Семинар Зертханалық


КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата09.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#27381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
 

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 

9.1 Дәрістер 

1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазіргі әдеби процесстің даму тенденциялары.  

Сағат саны  1 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1. Кіріспе. Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері. 

2. Әдебиет теориясының өзге ғылым салаларымен байланысы. 

3. Әлемдік әдебиеттану ғылымы және әдебиет теориясы.    



Дәріс  тезисі:  Әдебиет  теориясы  –  әдеби  творчествоның  табиғаты  мен  қоғамдық  функциясын 

зерттейтін және оны талдаудың методолгиясы мен методикасын айқындайтын ғылымның негізгі 

салаларының  бірі.  Әдебиет  теориясы    –    әдебиеттану  ғылымының  жетекші  саласы.  әдебиеттану 

ғылымының үш саласы бар: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны.  Әдебиет теориясы 

–  әдебиеттің  даму  заңдылықтарын  және  әдеби  шығарма  мен  әдеби  процеске  ортақ  негізгі 

белгілерді  айқындайды.  Әдебиет  теориясы  –  көркем  әдебиеттің  ерекшеліктерін  талдап  таныту 

арқылы  оны  зерттеудің  тәсілдерін,  негізгі  принциптерін  де  айқындайды.  Әдебиет  тарихы  –  адам 

баласының  тарихында  көркем  әдебиеттің  қалай  пайда  болғанын,  қандай  жолдармен  дамығанын 

зерттейді.  Әдебиет  сыны  өз  тұсындағы  әдебиет  мәселелеріне  араласады.  Сыншы  –  күнделікті 

әдеби  құбылыстарды  талдаушы,  талғаушы  адам.  Әдеби  сында  көркем  шығарманы  бағалаудың 

жолдары, тәсілдері бар. Көркемдік кретерий – сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік 



түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. Әдебиеттің үш саласы өзара тығыз 

бірлікте.  

 

Әдебиеттанудың  жанама  тараулары:  текстология,  историография,  библиография. 



Текстология  –  филологияның  бір  саласы;  шығарма  мәтінінің  анық-қанығын  сақталған 

қолжазбасымен,  түпкі  нұсқасымен  салыстырып  тексеретін,  нәтижесін  жариялайтын  саласы. 

Библиография – әртүрлі пәндер бойынша кітаптарға, зерттеулерге анықтама-мағлұматтар беретін 

көмекші  құралдар  жасайтын  жанама  ғылым  саласы.  Историография  –  әдебиет  теориясының, 

тарихының,  сынының  сан  ғасырлар  бойғы  тарихи  дамуы  туралы  деректер,  мәліметтер, 

материалдар  жиынтығы.  Текстология  –  филологияның  бір  саласы;  шығарма  мәтінінің  анық-

қанығын  сақталған  қолжазбасымен,  түпкі  нұсқасымен  салыстырып  тексеретін,  нәтижесін 

жариялайтын саласы.  



Бекіту сұрақтары 

1.  «Әдебиет» сөзінің маңызы мен атқаратын қызметі қандай?  

2.  Сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері қандай?  

3.  Әдебиеттанудың ғылым ретінде зерттейтін мәселелерінің аумағын анықтаңыз? 

4.  Көркем  әдебиеттің  өнер  ретіндегі  өзіндік  ерекшеліктерімен  көркемдік-идеялық  мәнін, 

қоғамдық сипатын ажыратып жазыңыз.  



Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиеттеориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 292 бет. 

- ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 568 бет. 

3.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  2-том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 372 бет. 

4.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  3-том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 440 бет. 

5.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиет  теориясы.  Антология.  4-том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019. - 452 бет. 

6.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

7.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  

8.Шәбжантайқызы М. Әдебиет теориясы – көркемсөз ғылымының айнасы. Көкшетау, 2002. -186 б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет