.   Экологиялық   білімді   дұрыс   жолға   қоймайынша   экологиялық

проблемалардың шешімін табу мен іргелілеудің мүмкін еместігі баршаға аян. Осыған орай эртұрлі формада

оқытылатын   экологиялық   білім   міндеттерін   шешу   қажет.   Экологиялық   білімді   одан   әрі   ұтымды   дамыту

проблемалары экологиялық білім жүйесін жасау қажеттілігінен туындайды.

Оқу   бағдарламалары   жалпы   білім   беретін   мектептің   негізгі   сатысында   (6-9   сыныптарда)   оқытылатын,

дамыта   тәрбиелей   отырып   оқыту,   жүйелік,   сабақтастық   ұстанымдарына   негізделіп   жасалған   және   біртұтас

биология курсының мазмұнын ашады.

Биологияны   оқытудың   негізгі   мақсаты-тіршілікті   ең   жоғары   құндылық   деп   түсіндірілетін,   экологиялық,

эволюциялық   ойлау   стилі   қалыптасқан,   экологиялық   мәдениеттің   негізін   меңгерген,   дүниенің   ғылыми

бейнесінің   биологиялық   білімін   практикада   түрлер   мен   экожүйелерді   қорғау   шараларында,   өндірісті

экологияландыруда. Салауатты өмір сүруде біршама қолдана алатын биологиялық және экологиялық сауатты

тұлға тәрбиелеп, даярлау. 7-сыныпта "Систематикаға, экологияға, генетика мен эволюциялық ілімге кіріспе"

бөлімін бастауға мүмкіндік береді.

Мектеп   биологиясының   әлеуметтік-мәдениетке   бағдарлануы   табиғи   тірі   жүйелерді   біртүтастьіққа

қарастыруды   оқушылардың   шығармашылық   қабілетін,   ақыл-ойын,   ғылыми   дүниетанымын   қалыптастырып

дамытуға, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынасқа түсе алатын экологиялық мәдениетті тұлға тәрбиелеуге зор

мүмкіндіктер туғызады [6].

Табиғат туралы алғаш мәліметтерді бала өмірінің алғашқы кезеңінде өз жанұясында ата-анасының не үйдегі

үлкендердің көмегімен алады. Өзара сөйлескенде олар табиғатқа деген тікелей қарым-қатынасын айқындайды,

табиғатта еңбек етеді, материалдық нәрселер жасау үшін табиғи ресурстарды пайдаланады. Осы іс-әрекетке

бала да қатысады. Ол үлкендердің сөзін, жұмыста бағалайды. Біртіндеп ол табиғат туралы білімін толықтыра

түседі. Әзірше оның білімі жекелеген, үзік-үзік қана, өйткені жанұяда табиғат пен оның элементтері жүйелі

фактор   ретінде   табиғат   пен   оның   компоненттерін   жүйелі   түрде   пайдалану   мектепке   дейінгі   мекемелерде

(балабақшада)   қолданылады,   өйткені   бұл   мекемелердегі   жұмыс   белгіленген   жоспар   немесе   бағдарлама

бойынша   жүргізіледі.   Бастауыш   мектепті   адамның   табиғат   және   әлеуметтік   орта   туралы   білімнің

қалыптасуының, әлемге ғылыми негізделген адамгершілік, эстетикалық көзқарасы мен жалпы тұтас суретпен

танысуының   алғашкы   баспалдағы   десе   де   болады.   Бұл   жерде   табиғат   оқу   процесінде   тәрбиелеу   факторы

ретінде   көрінеді.   Тірі   табиғат   педагогикада   бұрыннан   бар,   оқу-тәрбие   жұмысындағы   басты   фактор   болып

есептеледі.   Тірі   табиғатпенен   қарым-қатынас   жасай   отырып,   оның   объектілері   мен   құбылыстарын   зерттей

отырып, бастауыш мектеп оқушылары бірте-бірте өздері тұратын әлемді тани біледі: өсімдіктерді жануарлар

әлемінің   таңғажайып   алуантүрлілігін   байқайды,   табиғаттың   адам   өмірінде   атқаратын   рөлін,   оны   танудың

бағалылығын   біледі,   табиғат   байлықтарын   қорғау   және   молайтуға   қамқорлық   жасауға   итермелейтін

адамгершілік эстетикалық сезімі оянады.

Бастауыш   мектеп   оқушьшарының   бойында   табиғатқа   жауапкершілік   сезімін   дамытудың   экологиялық

мәдениетін қалыптастыруға негізін табиғаттың өмірі, адамның (қоғамның) табиғатпен өзара қарым-қатынасы,

оның   бағалы   қасиеті   туралы   хабар   беретін   бастауыш   мектепке   арналған   оқулықтар.   Мысалы,   бастауыш

мектептердің   гуманитарлық   эстетикалық   циклдағы   (тіл,   музыка,   сурет)   пәндердің   мазмұны   баланың   алған

әсерлерін   көбейтеді,   оның   пікірін   дамытады,   табиғатпен   толық   араласып,   іс-әрекетін   дұрыс   таңдауға

көмектеседі.   Өнер   туындылары   табиғат   орта   туралы   білімі   мен   адамгершілік-эстетикалық   сезімдердің   көзі

болып табылатыны бәріне белгілі.

Еңбек сабақтары табиғи материалдардың адам өміріндегі практикалық маңызы адамның іс-әрекетіне, адам

мен қоғам өміріндегі еңбектің ролі туралы білімін кеңейтуге, табиғат объектілерінде сауатты қарым-қатынас

жасау дағдысын қалыптастыруға, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалана білуіне көмектеседі [7].

45  


Табиғаттану   мазмұны   бастауыш   мектеп   оқушыларының   табиғатты   қорғаудың   маңыздылығын

жаратылыстану негізінде түсінуін қамтамасыз етеді. Табиғаттану мен дене бағдарламаларында негізгі шарты

табиғи   ортаны   қорғау   болып   табылатын   адам   денсаулығын   қорғау   және   бекіту   мәселесі   қарастырылады.

Бастауыш   мектепте   оқытылатын   пәндердің   көздеген   мақсаты   оларды   балаларға   табиғатқа   деген

сүйіспеншілігін, жанашырлықты тәрбиелеу үшін өзара байланыста қолдануды талап етеді. Экологиялық оқу-

тәрбиенің   өзегін   құрайтын   жетекші   ой-пікірлер   мен   идеялар   барлық   оқу   пәндерінің   мазмұнының   негізін

құрайды. Сол себепті, әр түрлі пәннен  алған білімдер жинағы оқушыны  табиғат-адам үшін маңызды орта,

табиғатта ол демалады,  табиғи  объектілер мен  құбылыстар  оған  рахат  әкеледі, сол  табиғатта ол спортпен,

еңбекпен   айналысады,   одан   ауа,   су,   қорек,   киім,   қорғаныш   болатын   материалдар   т.б.   алады   деген   ойға

дағдыландырады.   Бастауыш   сынып   оқушылары   үшін   адам   еңбегі-елдің   табиғи   байлығын   білдіретін

ресурстарды   қорғап,   ел   игілігне   дұрыс   пайдаланудың   шарты   деген   идеяны   қарапайым   фактілер   мен

қорытындылар арқылы ұтымды болуы да өте маңызды нәрсе. Балалардың еңбекқорлығын, табиғат байлақтарын

пайдалану   және   молайтуға   жауапкершілік   көзқарасты   тәрбиелеу   оқушылардың   келесі   әрекетінде   көрініс

табады: табиғаттағы мінез-құлық мәдениетін сактау, табиғи ортаны зерттеу және бағалай білу, табиғи ортаға

қолайлы жағдай жасау (көшеттер отырғызу).

Бастауыш   мектепте   экологиялық   білім   берудің   маңызды   идеясы   табиғаттьщ   біртұтастығы   туралы   идея.

Табиғаттағы байланыстар туралы білім дұрыс дүниетанымының қалыптасуына және бір-бірімен күрделі қарым-

қатынастағы табиғи объектілерді қорғауга  жауапкершілік сезімін қалыптастыруға  көп көмегін тигізеді. Тірі

табиғаттағы   қоректік   айналым   тірі   организмдердің   өмір   сүру   ортасына,   табиғаттағы   мезгілдік   өзгерстерге

бейімделуі,   адамның   өсімдіктер   мен   жануарлар   өміріне   әсері   табиғаттанудың   барлық   тарауларында

қарастырылады  және  де   бастауыш   сынып   оқушыларының   табиғатта   кез  келген   іс-әрекет   ұйымдастырғанда

табиғи қарым-қатынастарды есепке алудың маңыздылығын түсінуге көмектесетін құрал болып табылады. Орыс

тілі   бағдарламасында   терілген   «Табиғатты   қорғау   -   Отанды   қорғау»   деген   идея-экологиялық   тәрбиенің

патриоттық мақсатын жүзеге асыру үшін өте маңызды роль атқаратын идея. Адам өмірі Отан ұғымы мен туған

табиғатпен байланысты. Көлдер мен өзендер, тоғайлар, гүлді алқаптар мен бақтар -осы бала кезден таныс туған

жердің   суреттері   әдеби   шығармалар   әсерімен   оқушьшар   ұғымында   біртұтас   образға   айналады.   Бұл   -   Отан

образы. Осы Отанға деген махаббат, оның табиғатқа деген сезімімен бірлеседі [8].

Әдебиеттер

1. Мырзабаев А.Б. «Биологияны оқыту әдістемесі» Қарағанды, 2006.

2. Қуанышова С.Е. «Биологияны оқыту әдістемесі» Шымкент, 2003.

3. Әлібаева Э.Т. «Биологияны оқыту әдістемесі» Шымкент, 2006.

4. Әлібаева Э.Т., Дауымбай Ә.Д., Туганбаева 3 «Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы»

Шымкент, 2007.

5. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. «Биологияны оқыту әдістемесі» Алматы «Атамұра», 2004.

6. Жүнісқызы К., Әлімқүлова Р., Жұмағұлова  Қ. «Биологияны  оқыту әдістемесі» Алматы  «Атамұра»,

2002.

7. «Биология және салауаттылық негіздері» // №4, 2009. А.



8. «Биология және салауаттылық негіздері» /7 №6, 2007. А.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 

АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН  КӨТЕРУ

ОҚО Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияның

биология пәнінің мұғалімі  Мараймова Гульсим Амангелдиевна

Әр   мұғалімнің   негізгі   мақсаты   -сабақ   сапасын   көтеру,   оқушылардың   сабаққа   деген   қызығушылығын

арттыру,   олардың   ізденісін,   танымын   қалыптастыру.   Биологияны   оқытуда   оқушылардың   логикалық

қабілеттерін,   танымдық   іс-әрекетін   қалыптастыру   үшін   ойын   тәсілдері   мен   есептік   тапсырмаларын   беру

әдістерін қолданған орынды. Сабақта ойын элементтерін пайдалану олардың танымдық логикалық дағдыларын

дамытуға көмектеседі. Оқушылардың таным кезеңдерінің барлығында дербес іс-әрекет ұйымдастыру арқылы

жаңа   материалды   меңгеру   кезеңінде   белсенділік   арттыруға   болады.   Егер   оқушылар   сабақта   белсенді   ой

әрекетімен   отырса,   күші   жететін   қиыншылықтарды   жеңу   қажеттілігі   алдында   тұрса,   әртүрлі   сұрақтарға

жауаптарды   өздігінен   табуға   ұмтылса,   олардың   танымдық   белсенділігін   және   дербестігін   қалыптастыруға

болады. Оқу құрылғысын жүйелі талдау иегізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп

шығарады.

-оқушының мұгаліммен бірге араласа отырып орындаган әрекеті;    

-оқушының дербес іс-әрекет элементтері.

Жаңа   қоғамымыздың   құрылысына   белсене   араласатын   білімді   де   білікті   азаматтарды   қалыптастыруда

биология оқу пәні ретінде оқушыларды биология ғылымы мен биология саласынан біліммен қаруландырады. 

46  


Биология пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып, практикалық іскерліктері

мен икемділіктерін ұштап, дүниеге диалектикалық -материалистік көзқарастарын қалыптастыра отырып білім

беру олардың жүйелі түрде сапалы білім алуының негізі болмақ. Оқушылардың танымдық қызығушьтлығын

дамытпай оқыту үрдісін жүзеге асыру мүмкін емес. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеті формаларының

бірі-өзіндік жұмыс. Өзіндік жұмыс - оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын

оқу,   тану   әрекеті.   Мысалы,   Биологияда   үйге   қызықты,   қарапайым   тапсырмалар   жасап,   одан   қорытынды

шығарып   келуге   тапсыруға   болады.   Үйдегі   шайнекке   неге   қақ   тұрады?   Ол   қақты   қалай   кетіруге   болады?

Лимонды кескенде неге қараймайды, ал алманы кессең неге қарайып кетеді? Сегізаяқтар неге ақылды? Жыл

құстары   жолдарын   қалай   табады?   Масалар   неге   ызыңдайды?   осындай   өте   қарапайым,   бірақ   оқушының

қызығушылығын   тудыратын   тапсырмаларды   сабақтың   тақырыбына   орай   беріп   отырупәнніңбеделін

арттырудатиімді.

Оқушылардың  белсенділігін  арттыруда  практикалық жұмыстың  да маңызы зор. Биологияның сан алуан

сырын,   әлемінің   қызық   құбылысын,   ойын   элементтерімен   өрнектеген   сабақ   қызықты   әрі   ұтымды.   Ойын

сабақтарында   берілетін   тапсырмалар   қарапайымнан   басталып,   біртіндеп   қиындап   оқушылардың   танымдық

қызметін белсендіруге назар аударылады. Оқушьшардың танымдық белсенділігін дамыту міндеттерін шешуге

бағытталған   бірқатар   тәсілдер   мен   әдістер   ішінде   анықтамалық   әдебиеттерді   пайдалана   білу   машықтарын

қалыптастырудың маңызы зор. Өмірде кездесетін биологиялық құбылыстармен танысады, кестелерді оқи алу,

және түсіне білу, мұның барлығы олардың ой өрісін кеңейтуге, кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға

әкеледі,   Оқушылардың   оқу   танымдық   іс-әрекетінің   нәтижесі   олардың   білімді   өз   бетінше   талдап   және   бір

жүйеге   келтіре   алатын   тапсырмаларды   орындауы   болып   табылады.   Биология   сабақтарында   ойындарды

ұйымдастыру арқылы  ең  бастысы  оқушыға  сенім білдіру,  оның  өз  ісіне  жауап  беру мүмкінділігіне сүйене

отырып,   өз   беделімен   іскерлік   дағдысын   дамытуға   болады.   Осындай   түрлі   интеллектуалды   ойындар   бала

қиялын дамытумен  қатар оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын  арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін

ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Ойын   -   бұл   еркін   және   өзіндік   әрекет,   ол   баланың   жеке   қызығушылығынан   туады,   белсенділігімен

ерекшеленіп,   шығармашылығын,   жоғары   сезімділігін   көрсетеді.   Ойыңда   ғана   баланың   жеке   қажеттілігімен

шектеулі  мүмкіндіктері ашылады. «Ойын,  сондықтан ойын, ол баланың дербестігі» Интеллектуалдық  ойын

пәннің маңызын күшейтіп, окушының  логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер

ететінін анықтайды.

Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті қабілеттілікті және

тапқырлықты қажет етеді. Менің ойымша сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. Олар:

-Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы

қажет. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.

- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.

- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.

-Дидактикалық,   техникалық   құралдарды,   электрондық   оқулықтарды   мақсатқа   сай,   оқушы   сезіміне   әсер

ететіндей тұрғыда пайдалану.

- Сабақта алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану. Биология пәнінен алған

білімінің жүйелілігі мына көрсеткіштермен сипатталады:

-ойдың ұшқырлығы, алған білімді жаңа жағдайда жаңа заттар мен үрдістерге қолдана білу;

- заттар мен биологиялық үрдістер туралы ой - тұжырымдарын дәлелді түрде жеткізе білу;

- алған білімдерін практикалық іс-әрекеттерінде қолдана білу.

Бұдан   шығатын   қорытынды   -биологиядан   жүйелі   білім   қалылтастыру   -биологияны   оқытудың   маңызды

міндеттерінің бірі екендігі.

Оқушыларда   жүйелі   білім   қалыптастыруды   қамтамасыз   ету   пәнді   оқытудың   жинақылығы   және   біріздігі

принципі негізінде жүзеге асырылады. Бұл принципке сәйкес оқу материалының бір-бірімен тығыз байланысты

құрылымдық   элементтері   арасындағы   байланыс   қысқа,   ал   әрбір   келесі   құрылымдық   элементті   түсіндіру

алдынғы элементтен бастау алу керек.   

Жаңа білімді бекітуде, үй тапсырмасын қайталауда сызбанұсқалар бойынша орындату білімді жүйелеп, негізгі

ұғымдармен үнемі жұмыс істеуге дағдыландырады.

Қазіргі  таңза   осы   оқыту   үрдісінің   интеракгивті   әдіс-тәсілдері   өте   көп.   Педагогикалық   ғылым   мен

озықтәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерініы  бәріне  де еркін игеріп,әрбір

нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре, тиімді,

үйлесімді,   әрі   шығармашылықпен   колдану   -   сабақтың   сәтті   өтуінің   кепілі.   Осылай   биология   сабағында

оқушылардың кызығушылығынарттыру арқылы білім сапасын көтеруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.12 жылдық білім.Журнал2006ж№8

2.Биолог анықтамалығы Журнал 2012ж№2

3.Огарь Н.П.Шарын ұлттық бағы. Қазақстанның ұлттыұ бақтары – «Алматыкітап» - 2006 ж.

4.Александров В.Г. Анатомия растений. Изд. 4-е – Высшая школа, 1966 ж.

47  


КOУЧИНГ  САБАҒЫ  ТУРАЛЫ  РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП

Түркістан каласы,  Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназиянын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет