Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет34/55
Дата05.05.2023
өлшемі212,97 Kb.
#90082
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Көбеюі

Көбеюі. Өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею тамырсабағы мен өнімді бүршігі арқылы болады. Өнімді бүршік жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасқан және барлық түрінде бола бермейді.
Жыныссыз көбею. Жаз кезінде жапырағының астында сорус деп аталатын қоңыр түсті төмпешіктер түзіледі. Сорус – спора дамитын спорангидің жиынтығы. Споралар шашылғанда өніп, өскіншелер дамиды.
Жыныстық көбею. Жүрек пішінді, диаметрі 4 мм өскіншесі арқылы жүреді. Өскінше ризоидымен топыраққа бекиді, оның астында аталық және аналық жыныс мүшелері дамиды. Әр жыныс мүшеде сәйкес гаметалар бар. Гаметалар қосылып ұрықтанады. Ұрықтан келешекте өсімдік дамып жетіледі.

Маңызы

Усасыр қырықжапырағын ішекқұрт ауруына, жараны емдеуге, суық тигенде және ауырғанды басатын дәрі ретінде қолданады

Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер

Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер үлкен екі топқа бөлінеді – ашық тұқымдылар және жабық тұқымдылар. Ашық тұқымдылар жеміс түзбейді, бәрақ тұқымымен көбейеді. Жабық тұқымдылардың тұқымы жемісінің ішінде орналасады.




Ашық тұқымдылар



Тіршілік ортасы

Ашық, жылы жерлер мен ормандарда кездеседі.

Жер шарындағы түр саны

600-дей түрі бар

Сипаттамасы

Сүректі бұталар және ағаштар түрінде ғана кездеседі. Гүлі болмайды және шөптекті түрі жоқ. Көпшілігі мәңгі жасыл, тек балқарағай ағашы ғана күзде қылқанын түсіреді. Тамыры – кіндік тамыр. Тұқымымен көбейеді, тұқымы қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде дамиды. Жеміс түзбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет