Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті



бет18/103
Дата14.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#74341
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
- оқыту әдістері, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру әдістері мен құралдары, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы. Оқыту үдерісіне қатысушылардың – мұғалім мен оқушының әрекетіне, оқыту әдістерінің типтеріне, оқу материалының сипатына, оқушыларды дамыту міндеттеріне негізделген оқыту әдістерінің типтері анықталды және т.б. (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, В.В. Краевский, И.К. Журавлев, Л.Я. Зорина, ХХ ғасырдың 80-жылдары);
- оқушылардың шығармашылыққабілетін дамытуға бағытталған гуманитарлық оқу пәндеріндегі танымдық есептер жүйесі (И.Я. Лернер, ХХ ғасырдың 70-жылдары);
- саралап оқытудың дидактикалық негіздері (Н.М. Шахмаев, ХХ ғасырдың 60-жылдары).
Жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымын В.С. Леднев оқушыларды мамандық таңдау мен кәсіптік оқуға даярлау тұрғысынан қарастырды. Білім беру мазмұны теориясы аясында оқытудың «оқытудың мақсаты», «оқытудың ұстанымдары», «оқытудың әдістері» сияқты негізгі ұғымдары зерделенді. Аталмыш қағидалардың басым көпшілігі «Орта мектеп дидактикасы» атты ұжымдық еңбекте көрініс тапты. Мектептегі оқыту үдерісін ұйымдастырудың жүйелік негіздері үнемі қарастырылып отырылды. Сабаққа қойылв\атын талаптар нақтыланды. Оқушылардың білім сапасы анықталды.
Ғылыми мектептің негізін салушылардың идеялары олардың ізбасарларының іргелі еңбектерінен көрініс тапты. И.К. Журавлевтің оқу пәні тұжырымдамасы, И.В. Шалыгинаның гуманитарлық білім мазмұнын таңдау туралы, Л.А. Краснованың оқушыда ғылыми таным жайлы түсінік қалыптастыру туралы еңбектері дәлел бола алады.
Қазіргі уақытта осы жетістіктер негізінде дидактика жиырма бірінші ғасырдың оқыту жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін нақты зерделеуде.
Балалар ұжымын тәрбие құралы ретінде көптеген жылдар бойы зерттеген Л.И. Новикова: «оларды мақсатты басқарудың тиімділігі көбінесе балалар ұжымында болып жатқан әлеуметтік-психикалық үдерістерді білуге және оларды тәрбие субьектісі ретінде сипаттауға байланысты»,- деп тұжырымдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет