Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата09.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#27381
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Бекіту сұрақтары 

1.  Сюжеттік  дамудың  ең  жоғарғы  сатысы,  адамдар  арасындағы  қимыл-әрекеттің  мейлінше 

күшейіп, өрбіп жеткен жері қалай аталады?  

2.  Нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже негізіндегі идея түрі? 

3.  Көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндауды не дейміз? 

Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.  - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 

2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

4.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  

 

Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері. Әдеби жанрлар теориясы. 

Сағат саны  2 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1. Әдебиетті текке, түрге бөлу принциптері. 




2. Эпостық тек, эпикалық жанрлар. 

3. Лирикалық жанр, ерекшеліктері. 

4. Драмалық жанр. 

5. Аралас жанрлар табиғаты. 



Дәріс  тезисі:  Жанр  (французша  -  gener)  -  тек,  түр.  Жанр  ғасырлар  бойы  әдебиеттің  тегі 

мағынасында  қолданылып  келді.  Екінші,  тіл  мамандары,  француздың  тілінде  бұл  сөздің  ең  дәл 

мағынасы  –    тегі,  «түр»  қосалқы  ұғымда  айтылатындығын  растайды.  Әдебиет  –  яғни,  сөз  өнері 

эпос,  лирика,  драма  дейтін  негізгі  үш  салаға  жіктеледі.  Бұлар  әдеби  жанрлар  мен  түрлердің  тегі 

деп  те  аталады  және  олардың  әрқайсысы  мазмұны  және  суреттеу,  баяндау  тәсіліне  қарай  өз 

тарапынан  жүйе  құрып,  жанрлық  түрлерге  бөлінеді.  Бөлінгенімен,  ішкі  байланыстарын  үзбей, 

бояулары  бір-біріне  кіріксе  де,  өздеріне  тән  ерекшеліктерін  сақтап  қалады.  Эпос  –    әдебиеттің 

негізгі  үш  тегінің  бірі,  әдебиеттің  баяндау  жанрларының  басын  құрайды.  Эпос  тұтастықты 

көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, 

кең тынысты шығарма туады. Эпостық шығармалар тарихы сонау қадым замандардан басталады. 

Аңыз,  ертегі,  дастан,  жырлар    –  біздің  баға  жетпес  ұлттық  мұрамыз.    Болмысты  бейнелеу,  адам 

мен  қоғам  өмірін  суреттеу  эпос  жанрында  негізгі  үш  арнамен  атқарылады.  Ол  жанрлар  шағын 

көлемді  (анекдот,  мысал,  әңгіме,  новелла,  әпсана-хикаят),  орташа көлемді (поэма,  повесть) және 

ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді.  

 

Үш  текті  әдебиет  жанрларының  бірі  –  лирика,  адамның  көңіл-күйін  шертеді.  Бұл  жанрда 



«ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі» (Байтұрсынов). Лирикалық жанр түрлері 

қазақ  ауыз  әдебиетінде  терме,  толғау  нысанында  қалыптасты.  Әлемдік  әдебиетте  ертеден  өріс 

алған  элегия  (мұңды  өлең),  ода  (мадақ  өлең),  эпиграмма  (әжуа  өлең),  эпитафия  (жоқтау),  сонет 

сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік 

орын  тепті.  Саяси-әлеум.  лирика  түрлері  де  дамыды.  Тақырыбы  мәңгілік  саналатын  махаббат 

лирикасы,  табиғат  лирикасы  түрлерінен  қазақ  поэзиясы  әлемдік  поэзияның  қай-қайсысымен  де 

иық теңестіретін шығармалар тудырды. Әдебиеттің үшінші тегі – драма. Мұнда оқиға көз алдында 

өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет 

үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке 

қарсы  әрекет.  Оны  істейтін  кейіпкерлердің  характері.  Бәрі  соған  байланысты:  жақсылық  та, 

жамандық та. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет