Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата09.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#27381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Бекіту сұрақтары 

1. Әдебиет өнеріне тән көркем бейне және бейнелілік деген ұғымдар аясын айқындаңыз?  

2. Көркем бейне қаламгер үшін көркем таныту құралы бола ала ма?  

3. Көркем бейненің жекелік (жалқылық) және жалпылық қырлары неден көрінеді? 



Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.  - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

 

5 Тақырыбы: Өнердегі «типтілік» мәселелері. Типтендіру түрлері. 

Сағат саны  1 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1. Өнердегі типтілік мәселесі. 

2. Типтендіру – өнердің басты заңдылығы. 

3. Типтендірудің түрлері, ерекшеліктері. 

4. Типтілік пен көркемдік шарттары. 

5. Классикалық әдеби типтер. 



Дәріс тезисі: Типтендірусіз, көркем жинақтаусыз өмір шындығы өнер шындығына, яғни көркем 

шындыққа  айналмайды.  Орыстың  В.Днепров,  Б.Сучков  сынды  ғалымдарының  пікірінше 

типтендіру  (типизация)  өнердің  реалистік  арнада  дамуының  жоғары  кезеңінде  ғана  байқалатын 

ерекшелік.  Нағыз  реалистік  өнерге  тән  заңдылық.  Типтендіру  проблемасының  ғылымда  ХІХ 




ғасырдың  ІІ  жартысында  қатты  көтерілуі,  күн  тәртібіне  қойылуы  тегін  емес.  ХІХ  ғасыр 

реализмнің,  реалистік  өнердің  Европада,  орыс  әдебиетінде  айырықша  дәуірлеген  кезеңі.  Төл 

әдебиетіміздегі  Абай  өлеңдеріндегі  үздік  көркемдік  жинақтау  үлгісін  еске  түсірейік.  Абайдың 

сатиралық  өлеңдеріндегі  типтер,  саяси-әлеуметтік  лирикасындағы  өмір  шындығының  терең 

бейнеленуі, мұның бәрі шынайы, кемелденген реалистік өнерге тән ерекшеліктер. 

 

Типтендіру  яки  көркем  жинақтау,  сонымен  өнер  заңдылығы.  Бұл  қаламгердің  жазатын 



тақырыбына,  өзін  толғандырған  өмір  мәселелеріне  орай  зерттеп-жинаған  материалын  (тарихи 

деректері,  ауызекі  әңгіме,  шешендік  сөз,  архив  құжаттары,  кино-теледидар  хабарлары, 

қойылымдары,  баспасөз  материалдары,  өмірбаяндық  жайлар,  естеліктерді,  түрлі  құжаттар  т.б.) 

шығармасында  бейнелер  уақытқа,  кезеңге,  кейіпкерлер  болмысына,  танытпақ  идеясына, 

көзқарасына сәйкес лайықтап екшеп-елеуі, аса мәнді, қажетті деген дерек, фактілерді, оқиғаларды 

сұрыптауы.  Сөйтіп  осындай  сүзгіден  өткен,  таңдалып-іріктелген  материалдарды  шығарманың 

сюжеттік-оқиғалық желісінде, көріністерде кейіпкерлер тұлғаларын даралау, мінездерін айқындау, 

бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу мақсатында шеберлікпен қолдана білу. Өмір шындығынан 

алынып,  сұрыпталып,  жинақталған  әрбір  дерек,  деталь,  факт  шығарма  идеясына  сай  суреттеліп 

отырған оқиғалар желісінен, кейіпкерлерді қарым-қатынасы жүйесінен, тартыстан өзінің лайықты 

орнын  алуы шарт. 

Бекіту сұрақтары 

1.  Өмірдегі  типтік  құбылыстар,  көріністер  дегеніміз  не?  Олардың  өнер  туындысында  бейнелену 

себебі не?  

2. Кейіпкерлерді тип, яғни, типтік тұлға немесе эпизодтық, екінші кезектегі бейне деп бөлу неге 

байланысты?  

3. Бүгінгі өмірдің типтік құбылысы деп нені атауға болады?  

4. Типтік бейне қандай тұлға? Мысал келтіріп дәлелдеу.  

Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.  - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

4.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет