Семинар топтамасы



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#6101
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қаплиева А.Қ. Есім Ұ.Ә. Қазақ отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы мектеп жасындағы

қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттары, пед.ғыл.канд.дисс. Шымкент, 2006, 26 б.

2. Ұстаздар сайты http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/bastauish/495-halyty-pedagogika.html

37  


ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ - 25 ҚАНАТТЫ ЖЫЛ

Түркістан қаласы, № 9 Некрасов мектеп-гимназия

тарих пәні мұғалімі Кенжеғұл Гүлшат

  Бүгінгі мемлекетіміздің тәуелсіздігіне мерейлі  25 жыл толған  шақта еліміздің  осы тарихтың азғана уақыт

көшіндегі қол жеткізген белесі де үлесі зор екені даусыз. Сондықтан да ұлы тарихтың алтын парағындағы

тәуелсіздік тағылымына ой жүгірту қай ұрпақ үшін де қажет.

Тәуелсіздік-тәңірдің   біздің   ұрпаққа   берген   үлкен   бақыты,   халқымыздың   мәңгілік   құндылығы.   Біз   бүгінге

дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма бес жыл ішінде елдің әл-

ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде

білім,ғылым,денсаулық,спорт   салалары   айрықша   даму   үстінде.   Тәуелсіздік-біздің   ең   басты   игілігіміз,баға

жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір

жасампаздығы   сенімді   және   серпінді   дамуға   байланысты.   Жиырма   бес   жылдық   елдіктің,   егемендіктің,

кемелдену   мен   келешекке   құлаш   сермеудің   тамаша   кезеңіне   айналуы   тиіс.   Мемлекет   басшысының   атап

өткеніндей, Жолдауда  мемлекеттің саясаттың  алдағы жылдардағы басымдықтары нақты белгіленген. 2011ж

Жолдау, негізінен, әлеуметтік бағытта болды. Онда еліміз халқының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты

үлкен   блокты   шаралар   қарастырылған,   экономиканы   индустриялық-инноватсиялық   дамыту   бойынша   жаңа

міндеттер қойылған. Оларды жүзеге асыру дағдарыстан кейінгі дамудағы маңызды басымдықтар болады.

    Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қантөгіссіз,

бейбіт   түрде   қол   жеткізіп,   елімізді   әлемнің   өркениетті   мемлекеттерінің   қатарына   қостық.   25   жыл   ішінде

тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында

тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері

қабылданып, ұлттық салт- дәстүрімізді жандандырдық.

Тәуелсіздіктің 25 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.

1991 жыл.

        1991   жылы   16   желтоқсанда   «Қазақстан   Республикасының   Тәуелсіздігі   туралы»   Конституциялық   заң

қабылданды. Заң 7 тарау, 18 баптан тұрады. Ол-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін бүкіл ғаламға жария

еткен бірден-бір тарихи құжат. Осылайша, әлем картасында Тәуелсіз  Қазақстан атты жаңа мемлекет  пайда

болды.   Оның   тұңғыш   Президенті   болып   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев   1991   жылы   1   желтоқсанда

бүкілхалықтық сайлауда сайланды.

    Н. Назарбаев қл қойған алғашқы Жарлықтарының бірі-1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын

жабу   туралы»   Жарлық   болды.  Елбасының   осы   тарихи   шешімі,   батыл  қадамды   бүгінде  дүниежүзіне   мәлім

тарихы фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.

     Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29

тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.

    1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кораблімен

ғарышқа ұшты.

1992 жыл.

   Қазақстан Республикасы 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының 46-сессиясында толық құқылы

мүшесі болып қабылданды. Қәзір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО,ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық

ұйымдарда өкілдігі бар.

      Мемлекеттің   тәуелсілдігін   қамтамасыз   ету   мақсатында   1992   жылы   қаңтарда   еліміздің   ішкі   істер   әскері

құрылды.

     Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылы маусымда он екінші сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің VIII

сессиясында Республикасының жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Ту авторы-суретші Шәкен

Ниязбеков, Елтаңба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

      1992   жылы   11   желтоқсанда   Қазақстан   Республикасы   мемлекеттік   Әнұранның   мәтіні   бекітілді.   Мәтінін

жазғандар   –   Мұзафар   Әлімбаева,   Қадыр   Мырзалиев,Тұманбай   Млдағалиев,   Жадыра   Дәрібаева.   Әуенін

жазғандар – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди ( 1944ж нұсқасы сақталды ).

       ҚР-ның Тәуелсіздігін айғақтаған Әнұран 1992 жылы қабылданып, 2006 жылы 7 қаңтарда өзінің тарихи

миссиясын аяқтады.

     1992 жылы қыркүйек – қазан Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайы өтті. Әлемнің 33

елінен 800-ден астам өкіл қатысты.

   30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды.

   1992 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді.

1993 жыл.

      1993   жылы   28   қаңтарда   Қазақстан   Республикасың   тұңғыш   Конституциясы   қабылданды.   Негізгі   заң   4

бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.

38  


    Одан кейін Елбасының бастамасымен 1993 жылы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын

ақтау   туралы»   заң   қабылданды.   Осылайша,   біздің   мемлекет   кезінде   кертартпа   жүйенің   кесірінен   еліміздің

азаттығы   мен   тәуелсіздігі   жолында   құрбан   болған   азаматтарды   ақтап,   безбіреулердің   өктем   саясатымен

жасалған тарихтың қателігін түзеді 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл

шаралар туралы » Президент жарлығы шықты.

   1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңге айналымға енгізілді. 

   1993 жылдан бастап, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.

      1993   ж.   13   желтоқсанда   Қазақтардың   дүниежүзілік   қауымдастығының   тұсаукесері   болды.   Сол   жылы

Қазақстанға Моңғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7.5 мың отбасы көшіп келді.

1994 жыл.

     1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру

туралы шешім қабылдады.

   1994 шілде – 4 қараша аралығында 126 күн Талғат Мұсабаев « Союз ТМ » кораблімен « Мир » орбитальды

кешенінде бортинженер қызметінде Ю.Маленченко және В.Поляковпен бірге екі рет ашық космоста 11 сағат 7

минут ұшты.

1995 жыл.

      1995   жылы   1   наурызда   мемлекет   басшысы   жанындағы   қоғамдық   консультациялық   –   кеңесші   орган   –

Қазақстан   халқы   ассамблеясы   құрылды.   Оның   мақсаты   –   қоғамдық   тұрақтылық   пен   ұлтаралық   татулықты

нығайту болды.

    1995 жылы 24 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясы ( ҚХА ) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселе –

Президент   Н.Ә.Назарбаевтың   өкілеттілігін   2000   жылға   дейін   ұзарту   мақсатында   бүкілхалықтық   рефендум

өткізу   туралы   ұсыныс   енгізу.   Елбасының   бұл   қызметте   болуының   бірінші   конституциялық   мерзімі   1996

жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

    1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту

жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді.

   Сайлаушылардың 9,4 % - ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады.

   1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

Преамбула, 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Бұл негізгі заңымызда республиканың экономикалық күш – қуаты мен

мүмкіндіктері   ғылыми   тұрғыдан   тиянақталып,   халықтың   әлеуметтік   топтарына   тиісті   мәселелерді   шешу

ескертілді.

   1995 жылы 15 қыркүйек ҚР Президенті «ҚР астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы »

заң күші бар жарлығы жарияланды.

1996 жыл.

   1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында « Тәуелсіздік » монументі ашылды. Биіктігі –

28 метр. Жба сәулетші Шота Уалихановтың жетекшілігімен мүсіншілер – Әділет Жұмабаев, Нұрлан Далбаев

және сәулетшілер Қазыбек Жарылқапов пен Қайрат Сұраншиев тағы басқалардың қатысуымен жасалды. Жоба

авторы  атақты ағылшын   суретшісі   – Норман  Фостер.  Жобаны іске  асыру жұмыстарына  сәулетші  Ақмұрза

Рүстембеков жетекшілік етті.

1997 жыл.

     1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. 220 әкімшілік ауданның 30-ға жуығы

таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары

таратылды.   1997   жылы   3   мамырда   Көкшетау,   Жезқазған,   Семей   облыстары   таратылды.   Қазіргі   кезеңде

Қазақстанда   14   блыс   бар.   1997   жылы   қазан   айында   Президент   Н.Ә.Назарбаевтың   «   Қазақстан   –   2030   »

стртегиялық Жлдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа блжам, қәзіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және

сыртқы саясаттың ерекшеліктері айтылды. 

   Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік – экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық

ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Басты жеті қауіпсіздік.

   1.Ұлттық қауіпсіздік.

   2.Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

   3.Экономикалық өсу.

   4.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

   5.Энергетика ресурстары.

   6.Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс.

   7.Кәсіби мемлекет.

     2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ

басқан ел болады.

   1997ж. 11 шілде ҚР « Тіл туралы » заңы қабылданды, ол 6 тарау, 27 баптан тұрады.

   1997 ж. 20 қазан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы блғанын ресми

түрде жариялады.

   1997 жылы 10 желтоқсанда ҚР астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшірілді.

39  


1998 жыл.

     1998 жылы 6 мамырда ҚР Президентінің Ақмола қаласын Астана деп атау туралы жарлығы шықты. 1998

жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.

1999 жыл.

   1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.

      1999   жылдың   шілдесінде   Астана   қаласы   ЮНЕСКО   –   ның   «   Әлем   қаласы   »,   «   Бейбітшілік   қаласы   »

сыйлығымен марапатталды.

2000 жыл.

    Қазақстан үшін алдағы уақытта серпінді даму үдерісі басталды. Көптеген халықаралық келісімшарттар мен

мемлекеттік   маңызы   жоғары   заң   құжаттарына   қол   қойылды.   Тұжырымдамалық   түрде   «Жер   туралы»   Заң

жобасы қабылданды. Заң жобасының негізгі қағидасы мен ерекшелігі жерді Конституцияға сай ұзақ мерзімді

жалға беру құқығымен мемлекеттік меншік мәртебесін бекіту болып табылады және жерді жалға беру уақыты

99 жылдан 47 жылға төмендетілді.

2001 жыл.

     2001 жыл автомобиль жолдары жылы блып жарияланды. Трансеуразиялық магистраль « Батыс Еуропа –

Батыс Қытай » жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар

мен   Каспийдегі  теңіз   айлағы  қайта   құрылды.   Қалың  жұртшылықты  Қазақстан  халқының   тарихы  –  мәдени

игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы

құрылды.

   2001жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен « Атамекен » Қазақстан картасы » этнографиялық

– мемориалдық кешені » деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес

аспан астындағы мұндай мұражай дүниежүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Еуропа » саябағы,

Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгімімен дүниеге келген « Атамекенде » 14

облыс, 2 қала – Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.

2002 жыл.

   2002 жылы 29 тамызда Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен

елорданың символына айналған « Астана – Бәйтерек » монументі ашылды. Монументтің биіктігі – 105 метр,

металдан жасалған мұнара басындағы « хамелеон » шынысынан жасалған алтын түстес алып шардың көлемі –

22 метр. 97 метр биіктіктегі шарда Н.Ә.Назарбаевтың оң алақанының таңбасы салынған. « Аялы алақан » деп

аталатын композиция орнатылған. 97 саны елорданың Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген жылын

білдіреді.   Жобалаушы   архитекторлар:   А.Рүстембеков   (жетекші),   С.Базарбаев,   Ж.Айтбалаев,   М.   Вахштейн

(инженер-конструктор), А.Оспанов (дизайншы).

   2002ж. қыркүйек – қазан Түркістан қаласында Дүниежүзі халықтарының II – құрылтайы өткізілді. Әлемнің 32

елінен 400 – ден аста өкіл қатысты.

2003 жыл.

   2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.

    Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық « пирпмида » деп атап

кеткен   Бейбітшілік   және   келісім   сарайы   –   ұлтаралық   және   конфессияаралық   тұрақтылықтың,   халықтар

достығының   өзіндік   симвлы   тәрізді.   2003   жылы   демографиялық   жағдайды   көтеру   және   әлеуметтік   қолдау

мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір

жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.

2004 жыл.

   2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейі ашылды. Онда 100 мыңнан

астам   экспонат   бар.   Президент   Н.Ә.Назарбаевтың   жеке   мұрағаты   мен   кітапханасы   мемлекеттер   мен

халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттар,

құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.

     2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті « Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол

қойды.


2005 жыл.

    2005 жылы 27-28 қыркүйекте Дүниежүзі қазақтарының III құрылтайы Астана қаласында өткізілді. Оған 32

шетелден 300 – ден аса өкіл қатысты.

2006 жыл.

      2006   жылдың   1   қыркүйегінде   ашылған   пирамида   үлгісіндегі   келісім   сарайы   –   Астананың   ең   үлкен

мақтаныштары қатарындағы ғимарат саналды.

   2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.

2007 жыл.

Қазақстан аумағындағы 20 тарихи, мәдени маңызы бар ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп,

соның   ішінде   9   объект   –   мазарда,   «   Абылай   хан   ордасы   »   кешенінде,   Семей   қаласындағы   бір   және   қос

мұнаралы   мешіттері   қалпына   келтіру   жұмыстары   аяқталды.   32   көне   қаланың,   қоныстар   мен   қорғандарда

археологиялық зерттеулер жүргізілді.

40  


«Есік қорғандары», «Берел» мемлекеттік тарихи – мәдени қорық – мұражайларын құру жұмыстары жүргізілді.

2004 – 2007ж елді мекендерге жақын орналасқан 40-қа жуық ескерткіш қайта жаңартылды. Олардың ішінде

Айша бибі, Арыстанбаб, Есім хан кесенелері, Үшарал, Аққойлы медресе-мешіттері және т.б. бар.

«Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында көптеген жұмыс атқарылуда. Көне түркі жобаларын зерттеуде,

арнайы Моңғолияға ғылыми экспедиция ұйымдастырылды.

2008 жыл.

      2008   жылы   Астананың   сол   жағалауындағы   әсем   де   зәулім   ғимараттар   қатарын   «Қазақ   елі»   монументі

толықтырды. Идеяның негізгі авторы – Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91 метр, бұл – Қазақстан

тәуелсіздік алған 1991 жылдың белгісі. Барельф негізінде Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі

орын алған. Елбасы ҚР Конституциясына қолын қойып, ант беріп тұр. « Қазақ елі » монументі – Қазақстанның

тәуелсіздігін, ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін сәулеттік – мүсіндік кешен.

2009 жыл.

     2009 жылдың 3 шілдесінде Н.Ә.Назарбаев жаңа стадионның ашылу рәсіміне қатысты. Мұндай орасан зор

спорт ғимараты – Отанымыздың жүрегі, барша Қазақстанның мақтанышы.

   Осы алып спорт стадионында 2012 жылы VII қысқы Азиаданың ашылу рәсімі жүргізілді.

2010 жыл.

Үкімет   индустриялық   –   инновациялық   бағдарламаны   жүзеге   асыруға   кірісті.   Үдемелі   индустриялық   –

инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде

үстіміздегі   жылы   ғана   140   –   тан   астам   жаңа   бәсекеге   қабілетті   өнеркәсіп   кәсіпорыны   іске   қсылды.   1   –   2

желтоқсанда   Астана   қаласында   мемлекет   тарихында   тұңғыш   рет   Орта   Азия   елдерінің   басшыларының

қатысуымен   ЕҚЫҰ   VII   саммиті   өтті.   Тіпті,   өткен   ғасырдың   өзінде   КСРО   –   да   Мәскеу   қауіпсіздік   мен

ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі

халықаралық ұйым Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де басты оқиға.

2011 жыл.

      2011   жылы   25   –   27   мамырда   Астана   қаласында   Дүниежүзі   қазақтарының   IV   құрылтайы   өткізілді.   35

мемлекеттен 365 өкіл қатысты.

    2011 – 2012 жылдары Қазақстан беделді халықаралық институттардың бірі – Ислам конференциясы ұйымы

БҰҰ – дан кейін II орынды иеленетін беделді халықаралық бірлестік. Оған 57 мемлекет мүше. Штаб пәтері –

Сауд Арабиясының Джидда қаласында.

     30 қаңтар – 6 ақпан аралығында Астана мен Алматы қалаларының VII қысқы Азияда ойындары өткізілді.

Алау Алматыда басталы, 1020 алаугер Қазақстан өңірлерін аралады. Ұраны: « Мақсаты бірдің – рухы бір! ».

Қорытындысы бойынша Қазақстан 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль алып, I – орынды иеленді.

     3 сәуір күні кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауы  өтті. Нәтижесінде 95,5% - бен ҚР Президенттігіне

Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.

2012 жыл.

     15 қаңтар   күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп

партиялы   атанды.   Парламентке   «Нұр   Отан»   партиясынан   бөлек,   «Ақ   жол»   мен   Қазақстанның   халықтық

комунистік партиясы өтті.

   2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды.

Лондон   олимпиадасында   Қазақстан   құрамасы   7   алтын,   жалпы   командалық   есепте   12   орынға   ие   болды.

Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Біздің құрама Олимпиадаларда бұрын – соңды мұндай нәтижеге

қол жеткізген емес.

      Жылдың   ең   маңызды   саяси   оқиғасы   –   «   Қазақстан   2050   »   стратегиясы   14   желтоқсан   күні   Президент

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2050жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады.

2013 жыл.

Қ.Р.Президенті Н.Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы

зейнетақы» қорын құрды. Бірігуге дейін елімізде 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп, олардағы жалпы

жинақ көлемі 3,116 триллион теңгені (21 миллиард доллор) құрады және 8,5 миллион клиенттің есепшоты

ашылды.

    Жылдың ең өзекті әлеуметтік тақырыбы – әйелдердің зейнетке шығу жасының көтерілу мәселесі. Көптеген



пікір   алмасу   нәтижесінде   зейнетке   шығу   жасы   2014   жылдан   бастап   келесі   10   жыл   ішінде   бірте   –   бірте

көтерілетін блды. 10 жылдан соң әйелдер мен ерлердің зейнетке шығу жасы теңесіп, 63 жасты құрайтын болды.

2014 жыл.

Президент Н.Назарбаев «Керей мен Жәнібек 1465ж алғашқы хандықты құрып, қазақ мемлекеттілігінің негізін

салды. Бәлкім ол бүгінгі түсініктегі мемлекет болмаған шығар, бірақ ешқандай мемлекет дәл бүгінгі күйінде

құрылмады. Басты нәрсе, сол кезде негіз қаланды және өз ата-бабамыздың салған ізінің жалғастырушысымыз» -

деп атап өтті. 2014ж. ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » атты жолдауында

Президент әлем дағдарыс салдарынан жақандық сынақ уақыты болатынын атап өтті, осындай қиын кезеңнен

тиімді шығудың тетіктерін жариялады.

2015 жыл.

41  


     2015 ж – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мереилі белестер

жылы.   Қазақ   хандығының   550   жылдығын,   Қазақстан   халқы   Ассамблеясы   мен   Конституциямыздың   20

жылдығын,   Ұлы   Жеңістің   70   жылдығын   атап   өтеміз.   Осынау   тарихи   белестер   Жаңа   Қазақстандық

Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы

деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.

   14 желтоқсан 2014жыл Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар

жол. 

2016 жыл.



      Рио – де Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 9

қола медаль еншіледі. Жалпы командалық есепте қазақ елі 22 – ші орынды иеленіп, медаль саны жағынан

рекорд жаңғыртты. «Тәуелсіздік тарихының алтыншы Олимпиадасында қазақ елі 17 медальге ие болды. Бұл

жаһандық   жарыс   біздің   тарихымыздағы   ең   олжалысы   болды.   Бұл   спортшылардың   Тәуелсіздігіміздің   25

жылдық мерейлі белесіне қосқан толайым табысы деп білеміз. Біздің спортшымыз әлемдік бәсекеге қабілетті

екенін көрсеттік» - деп толықтырды Н.Ә.Назарбаев.

Еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен танысып, үлкен ой - түйін жасадық, яғни елімізді дүние жүзі

танып мойындағанын көріп отырмыз. Бұл – біз сияқты жас мемлекет үшін үлкен жетістік және үлкен мәртебе !



Пайдаланылған деректер:

1.Қазақстан тарихы : әдістемелік журнал 2012жыл №3

2.Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал 2011жыл  №6

ОҚУШЫЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ҮЙРЕТУ

ОҚО, Түркістан қаласы Некрасов атындағы 

№ 9 мектеп-гимназия Кубанова Лида Магамедовна 

   Жылдар  бойы аңсаған  тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет  тілі  де мемлекетаралық  тіл мартебесіне  ие

болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылуы аясын кеңейту, біздер үшін кезек күттірмес мәселенің бірі болды.

Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан-жылға артып, оны оқытудың тиімді

әдіс-тәсілдері,   технологиялары   бойынша   зерттеу   жұмыстары,   оларды   тәжірибеге   енгізу   шаралары   қолға

алынды.   Бүгінгі   таңда   ХХ1   ғасыр   табалдырығын   еркін   аттаған   азат   ұрпаққа   тәлім-   тарбие   білім   беруді

жетілдірудің,ағылшын   тілін   оқытудың   басым   бағыттарын   айқындау   педагогика   тәжірибесінің   көкейкесті

мәселелерінің бірі болып отырғаны анық. Ел болашағын ойлай отырып, заман талабына сай білімді ұрпақ етіп

тәрбиелеп шығаруға қадам осы.

Еліміздің   білім   беру   саласында   түрлі   технологиялар   енгізілуде,   бірақ   олардың   ішінен   қажеттісін

таңдап,сабақтың кезеңінде тиімді қолдану- басты талап. Меның айтпағым технологияларды кеңінен пайдалану

емес,   мәселе   тұлғаны   нәтижеге   бағыттай   білім   беруде.   Қазіргі   таңда   айтар   болсақ,   сабақта   қолданылатын

көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісі ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі

атқара   алады.   Әуелгі   мәселе,   тіл   тағдырын   жетілдіру   көп   ретте   мектепте   атқарылатын   жұмыс   деңгейіне

байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңіріп, көкірегіне ұялату үшін

әрбір пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

  Оқушыға ағылшын тілін саналы турде меңгеруге, оны өз деңгейіне   қажеттілікке айналдыру, бір жылғы

мәселе   емес,   сондықтан   ағылшын   тілін   оқыту   ісімен   шұғылданатын   мамандар   арасында   туындайтын   бір

сұрақ .ағылшын тілінде өз ойын   ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны

ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

  Мұғалімнің ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдануы, мәтіндер мен ақпаратты білуге, оны терең

ұғындыруға жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені

кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.  

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі

күннен-күнге   өзекті   болып   келеді.   Тілді   ақпараттық-коммуникативтік   технология   арқылы   оқыту-   тіл

үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен   қатар   оқушылар   интелектуалдық,   шығарма-   шылық   және   коммуникативтік   істер   дамыта   алады,

оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға  шығармашылық жұмыс

ұсынуға болады.   Жаңа ақпараттық техналогияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап,

оқыту мақсаттарын жузеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық денгейлерінің тиімділігі мен сапасын

жоғарылату-бүгінгі   күннің   басты   талабы.Олай   болса.оқушыны   ағылшын   пәніне   қызығушылығын   тудырып

дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға  жедел үн қосу керек деп

білемін. Шетел тілін үйрету қыйында, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа

техналогиялық әдістерді  қолдана отырып, сапалы  терең  білім беру,  оқушылардың  ойлау,  есте сақтау,  көру

42  


қабілеттерін   жетілдіру.Мектептерде   жаңа   технологиялар   арқылы   оқыту   шет   тілін   үйренудің   сапасы   мен

маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп

оқыту өте маңызды. Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың

ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін

оқытудағы білімділік мақсаты – шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып,

қарым-қатынасты   нығайтуға   ұмтылу   болса,   тәрбиелік   мақсат   –   өзге   адамдарды   тыңдау   мәдениетін

қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу жане қорғауға үйрету.

  Ағылшын   тілді   оқытуда   жаңа   технологияларды,   техникалық   құралдарды   сабақта   жан-жақты   қолдану,

мұғалімнің көптеген қыйындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымы жаңа тәсілдерінің пайда

болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік

бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. 

  Жаңа техникалық құралды қолдану аясын кеңейтіп, білімді беруде өз ыңғайына сәйкестендіру. Ол тек қана

техникалық   құрал   емес,   сонымен   бірге   жаңа   ақпараттық,   коммуникациялық   технология   және   білім   беру

жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады. Компьютерлік телекомуникациялар бүгінгі қоғамда

үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман мұғалімі тек

өзінің   пәнін   терең   білгірі   болу   емес,   тарихи-   танымдық,   педагогикалық-психологиялық   сауатты,   саяси-

экономикалық   және  ақпараттық   – ком-  муникациялық  білімді,  ақпараттық-коммуникациялық   технологияны

жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болуы керек. 

 Расымен, ағылшын тілі-бүгінгі заман кілті, келешектің тұтқасы  ғана емес, компьютер технологиясының кілті

екені белгілі. Біздің мемлекетімізде жаңа ақпараттық құралдардың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман

педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл

екені   белгілі.   Бұл   құралдың   қуаттылығы   соншалықты   онымен   бірге   білім   жүйесіне   жаңа   әдістермен   бірге

әлемдік ойлаудың  жаңа идеологиясы енгізілді. Балаға қызықты, жан-жақты ойластыруға, ізденуге, тәжірибе

алмасуға да зор ықпалы бар. Ақпараттық технология - заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты-компьтер

желісін   және   мультимедиялық   –электрондық   құралдарды   шет   тілі   сабағында   тиімді   қолдану,   нақтылап

айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық- электрондық құралдарды мектеп

қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

     Ағылшын тілі- ұлы әдебиет тілі. Ақпараттық технологияны сабақ барысында тиімді қолданғанда:

-

лексиканы оқып үйретеді;



-

сөйлеу ырғағын; 

-

диалог, монолог  және ролдік ойындарды;



-

хат жазуға үйретеді;

-

грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп , оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.



          Оқушылардың   ағылшын   тілі   пәніне   деген   қызығушылығын   арттыруда   көп   ізденіп,   жаңа   ақпараттық

технологияларды меңгеруді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын. 

     Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында күтілетін нәтижелер:

-

үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;



-

оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

-

сабаққа пайдаланатын көрнекіліктердің  санын арттырады;



-

оқушылардың шығармашылығын арттырады;

-

оқушыларды жеке жүмыс істеуге үйретеді;



-

грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

-

оқушылардың есте сақтау, көру, сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамытады;



-

пікірталас, талдау және анализ жасаумүмкіндіктерін арттырады;

-

тіпті қашықтықтан білім алып, олимпиадаларға қатысып, өз  білімдерін шыңдай алады.



  

Сондықтан АҚТ-ны дұрыс әрі орынды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен қызығушылығын

арттыруға болады.

 

43  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет