Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата09.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#27381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
 

2 Тақырыбы: Ұлттық сөз өнерінің қалыптасу және даму тарихы. 

Сағат саны  1 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1. Қазақ әдебиеттану ғылымының бастаулары.  

2. Түркі халықтарына ортақ ежелгі дәуірдегі әдеби мұраны игеру және әдебиеттану ғылымы. 

3. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлесі. 

4. Орта ғасырлардағы әдеби-эстетикалық ой-толғамдар 

5. ХІХ ғ. поэзия өнеріне қатысты толғамдар. 



Дәріс тезисі: Қазақ халқының өнері, мәдениеті, әдебиетінің тарихы, дүниетанымдық ой-көзқарасы 

ұлттық  тарихымен  байланысты.  Себебі,  әдебиеттану  ғылымының  негізгі  зерттеу  нысанасы  сол 

ұлттық  әдебиет  екені  белгілі.  Бұл  өте  күрделі  мәселе  болып  табылатын  әдеби  мұраны  игеру 

процесіне әкеледі. Әдеби мұраны игерудің алғашқы баспалдағы белгілі бір шығарманы талғаммен 

қабылдаудан,  өнер  туындысы  ретінде  танудан,  рухани  азық  ретінде  қажетсінуден,  көркем  сөз 

құдіретін  түсінуден,  танымдық-тағлымдық  мәнін  ұғынудан  басталады.  Көне  дәуірден  бергі 

әдебиет нұсқалары көркем туынды дәуірінде ғана емес, өткеннің шежіресі, кешегі тарих ретінде де 

халықтың рухани өмірінде жоғары роль атқарған. Сол себепті де оны хатқа түсіру, әдеби тарихи 

мұра  деп  бағалап,  әр  түрлі  жазба  ескерткіштерге,  сөздіктер  мен  шежірелерге  енгізу,  алғашқы 

ғылыми сипаттағы еңбектер мен трактаттарда қарастырады. Әдебиет теориясы ой-пікірдің тұңғыш 

рет  көрініс  табуы,  әдебиеттанудың  ғылымдық  ертедегі  сілемдері  деп  санау  керек.  Біздің 

ойымызша, қазақ әдебиеттану ғылымының тууына негіз болған фактордың бірі болып саналатын 

ұлттық  әдеби  мұраны  игерудің  алғашқы  қадамдары  қазақ  әдебиетінің  арғы  бастаулары  болып 

саналған  көне  түркі  жазбалары  мен  ескерткіштерінен  басталады.  Оны  ұлттық  әдебиеттану 

ғылымының туу процесіне әкелетін тарихи алғышарттарға толы кезеңінің басы санаған орынды.  



Бекіту сұрақтары 

1.  Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштеріне қандай мәдени мұралар жатады? 

2.  Қазақ  халқының  өнері,  мәдениеті,  әдебиетінің  тарихы,  дүниетанымдық  ой-көзқарасы  ұлттық 

тарихымен байланыстылығы неде? 

3.  Әл-Фарабидің «Поэтика» атты еңбегінің құндылығы неде? 

4.  Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ізі қандай ескерткіштерде сақталған? 

5.  Әбу Насыр Әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлес-салмағы қандай?  

Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.  - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

4.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  

 

3 Тақырыбы: Қазақ ұлттық әдебиет теориясының тарихи даму жолы.  



Сағат саны 1 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1.  ХХ. ғ. қазақ баспасөзі және әдеби-эстетикалық талап-тілектер. 

2.  М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың әдеби әдіске қатысты пікірлері. 

3.  А.Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқышы»  –  қазақ  әдебиеттануындағы  алғашқы  теориялық 

кітап. 

4.  1920-30 жж. әдебиет тарихының зерттеулері және әдеби сын. 

5.  1920-30 жылдардағы әдеби-теориялық ой-пікірлер.  

6.  Қазақ әдебиеттану ғылымының даму жолдары (1940-1955).  

7.  Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдоловтардың әдебиет теориясы туралы оқулықтары. 

8.  Әдебиет теориясын зерттеген қазақ ғалымдары мен олардың еңбектері. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет