Шиелі аудандық сотының
баспасөз қызметі.
№243 негізгі орталау мектебінің
ұжы мы мектеп мұғалімдері Бекжігітова
Айсұлу мен Сарбалаева Қатшагүлге ата-
сы және кіші қызметкер Ізімбетов Бей-
сенбекке ағасы
Жәнібектің
қайтыс болуына байланысты қайғылары-
на ортақтасып көңіл айтады.
«Мәңгілік ел» ұғымы еліміздің тари-
хында ежелден бар. Бұл сөз кезінде Түркі
қағанаты тұсында да қолданылған. Түркілер
өздерінің ұлы мемлекетін «Мәңгілік ел»
деп атағаны тарихтан мәлім. Орхон-Енесей
ескерткіштерінде, Күлтегін жазбаларында да
«Мәңгілік ел» сөзі ұшырасады. Демек, бұл
кездейсоқ келген этнотермин емес. Қазақтар
– бағзы заманнан қалыптасқан ұлт. Біздің та-
рихымыз – өз бой-бітімімізде, өз сүйегімізде
таңбаланып қалған. Кейбіреулер «Қазақ де-
ген болған емес, бұл – қолдан жасалған ұлт»
дегенді айтып жүрді.
Мұның бәрі – шындыққа жанаспайтын,
ғылыми дәлелсіз бос сөздер. Мықты болса,
ғылыми дәлелдемелерін алға тартып көрсін.
Қазақ халқының антропологиялық тари-
хы» кітабын оқығанымызда 4 мың жылдық
эволюциялық биоәлеуметтік тарихын ғылыми
негіздемелерге сүйене отырып жазылған екен.
Сонда айтылатыны, қазақтардың тек өзіне
ғана тән морфологиялық, физиологиялық
ерекшеліктері бар. Генетикалық жағынан
қазақ жеке-дара ұлт екені дәлелденеді. Осы-
дан 4-5 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір
сүрген тайпалардың гендік ерекшелігінің
үштен бір бөлігі қазіргі қазақтардың бойын-
да сақталып қалған. Демек, бүгінгі ұрпақтың
атакіндігінде, өз елінде тұрып жатқанына
40 ғасырдан аса уақыт болды. Қазір айты-
лып жүрген «Мәңгілік ел» ұғымы қазақта
ғасырлар бойы қалыптасты. Мыңжылдық та-
рихы бар еліміз қандай аласапыран заманда
да өзін сақтай білді. Егер 4 мың жыл бойы өз
құндылығымызды жоймай, ұлт ретінде өзімізді
сақтап келсек, келесі мыңжылдықтарда да
ұрпақтар сабақтастығы үзілмейтініне сеніміміз
кәміл. Қазақ қазақ болғалы мәңгілік елдің түп
негізі әу бастан-ақ берік қаланған.
Қазақ халқының 40 ғасырлық тари-
хы бар деп жатырмыз. Демек, қазақтың
нақты ұлт болып қалыптасуына тарихи
алғышарттар жасалды, ол кезеңдерден өтті.
Енді біз теория жүзінде «Мәңгілік ел» ретінде
қалыптасу үдерісі сатысында тұрмыз. Әлі
толыққанды деңгейге жете қойған жоқпыз.
Өзіндік идентификацияның 13 деңгейі бол-
са, біз соның бесінші, алтыншы сатысында
ғана тұрмыз.
Оның көптеген себептері бар. Біз ішкі
және сыртқы қайшылықтарды жеңіп, әрі қарай
кедергісіз дамуға жағдай жасай алғанда ғана
мәңгілік қазақ елі болуға мүмкіндігіміз бар.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақ мемлекеті өзінің
бағыт-бағдарын анықтау үстінде. Жиыр-
ма бес жылдан аса уақыт ішінде бірнеше
тұжырымдамалар ұсынылды. Ең соңғысы
– қалыптасқан мемлекет және оның жаңа
стратегиясы. Осында Елбасы «Мәңгілік ел»
тұжырымдамасын ұсынып отыр.
Әлемде шындығына келгенде, мәңгілік ел-
дер болмаса да, мәңгі дейтіндей елдер бар.
Мысалы, Қытай, Иран мәдениеті. Осы мемле-
кеттер адамзат жаралғалы өркениеттің бір-бір
бағыты, тірегі болып келеді. Солармен қатар,
Түрік қағанаты, мемлекеті де бірде күшейген,
бірде әлсіреген. Әлемдік саясатта алпауыт
мемлекеттермен тайталасқан. Біздің ата-
бабамыз мемлекет құрған, бақуатты, баянды
өмір сүрген. Оны есепке алсақ, «Мәңгілік ел»
атанып жүруімізге заттық, материалдық, ру-
хани негізіміз бар.
«Мәңгілік ел» ұғымын прагматикалық
тұрғыдан бүгінге бұрсақ, уақыт пен заман
сынына төтеп беретін ел болудың бірінші
сатысы – Қазақ елі деген ұғым сияқты.
Мәңгілік елдің эволюциялық дамуының
алғашқы кезеңі – Қазақ елі. Сондықтан, біз
бүгінгі қазақ елін нығайту мәселесіне келейік.
Жаңа айтылғандай, мемлекеттің тіректері,
ұстындары көп. Экономикалық, материалдық
әл-ауқаты – бірінші тірегіміз. Өйткені, адамның
тіршілігі ең алдымен санасымен, деңгейімен,
оның болашаққа көзқарасымен, бүгінгі
материалдық-заттық сапасымен анықталады.
Идеологиялық тұрғыдан тіл мәселесі де айты-
лып жатыр. Сонымен бірге, кейінгі оқиғалар
көрсеткендей, Қазақ елінің маңызды бір тірегі
– оның әлеуметтік қуаты мен қоғамдық бірлігі.
Мысалы, ТМД елдерінде, әсіресе, украй-
нада өрбіп жатқан оқиғалар сол елдің
қоғамдық бірлігінің татулығының жоқтығын
көрсетеді. Мемлекет құраушы жүйенің
жоқтығын әшкерелеп берді. Сондықтан, Қазақ
елінің тірегі – осы жердің иесі қазақ ұлтының
сапасы, оның мемлекетте алатын орны.
Қазақ елінің беріктігі, мәңгілігі осы елдегі жүйе
құраушы, мемлекет құраушы ұлттың үлес
салмағымен өлшенеді.
Бізде «Мәңгілік ел» идеясының базасы
толық жасақталды. Бірақ мемлекетіміз соған
дайын деуге әлі ертерек секілді. Өйткені, осы
ұғымға сай болу үшін атқарылатын жұмыстар
көп. Қазір мұның алғашқы іргетасы қалана ба-
стады деп айтуға келеді. Екінші жағынан, бұл
мәселені көтеретін кез келді.
Рас, бір кездері отар елге айналдық. Түрлі
қиыншылықтарға ұшырадық. Халқымыздың
бұл идеядан кішкене алыстаған тұстары да
болды. Бірақ, мүлдем жоғалып кеткен емес.
Ал енді егемендігімізді алып, тәуелсіз
мемлекетімізді құрып, дербес экономика-
мызды қалыптастырып жатқанда дәстүрлі
ұғымның күн тәртібіне қойылуы – әрине, заңды
құбылыс. Енді осының алғышарттарына кел-
сек, «Мәңгілік ел» туралы айтқанда «оның
негізгі сүйенетін тірегі қандай болу керек?»
деген сауал туындайды. Біріншіден, мәңгілік
елдің үлкен идеологиялық негізі болуы шарт.
Идеологиялық негіз неден тұрады? Сөз жоқ,
біріншіден, тіл мәселесі. Мемлекеттік тілді өз
тұғырына қондыру керек.
Екіншіден, тарихи сананы қалыптастырға-
нымыз абзал. Біз – өз тарихымызбен
мақтанатын елміз. Біздің тарих ұялатындай,
ешбір тарихтан кем емес, қажет болатын
болса, тіпті, әлемдегі ең алдыңғы қатарлы
өркениеттердің санында болған, кешегі
ұлы түріктің ұрпағы, арғы дәуірлерде ұлы
мәдениет жасаған этностың қазіргі жалғасы
дейтін тарихи сапаны өзіміздің ғана емес,
осы елде тұратын ұлт өкілдерінің де санасы-
на сіңіруіміз керек. Тарихи сананы тұғырына
қондыратын сәт келді. Мұның алғышартын
Елбасының өзі қалап берді.
«Мәңгілік ел» деген ұғымды айтар кезде
кешегі тарихымызды қаперден шығармайық.
Қазір қазақ елі мен «Мәңгілік ел ұғымдарын
біріктіретін» деген пікірлер туындап жатыр.
Бұған басқа этнос өкілдері де қарсы емес
секілді.
«Мәңгілік ел» бүгін ғана айтыла салған
атау емес. Тарихымызға көз жіберсек, түркі
дәуірінде Тоныкөк абыздың айтқан сөзі бар
екен: «Мәңгілік ел» болып қалыптасуымыз
керек. Біздің бектерімізбен қағандарымыз
өзге жұрттың алдауына түспеу керек. Аға
буын қателессе, ол кейінгі жас ұрпаққа да
қиындығын тигізеді. Сондықтан, біз шектес-
шекаралас елдермен сарабдал саясат
жүргізуіміз керек» деген. 2003 жылы шыққан
Елбасының «Тарих толқынында» атты
кітабында біздің қазақтың ата тарихы он
екі асқаралы белеске бөлінген. Соның бір
белесінде Түрік қағанаты туралы айтылған.
«Мәңгілік ел» қалыптасты деп жақсы
көрсетілген. «Мәңгілік ел» идеясының
көтерілуі мен «Мәңгілік ел» қақпасының
ашылуы өте орынды. Себебі, бұл жаһандық
жағдайда елдігімізді, тұтастығымызды сақтау
үшін аса қажет, үлкен идея. Тіпті, мәңгілік
ұлттық идея деп айтуға негіз бар. «Мәңгілік
ел» идеясы төңірегінде біздің қазақ халқы
титулды ұлт, ал біздің жерімізде мекендеуші
өзге этностар сол ұлттың төңірегінде топта-
сып, әрмен қарай бейбіт өмір сүріп, саяси
тұрақтылықты сақтауы керек. Ол үшін қазақ
халқы бекем болса дейміз.
Қай жағынан мықты болуы керек? Ал-
дымен, өз тілін құрметтеу, үйрету тетіктерін
жетілдіру қажет. Одан кейінгі дін мәселесі.
Біз салт-дәстүрімізді дәріптеген халықпыз.
Салт-дәстүрін көздің қарашығындай сақтаған
халықтың болашағы жарқын болатыны
белгілі. Одан кейінгісі – дін мәселесі. Діни
сауатты мамандар ислам дінінің негізгі
қайнарларын дұрыс түсіндіріп, жастарды
түзу жолға бағыттағаны абзал. Бір сөзбен
айтқанда, «Мәңгілік ел» идеясы уақытында
көтеріліп отыр.
Идеяның негізгі қозғаушы күші – адам.
Оның ішінде нақтырақ айтқанда, осы елдің
иесі – қазақ. Қазақ қазақпен қазақша сөйлеу,
болмаса қазақтың атына, намысына тиетін
сөз айтылғанда үндемей қалмау сияқты
елдігімізге сын, ұлттығымызды ұстап қалатын
механизмді бізге бөтен ешкім әкеп бере ал-
майды. Мәңгілік елде болатын бір-ақ тетік
бар. Егер, әр қазақ, мейлі ол қолында билігі
жоқ, қарапайым маман иесі болса да, Өзінің
ұстанымынан айнымаса, біз мәңгілік ел бола-
мыз. Сол себепті қазақтың әр азаматының са-
пасын көтеру – бірінші кезектегі мәселе. Со-
нымен, бізге «мәңгілік ел» идеясын өмірімізге
етене ендіру үшін тіл, діл, дінімізді жетілдіру,
мәртебесін көтеру, түсіндіру, күнделікті
өмірге алаңсыз ендіруіміз керек десек, эко-
номикамызды әлі де көтеріп, әлеуметтік
жағдайымызды дұрыстап, өнім өндіруші
елге айналып, қорғаныс қабілетімізді арт-
тырып, географиялық, саяси шарттарды
үнемі бақылауда ұстап, үлкен бір мәселе,
демографиялық өсімді жіті қадағалап,
жағдай жасап отыруымыз аса қажет. Осы
қазақ халқының санының аздығы көп ретте
айтарлықтай кедергісін жасап жүр. «Қазақ
елі» көнеден келе жатқан ұғым. Біз кейде
қызықпыз, «анау не дейді, мынау не дейді?»
деп жұрттың пікіріне алаңдап тұрамыз. Егер
осы жалтақтықтан, енжарлықтан арылмасақ,
«мәңгілік ел», «Қазақ елі» мәселелерін
ешқашан шеше алмаймыз.
Еліміздің ең бірінші саяси тұлғасы, ол –
Президент. Ол кісі әншейін айта салмайды,
жан-жағын өлшеп, ойланып барып айтады.
«Мәңгілік ел», «»Қазақ елі де сол кісінің ау-
зынан шыққан келелі сөз. Сонда біз кімнен
қорқамыз?! Осы елдің о бастағы иесі – өзіміз,
қазақтар емеспіз бе? Бұл – өз жеріміз, өз
еліміз. Сондықтан, қазақтың ұлттық мүддесіне
қатысты кез келген мәселені мемлекеттік
деңгейде орындауға міндеттіміз. «Мәңгілік
ел» атануымыз үшін кешегі Елбасы Жолдау-
ында көрсетілгендей, еліміздің экономикасын
жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері қолдана
отырып, өркендетіп, дамытуымыз қажет. Оған
ел азаматтарының қарым-қабілеттері жетеді
деп ойлаймын.
Алтай НУРИДДИНҰЛЫ.
Біздің бұл жолғы әңгімеміз Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мәңгілік
ел» идеясы төңірегінде өрбитін болады.
Бұл идея жөнінде қоғамда екі түрлі пікір
бар. Бірінде «Біз мәңгілік елге айналдық.
Енді соны ұстап, сақтауымыз, келесі
ұрпаққа аманаттауымыз қажет» десе,
екінші пікір «Біз мәңгілік елге 2050 жылдың
шамасында жетеміз. Бүгінде сол мақсатқа
беттеп барамыз» дейді.
«ÌӘҢÃ²Ë²Ê ÅË» – ÌÅÌËÅÊÅÒҲò̲ÇIJҢ ÀÐҚÀÓÛ
Менің ағаларым да әпкелерім де болған. Бірақ, сол
заманның ауруы қызылша, жұқпалы аурулар, ажал түрінде
келіп, алып кетіп отырған. Мен кенжесі едім. Әкем бір жасым-
да қайтыс болыпты. Сөйтіп үйлі жаннан апам екеуміз ғана
қалыппыз. Сол ауыртпалықты ашаршылықты, соғыс кезінде
де, балаларының өлгенін де әкемнің қайтыс болғанын да
апам көтере білді. Мен жетім өстім де, анам маған ешқандай
жетімдікті көрсеткен жоқ.
Апам өте зерделі, парасатты, жоқтан бар жасайтын өте
ісмер, аспаз болатын. Ол кісі пісірген жұқпа, пәтір, қазан
жаппа нандарын ағайын-туыстарымыз сүйсіне жейтінбіз.
Сауаты жоқ болса да сауатты кісілермен тең ойлай білетін.
Зейнетақы алған емес, қорадағы бар ірілі-ұсақты малды
айналымға салып, пұл ететін. Қайныларын ешқашан атын атап
шақырмайтын. Қалқажан, Әләу, Шырақ, Үлкен үйдегі бала деп
атайтын. Менде ағаларымды беріге дейін солай атап келдім.
Кеңес заманның өзінде бес уақыт намазын қаза қылмай ораз-
асын ұстап, аузынан бір Алласы түспейтін.
Мен бірінші сыныпқа барғанда «менің балам ер жетті» деп
қатты қуанды. Апам барда барлық жер маған кең сарай бо-
латын. Үшінші сыныпта ана-тілі кітабындағы қысқа әңгіме мы-
салдарды оқып бере бастадым. Менің жүргізіп оқығанымды
көріп апам маған Қарақалпақтың «Қырық қызы», «Батырлар
жырын», «Қазақ ертегілерін» тауып әкеліп оқытатын. Қазіргі
шағаладай жарықта түрік, корей, үнді сериалдарын көргендей
апам екеуміз кітап оқуды бастайтын едік. Май шамның керосині
таусылып, пілігі жанып таусылғанда біз де тоқтайтынбыз.
Жалғасы ертеңге қалатын. Маған солай кітап оқуды үйретті.
Анам жан-жағына шуағын шашып жүретін кісі еді. Үйге
қонақ келсе қуанып қалатын. Үйге балаларды ертіп келсем
жадырап балаларды төрге шығарып, су-су аяқ киімдерін пеш-
ке жайып кептіріп, асық ойнататын, кешке әке-шешелері келіп
балдарын зорға алып кететін.
Ер жетіп, 10-шы сыныпты бітірген кезімде апам маған «ба-
лам қатарыңнан қалма, өзің қалаған оқуыңа бар. Аллаға шүкір,
қазір қуатым бар, елде отырсам аштан өлмеспін» – деп мені
оқуға жіберді.
Ақтөбе қаласындағы мединсти тут тың хирургия факульте-
тіне құжат тапсырдым. 1-емтиханнан 4 деген баға алдым,
2-емтиханға дайындалып жатырмын. Жан-жағыма қарасам
бірге барған балалардың көбісі 1-ші емтиханнан құлап
қайтып кетті. Жер көрмеген, ауылдан шықпаған баламыз ғой.
Орыстардың арасында жалғыз өзім қалып қоятындай 2-ші ем-
тиханнан біліп тұрсам да білмеген болып құлап ауылымызға
қайттық. Мен балалығыма өкініп, пәленшенің баласы оқудан
құлап келіпті дегенге намыстанып үйге келсем, апам маған:
«Балам, мен сенің оқуға түсе алмай келгеніңді бір Алладан
тіледім ғой», – деп қуанышы қойнына сыймай, көршілерден
сүйінші сұрап жүр. Жарықтық апам-ай. Жұмысы ауылдан та-
былатын оқуды оқышы, қалаңа шыдамаймын дейтін апам.
Мен арман қуалап келесі жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік
ауыл шаруашылығы институтына агрономдық факультетіне
құжат тапсырдым. Емтихандардан химиядан 5, физикадан
4 алдым. Сол жылы біз биология пәнінен емтихан қосылып
дайын далып үлгермей өте алмадым. Шын қиналған, күйзелген
кез сол болды. «Алматыдан оқуға түспесем кетпеймін» деп
құжаттарымды алып, техникумдарды жағаладым. Ол кез-
де техникумдар 15 тамызға дейін құжат қабылдайтын. Бүкіл
Алматыны жағалап «Энергоқұрылыс» техникумына құжат
тапсырып, техникумға оқуға түстім. 4 курста оқып жүргенде
желтоқсан айында ауылға практикаға келдім. Ол кезде
Шиеліге жарық беріп тұратын электр қуатын өндіретін паровоз
болатын. Ауылға келсем апам шөгіп кеткен, үй салқын. Елдеміз
ғой деп сыр білдірмегенмен, қатты қиналғандығы жүзінен
көрініп тұрды. Апамды көргеннен кейін оқуды тастадым. Ол кісі
оқуыңды бітіріп ал деп қанша айтса да, бұйрық болса оқуды
кейін оқи жатармын, қазір жұмыс істеп тұрмысымызды түзейік
дегеннен соң апам да келісті. Жұмыс істедім. Күріш те ектім,
механизатор болып трактор, комбайн да айдадым. 24 жасым-
да коммунистік партия қатарына мүшелікке қабылдандым,
есепші де, бригада механигі де болдым. Өндіріс бригадасын
да басқардым. Өмірдің бәрі тақтайдай емес, қатты қиналған
кездерім де болды, қуанған кездерім де болды. Сол кез-
де қиналғанда жасымауға, қуанғанда тасымауға үйреттің
апа. «Қанша қиналсаң да, ренжісең де барлық қиындық пен
ренішіңді үйге әкелмей дарбазаның жанына тастап кетіп, со-
дан кейін үйге күліп кір» дейтін.
Кейін үйлендім, үлкен үй болдық, немерелері тауықтың
балапанындай болып анамыздың қойнынан шықпайтын.
Кім сұраса да әжемнің баласымыз дейтін. Біздің атамызды
атай бастағанда соларға да көке, мама дегізіп үйретті. Апам
екеуміз ақылдасып қазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылығы
институтының сырттай бөліміне агрономдық факультетке
құжат тапсырып, оқуға түстім. Жұмысымды жалғастыра жүріп
оқуымды бітірдім. Мені оқытамын деген апамның арманын
орындадым. Менің агрономдық жұмысқа тұрып, немерелерінің
алды мектеп бітіріп, оқуға түскенін көріп 85 жасында апам
өмірден озып жүре берді. Өмірдің өзі қайғыдан, қуаныштан
күні және түні болатындай 1992 жылы 5 қыркүйекте қаза бол-
ды. Ол кісі қақаған қыста өлсем балам тоңып қалады ғой,
шілдеде өлсем балама күн өтеді деп уайымдайтын. Тағы да
арманы орындалып күзде егін-тегін піскен кезде ауа райының
тамылжыған күнінде өмірден озды.
Сіздің алға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңызды
орындаудамыз, апа!
Барлыбай МҰСАЕВ.
Бидайкөл ауылы.
Менің кішкентай кезімде апам көзінен таса қалдырмай,
қолынан тастамай арқалап жүреді екен. Көрген ел,
ағайындар «анау кім?» десе, «Барлыбайдың апасы ғой»
дей келе кейіннен «Барлыбай апа» деп, апам Барлыбай апа
атанып кетті.
ÁÀÐËÛÁÀÉ ÀÏÀ
Жергілікті өкілді және атқарушы органдармен нормативтік-
құқықтық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесі
АҚ ТІЛЕК,
ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАС!
Шиелі кенті, Абылайхан көшесі, №106
үйдің тұрғыны, аудан соғысының ардагері,
шаңырақтың басшысы САРБАСОВ БО-
ЛАТ ҚҰРМАНБЕКҰЛЫН 50 жасқа толған
туған күнімен құттықтаймыз! Өміріңе
барша жарық дүние шапағатын, зор
денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен
қуаныш тілейміз. Ой-мақсаттарыңның
жүзеге асуына тілектеспіз.
Туған күн мерейлі істердің бас-
тау күні бола берсін, бақыт пен бере-
ке әкелсін, еңбекте табыс пен абы-
рой, ұзақ ғұмыр, отбасыңа амандық пен
бақыт, шаңырағыңа шаттық пен мереке,
дастарқаныңа береке тілейміз.
Ұл-қыздарыңның рахатын көріп,
үлкен бәйтеректей жапырағың жайқалып,
жасыңа жас қосып, еңбегіңнің жемісін
көріп, отбасыңның тірегі, ақылшысы бо-
лып, әрдайым ағайын-туыстың ортасын-
да мәртебең биіктей берсін!
Той думан боп әрқашанда жан жағың,
Құтты болсын 50 жасқа толғаның.
Денсаулық пен ғұмыр берсін Тәңірім,
Ден сау болса атқарасың қалғанын.
Бала-шаға қызығына еш тоймай,
Шаттық сыйлап шаңырақта жүре бер.
Үстем болып таси берсін мерейің,
Алла жазса жүз жасқа де жете бер.
Ізгі тілекпен:
апаларың – Нағима, Қалияш
Меншік иесі:
жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
Телефондар:
Бас директор - 8(7242)70-00-36
Бас редактор - 4-46-22
Бас редактордың орынбасары - 4-47-32
Жауапты хатшы, есепші
Факс: 4-49-07.
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттiгiнде 19.06.2014 ж.
қайта тiркелiп, №14410-Г куәлiгi берiлген. “ скен ңiр” аудандық газетi
ҚР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджментi жүйесi” талаптарына сәйкес
сертификатталған. Газет әр аптаның сейсенбі, сенбi күндерi шығады.
Қолжазбалар ңделедi және керi қайтарылмайды.
Жеке авторлардың пiкiрi редакцияның түпкiлiктi к зқарасын бiлдiрмейдi.
Газет редакцияның компьютер орталығында терiлiп,
беттелiп, “Сыр медиа” ЖШС баспаханасында
басылды. Тел: 8(7242) 40-06-68.
Газеттiң таралымы бойынша 8(724) 32 4-47-32 және
8(7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан к шесi, №4 А.
Таралымы 6130 Тапсырыс №297
жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
Мекен-жайымыз: 120700, Қызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Ясауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru
Кезекші редактор Қайрат ИСМАИЛ
Бас директор
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Шиелі аудандық
« скен ңір» газетінің редакциясы
Бас редактор
Нұрболат ПІРІМБЕТ
4
Osken_onir@mail.ru
№19 (8472) 7 наурыз, сейсенбі, 2017 жыл
Қолмен сауып сиырды,
Селдетті сүт бұлағын.
Сауыншы болу – бұйырды,
Жем-шөп салып, құрағын.
Еңбекте озат атанған,
Жас коммунист Рекең.
Ағалардан бата алған,
Қазір қайда жүр екен?
Жиырма бес сиыр сауатын,
Үш жүздей литр сүт алып.
Түс əлеті ауатын,
Берекелі құт дарып.
Рая апай, отыз жеті жыл,
Ауданның даңқын шығардың.
Бастан кетпес бақыт бұл,
Өзі емес пе тұмардың?!
Кешегілер ізет сақтап,
Жасайтұғын кəдесін.
Адалдығы сүттей аппақ,
Ұмытылмайтын əжесің!
Кеңестік дəуірде Шиелінің шынары сана-
лып, облыстық кеңеске екі рет, аудандық
кеңестің бес мəрте депутаты болып сайланған,
«Төңкеріс» колхозында 37 жыл сауыншы
болған, өз заманының жұлдызына айналған
Рая Бердешоваға:
Кезінде жұбайы Каналбекпен ұжымшардың
бақташысы, шопаны, жылқышысы болған, сегіз
ұл-қыз тəрбиелеп өсірген «Батыр ана», Балаби
ауылының тұрғыны, зейнеткер
Таскүл Төлегеноваға:
Аудандық білім бөлімінің үш тілділік жəне өнер
саласы бойынша əдіскері Əмина Тəжиеваға:
Шиелі аудандық емханасының білікті көз
дəрігері, окулист Света Есболоваға:
Аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі,
талантты журналист, «Ақмая» ауылының аруы
Гүлхан Яхияеваға:
Ұжымшардың малын бақты,
Ұл-қыздарын күтіп-қақты.
Төлмен ойнап балалары,
Сардалада рахат тапты.
Жайлау, қыстау – Таскүл
қандай,
Жаратылған мықты жандай.
Асыл ана, алтын ана,
Тіл үйірер тəтті балдай,
Еңбекте жүріп шыңдалды,
Атқа мініп ырғалды.
Ақындар оған кеп жазған,
Əуелеп көкте жыр қалды.
Төл де өсті, бала да,
Ауа таза далада.
Мал – қазақтың ырысы,
Қарада тұр қарада.
Ауылда жүрген аналар,
Еңбекқор талмас қара нар.
Мереке күні елеген,
Өлеңім сізге арналар.
Үш тілде сайрап тұр,
Ару қыз жайнап тұр.
Бұл шақта Əминаның,
Жұмысы «қайнап» тұр.
Қазақ тілі – өз тілің,
Орыс тілі – сөз тілің.
Ағылшын тілі əлемде,
Көп кездесер – төз тілің.
Үйлестіріп барлығын,
Елбасының Жарлығын.
Іске асырып ауданда,
Жасамайды тар ұғым.
Өнерді де бағалап,
Мектептерді жағалап.
«Наурыз шапағатына» деп,
Жүгіріп жүргені ағалап.
Əдістеме жазғаны,
Өлең, өнер «қазғаны».
Ұлағатты ұстаздың,
Өмірде ылғи жаз жаны.
«Екі көзің шырағың,
Қос аяғың пырағың».
Науқас батса жаныңа,
Емхана болар тұрағың.
Қымбат мүше өзгеден,
Керек екен көз деген.
Жарық еткен қараңғыны,
Жеткізем оны сөзбенен.
Дəрігерлер жүр талай,
Таңданасың бұл қалай?
Көзіңді ол сипаса,
Қолы жұмсақ ұлпадай.
Тамызып көзге тамшылар,
«Тез жазыл» деп
қамышылар.
Хо Жундай кəріс емшісі,
Бізде де осы бар шығар?!
Еліміз алға бастайды,
Жаңалықтар қашпайды.
Құдай қаласа, Света да,
Көзіңізге ота жасап,
Жарқ еткізіп тастайды!
Құлпырған кілем түріндей,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Гүлхан келді газетке,
Журналист қыз өрімдей.
Талантын ол танытты,
Білімге мол қанықты.
Маржан сөзін төгілтіп,
Ырза етті халықты.
Қаламсабы қарымды,
Өзі алғыр дарынды.
Жаза бер, Гүлхан, ел үшін,
Жан пида деп барыңды.
Махаббатты жырладың,
Жастарды да тыңдадың.
Тарихи əнге үңіліп,
Ойыңды биік шыңдадың.
Тəрбие – мəңгі тақырып,
Түзеу қиын бақырып.
Рухани қазық қажет-ақ,
Айтқандай ақыл шақырып.
Достарыңызбен бөлісу: |