При решении занимательных задач преследуются следующие цели:
формирование и развитие мыслительных операций: анализа и синтеза; сравнения, аналогии, обобщения и т.д.;
развитие и тренинг мышления вообще и творческого в частности;
поддержание интереса к предмету, к учебной деятельности (уникальность занимательной задачи служит
мотивом к учебной деятельности);
развитие качеств творческой личности, таких, как познавательная активность, усидчивость, упорство в
достижении цели, самостоятельность;
подготовка учащихся к творческой деятельности (творческое усвоение знаний, способов действий, умение
переносить знания и способы действий в незнакомые ситуации и видеть новые функции объекта).
Например: 1 класс.
1. У Кати было орехов больше 4, но меньше 6. Сколько орехов было у Оли? (,5)
2. Бабушка дала Коле журнал «Ералаш» со 3 номера по 9. Сколько журналов у него?(7)
3. Расставить 7 книг на две полки так, чтобы на одной было на 3 книги больше, чем на другой.(4 и 3)
4. В люстре 5 лампочек. Через некоторое время 3 лампочки перегорели. Сколько лампочек придется
заменить? (3)
2 класс:
1. На веревке завязали 4 узла так, что концы веревки остались свободными. На сколько частей разделилась
веревка? (на 5)
2. В коробке умещается 12 красных и 7 синих бусинок. Какие бусинки мельче: красные или синие? (красные)
4. Петя и Антон живут в девятиэтажном доме. Петя живет выше Антона. Антон живет в квартире на 7 этаже.
На каком этаже живет Петя? (на 8 или 9)
3 класс.
1. Незнайка посадил 50 горошин. Из каждого десятка не взошло 2 горошины. Сколько всего семян не взошло?
(10 семян)
2. Кусок проволоки 12 см согнули так, что получилась рамка. Какими могут быть стороны рамки? (3 и 3, 5 и
1, 4 и 2)
3. Галя написала четырехзначное число. Вычла 1 и получила трехзначное число. Какое число написала Галя?
( 1000 – 1 == 999 )
4. Женя решил прогуляться и пошел по левому берегу ручья. Во время прогулки он 3 раза перешел ручей. На
левом или на правом берегу находится Женя? (на правом )
4 класс.
1. Незнайка решил искупаться. Он разделся, сложил одежды и поплыл. « Сейчас переплыву реку три раза и
оденусь, и пойду домой». Как вы думаете, нашел ли Незнайка свою одежду? Объясни ответ. (нет, т.к. три раза
это значит оказаться на другом берегу)
2. К числу 5 приписать справа и слева цифру 5. Во сколько раз увеличилось число? ( в 111 раз )
3. Анна - дочь Татьяны . Татьяна - дочь Ольги. Кем приходится Ольга Анне? ( бабушкой )
4. Каждая из девочек Настя и Маша пошли в кино с мамой. Сколько человек пошли в кино? ( или 3, или 4)
5. Также на уроках математики, для развития логического мышления, используются различные задания:
логические цепочки, магические квадраты, задачи в стихах, головоломки, математические загадки, кроссворды,
геометрические задания со счётными палочками, логические задачи со временем, весом, комбинаторные
задачи.
Таким образом, формирование логического мышления – это важная составная часть педагогического
процесса. Помочь в полной мере проявить свои способности, развить инициативу, самостоятельность,
творческий потенциал - одна из основных задач современной школы. Успешная реализация этой задачи во
многом зависит от сформированности у учащихся логического мышления.
Список использованной литературы.
1. Керова Г. В. Нестандартные задачи по математике 1-4 классы. М.: «Вако», 2008
2. Мельникова Т. А. и др. Математика. Развитие логического мышления 1-4 классы. Комплекс
упражнений и задач. Волгоград: « Учитель» , 2011
3. Подласый И.П. Педагогика. Процесс обучения. М.: «Владос», 2003
4. Примерные программы начального общего образования. М.: «Просвещение»., 2009
5. Формирование универсальных учебных действий в основной школе : от действия к мысли. Пособие
для учителя под редакцией А. Г. Асмолова.М.: «Просвещение» 2011
18
ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІ НЕГІЗДЕР
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп – гимназияның
химия пәні мұғалімі А.Б. Курласбаев
Әлемдік өркениетке сай ұрпақ оқытып, тәрбиелеу қай педагогтің болса да алдына қойған үлкен мақсаты.
Ұстаздың үлгі боларлық абырой – беделі, оның білімдарлығы өзі де, шәкірттері де ізденумен келешекте
маңызды мәселерді тиімді енгізіп, пайдаланып отыруында.
Қазіргі таңда жан – жақты қабілетті жеке тұлға қалыптастыруға талпынып жүрген жас мамандарға тигізер
зор үлесі болар деген үмітпен «оқыту үрдісіндегі экологиялық және экономикалық біліммен тәрбие беруге
қажетті негіздерді» - ұсынамын. Мектеп курсындағы пәндердің оқытылу барысында тақырыптың мазмұнын
қосымша экологиялық және экономикалық мәліметтермен байытуда назар аударатын негізгі мәселелеріміз
төмендегідей болуы керек.
1. Қоршаған орта ұғымдары тұрғысынан: экологиялық жүйе, ауа, су, жер, шикізат ресурстары, зат және
энергия айналымдары, биосфера тұрақтылығы секілді мәселелер және оған экологиялық
проблемалардың әсері.
2. Экологиялық проблемалар ұғымдары тұрғысынан: радиациалық қатерлер, озон тесігі, булану
эффектісі, өндіріс және автокөлік қалдықтары, ауаның газдармен ластануы, қышқылдық жауын,
ауадағы оттегі үлесінің азаюы т.б.
3. Химия өнеркәсіптері ұғымының негіздерінде: шикізат және өнім синтездерінің қоршаған ортаға әсері
табиғи қорларды тиімді пайдалану, өндірістің экономикалық – экологиялық тиімділігі, не тиімсіздігі,
өнеркәсіп қалдықтарының болуы, не болмауы және олардын қоршаған ортаға әсері.
4. Экономикалық тиімділік тұрғысынан: өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру,
қайта өндеу, пайдалану, іске асыру, жарату мүмкіндіктері жайлы жаңа өндірістермен технологиялар,
экономикалық жаңа өнімдерді жүзеге асыру мүмкіндігі.
5. Ғылыми техникалық прогресс ұғымдары тұрғысынан: энергия түрлерін алу, экологиялық тиімді
шикізат базасының жасалуы, қатерлі – қауіпті өндірістерді автоматтандыру, роботтандыру.
6. Мемлекеттік заң конституциясындағы экологиялық табиғатты қорғаудың нормативті – құқықтық
заңдармен, заңдарға қатысты іс – шаралармен таныстыру.
7. Химия және биология пәнаралық байланыс негізінде: ауаны ластаушы қосылыстар, ауа және
топырақты ластаушы факторлармен заттар, олардың су қоймаларының биогиоценоздарына әсері, өлі
жер, топырақ құнары мен гумустың пайда болуына зиянды қалдықтардың күн сәулесі, температура
әсерінен кері ықпалы.
8. Болашақта тірі ағзалардың дұрыс дамуына, адаммен жануарлардың психо – физиологиялық
тұрақтылығына, көбеюіне, биологиялық түрлердің сақталуына, химияның экологиялық мазмұнының
келешекте себеп салдарын ашып, баға беруге, шара қолдануға оқушыларды ықпалдау.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, магистр А.К.Берентаева
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы.
Көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол
мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның
ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә.
Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері
қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру
мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың
дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер
ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
«Тәуелсіз елге - білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып
кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастыру-мен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде
және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің
шығарма-шылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның жеке тұлға ретіндегі кейбір
ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын
таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы
өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
19
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес,
ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық
нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да,
тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде
оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке
деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Мұғалімнің өзін-өзі актуаландыруындағы әрекеті өз талабы мен әлеуеттік мүмкіншілігіне негізделген.
Өйткені, ол өзін дамыту, тәжірибелерін кенейту арқылы өз білімін көтеріп, білгенін өзгеге сіңіреді. Осы
тұрғыдан алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзін-өзі актуаландыру және қорғау, манипуляциялау қасиеттерін
дамытудың балама жолдарын ұсынады:
•
адекватты қабылдауға тырысу, құштар болу;
•
өз бойыңа табиғилық, өзгергіштік қасиеттер дамыту;
•
өзіңді де, өзгені де сынаусыз қабылдай алу, философиялық көзқарас пен қалжыңды таразылай білу;
•
мүмкіншілігінше еркін жүруге, өз ойыңа және сезіміңе сенімді болуға, өзіңнің алдыңда адал болып, әр
нәрсеге жауапкершілікпен қарай білуге тырысу керек;
•
өз шығармашылық қасиеттеріңді дамытып, мұқтаждығың мен қалауыңа мұқият болу қажет;
•
күресе білу, жинақылық, амал таба білу сияқты қорғану қасиеттерін танып білу, сезіну;
•
өзгемен бірлесе алу, оның өзіндік құқығын сыйлау, яғни өзіңді тең санау қасиеттерін дамыту.
Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге
ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және руханилылық бөліктерінің арасында органикалық
байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей
байланысты болады.
Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген
қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады. Мұғалім
жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін
таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік,
төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін
мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру,
әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең
болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін
тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар. Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды
түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат
болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер
ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды,кәсіптік қабілет, педагогтік
әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа сала-сына жету мұғалімнің
мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз
байланысты. Өзмамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да,ұстаздық техниканы
да, шеберлікті де жақсы меңгереді.Мұғалім-нің шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі,
физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді.
Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті,өйткені ол өзінін
кұрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірлік-терді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды.
Әрине, педаго-гикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды,
оны түсінуге дегенәр түрлікөзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз
педагогикалық шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз.Тек жанашылдыққа деген
талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Инфоурок сайты
2. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Рахметолла М.Қ.
3.
Педагогикалық шеберлік пәні кешені Сұлтанова Ғ.Т.
20
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА- БІЛІМ БЕРУДІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп –гимназияның
қазақ тілі пәні мұғалімі Мырзагалиева Акнур Доскалевна
Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы серпінді өзгерістер білім беруді
әлемдік кеңістікпен ықпал-дастыру талабын қойып отыр. Жаһандану дәуірінде ұлт ретінде жойып жіберуі
мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және халықтық тәжірибеге тән тәрбиенің мазмұнын сақтап қалу үшін
өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды зерделеуге, рухани құндылықтарымызды саралап, оны білім беру
жүйесіне кешенді ендіру арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлттық негізде құруға басты мән беру өте маңызды. Қазақ
халқының тарих қойнауында қанша ғасыр өтсе де, тәлім- тәрбиелік мәнін жоғалтпаған ұлттың болмысына,
сана-сезіміне, тұлғалық сипатына сай жалпы адамзаттық және ұлттық құндылық-тар қатарына жататын асыл
дүниелер бар екені белгілі. Осындай рухани құндылықтарды тәрбиенің мазмұнына арқау ету жетілген тұлғаны
қалып-тастыру мәселесі педагогика ғылымының тарихына жаңаша көзқарасты қажет етеді.
Жер бетіндегі әр ұлттың мақсаты – өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық рұх пен мәдениеттің күш -
қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмір сүру тәсілі мен тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы мен
бағытын ұғындыру. Тек ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы еліміздің білім мен саясатының ұлттық-
рухани дамуына, білім жүйесінің жетілуіне қоғамда өзіне лайықты орын алатын білімді болашақ тәрбиелеуге ,
озық қоғам құруға қол жеткізуге болады.Осы мақсатқа жетудің бірден бір жолы, жас ұрпаққа сапалы білім,
саналы тәрбие берумен қатар халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақтаған мұраларын келешек ұрпақ
игілігіне жеткізетін тәлім – тәрбие орталықтарында ұлттық педагогиканы дәріптеу. Мектеп табалдырығынан
бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, сабақтарда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына
қосқан үлестерін айту, жеткізу арқылы оқушылардың адами құндылықтарын қалыптастыруға болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші сьезінде “Болашақта еңбек етіп,өмір
сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр »,-деген болатын. Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – мектеп жасындағы
жас жеткіншектер. Педагогтардың алдында оқушылардың ұлттық сана - сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай,
халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт - дәстүр, үлгі - өнегені
бойына сіңіріп, күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету міндеттері тұр.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаздардың негізгі бағыты халықтық педагогиканың үлгі - өнегелерін
сабақта және сабақтан тыс тәрбиелеу мәселесінде тиімді қолдана білудің әдіс - тәсілдерін зерттеп, пайдалану
деп білем.Осы себеппен сабақта халықтық педагогика негізінде ұлттық салт - дәстүрлерді уағыздап, жас ұрпақ
санасына дарытуды, осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруды кейінгі жылдары жұмысыма негізгі
мақсат етіп алдым. Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Пәнге деген ынтасын арттыруда,
белсенділіктерін дамытуда пайдаланып жүрген бірнеше ойындарды келтіремін: «сақина салу, соқыр теке, теңге
алу, арқан тарту, қыз қуу, ақсүйек,ханталапай,асық» ойындары.
Баланың ойлану, танымдық, білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге
келуде тапқырлықпен дүние танымдық дәрежесін байқау үшін жұмбақ шешкіземіз.Сабақта жұмбақты қолдану
оқушылардың білімпаздығын, алғырлығын, тапқырлығын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар,пәнге деген
қызығушылығын арттыруда өз тәжірибемде сабақ түрлерін алуан түрлі етіп өткізгенде оқушыға көп әсер етіп,
зор ықпал тигізетіндігіне көз жеткіздім. Мысалы: іскер ойын сабақ, аукцион сабақ, көкпар сайыс сабақ
оқушының ой санасының өсуіне, ұлттық сана сезімін дамытуға көп мүмкіндік береді. Ал,оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта немесе үйде ертегі немесе әңгіме құрастыруды
ұсынамын. Бұл оқушылардың сөздік қорын молайтуға, өз бетімен жұмыс істеуге көп септігін
тигізеді.Халықтық педагогиканы қолданған мұғалім оқушыны жалықтырмайды, оқушы жеңіл, еркін түрде жаңа
сабақты қабылдап, пікір таластырып өз білгенін ортаға сала алады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту барысында оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, ұлттық
үрдісімізден хабар бере отырып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне жете назар аударуға
тырысамын.Пәнді оқытуда жаңалық болмаса, ғылым болмаса, сабақ оқушыға қызықсыз болады деп ойлаймын.
Осы мақсатта халықтық педагогиканы қолданудың ғылыми негіздерін оқып үйреніп, іс-тәжірибеме енгіздім.
Халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, оқушылардың бойынан осынша қасиеттерді
қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда- қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының, сыныптан тыс өткізілетін
шаралардың орны ерекше. Грамматикалық ұғымдарды таныту, олар жөнінде оқушылардың білім дағдыларын
қалыптастыру барысында ұлттық тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық нақыл сөздер, бата сөздер, шешендік
сөздердің үлгілерін тиімді пайдаланудың берері мол. Халқымыздың даналығын бейнелейтін тәлім-тәрбиелік
сөз өрнегінің мән-мағынасын оқушыларға түсіндіре отырып, тиісті грамматикалық ұғымдардың негізгі
белгілерін таныту, тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің білімдік те, тәлімгерлік те мәні зор.
Мен өз тәжірибемде қазақ тілі мен қазақ әдебиетін өзге ұлт өкілдеріне оқыту барысында халықтық
педагогиканы жүйелі түрде пайдаланып отырамын.
Мысалы: қазақ тілі сабағында етістіктің бұйрық райын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп
қоймай, халқымыздың тыйым сөздерін ұтымды пайдалануға болады. Тыйым сөздер-халықтың тәлім-тәрбие,
21
үлгі- өнеге, ақыл- кеңес берудегі құралдардың бірі. Тыйым, негізінен балаларға арналып, өзара жаман әдет,
ерсі- қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте маңызды қызмет атқарады. Мысалы: «Малды теппе», «Бөркіңді
теріс киме», «Босағаны керме», «Құстың ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Бұлақтың көзін бітеме»,
«Құмырсқаның илеуін бұзба», «Үлкендердің сөзін бөлме», « Үлкеннің алдын кеспе», «Нанды бір қолыңмен
үзбе», «Бетіңді баспа», «Тізеңді құшақтама»,т.б. сөздер арқылы ата-бабаларымыз жас баланың санасына
қоршаған орта, табиғатқа деген ізгі сезімдерді ұялатуды көздеген.
Сан есімдерді түсіндіргенде халқымыздың жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, бес асыл
іс сияқты қасиетті сандарға байланысты жаттығулар құрап, соларға байланысты шығармаларды еске
түсіреміз.Мысалы: Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып берсе:
Адам болам десеңіз
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол-дей келе адам бойында кездесетін бес жаман қасиет:өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,
бекер мал шашпақ және бес жақсы қасиет:талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігі туралы әңгіме өткізу
арқылы этно тұрғыдан баланы дұрыс жолға тәрбиелейміз. Ал қазақ халқының салт - дәстүрлері тақырыбын
өткенде тойларда, шілдехана, тұсау кесу, сүндет тойда берілетін бата түрлерінен алынған үзінділерден балаға,
жастарға айтылған нақыл сөздер мен тілектердің мағынасын түсіндіру арқылы қазақ отбасында ежелден бала
тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігіне назар аударамыз.
Қазақ халқының қасиетті ұғымдарының бірі- «Отан»ұғымы болған.Оған арналған көптеген мақал-мәтелдер
бар.Мысалы: «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Отан
оттан да ыстық». Көптеген мақал-мәтелдер бірлікке, ынтымаққа шақырады. «Бірлік бар жерде тірлік бар»,
«Саусақ бірікпей,ине ілікпейді».Ал еңбек,еңбекқорлық туралы қаншама: «Еңбектің наны тәтті», «Ел дәулеті
еңбек», «Берген алар, еккен орар».
Оқушыға білім беруге ұтымды әдістердің бірі болып табылатын көрнекілік әдісінің халықтық педагогиканы
пайдалануда да рөлі үлкен. Қазақ халқының салт- дәстүрі туралы модульді өткен кезде әр түрлі көрмелер
ұйымдастырып, мәтінге қосымша ретінде мазмұнына сәйкес суреттерді, қазақ киноларында салт- дәстүр
үлгілері көрсетілетін фрагменттерді де көрсету тиімді. Мысалы: сабақ барысында салт- дәстүр үлгілерін,
ұлттық ойындардың ережелерімен танысып, берілген суреттерді тамашалап, сыныптан тыс іс -шараларда
сахналық көріністер көрсету баланың эсте-тикалық талғамының қалыптасуына әсер етіп ұлтжандылыққа
тәрбиелейді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар қазақтың ұлттық салт- дәстүрлерін жетік біліп,
мән мағынасын түсінеді. Үйренгенін, білгенін ауызекі сөйлеу тілінде айта алу дәрежесіне жетеді. Сондай ақ,
белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері
дамиды. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қойып, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдылары
одан әрі қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |