Тыныс алу мүшесі
|
Демтүтік арқылы тыныс алады. Тыныс тесіктері құрсағында орналасқан.
|
Қантамырлар жүйесі
|
Ашық жүйе, қаны түссіз – гемолимфа деп аталады.
Жүрегі мөлдір, түтік тәрізді арқа жағында орналасқан.
|
Зәр шығару жүйесі
|
Мальпигий тамырлары арқылы және қосымша мүше – майлы дене.
|
Жүйке жүйесі
|
Жүйке жасушалары жұтқыншақ үстіне жинақталған және құрсақ жүйке тізбекшесі.
|
Көбеюі
|
Дара жынысты. Аналығы жұмыртқа салады.
|
VII Бөлім
Тікентерілілер типі
Жер шарындағы түр саны
|
6 000 түр
|
Тіршілік ортасы
|
Теңіздер
|
Дене құрылысы
|
Соңғы ауызды, көпжасушалы, сәулелі симметриялы теңіз жәндіктері.(Дернәсілдері екі жақты симметриялы)
Ауызы эктодерманың жиырылуынан 2-ші рет пайда болған, соңғы ауыздылар немесе екінші реттілер деп аталады.
Жабыны 2 қабатты - сыртқы қабат эпителийден, ішкі қабаты талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Әктенген тері қаңқасы ішкі қабатта дамиды.
|
Арғы тегі
|
Төменгі сатылы желілілер.
|
Ерекшелігі
|
Тікентерілілерге ғана тән - сутүтікшелі жүйе бар, оның қызметі:
қозғалу, тыныс алу, зәр шығару жүйелерін реттеу.
Су түтікшелі жүйе соңғы қуыс – целомның бастамасынан дамыған және шеңберленген және сәулелі өзекшелерден құралған. Сутүтікшелі сорғышы бар аяқтар осы организмдерге тән.
|
Жүйке жүйесі
|
Жұтқыншақ маңында Жүйке шеңбері орналасқан.
|
Сезім мүшесі
|
Көзшелері арқылы жарықты сезеді.
|
Тыныс алу мүшесі
|
Тері желбезегі арқылы тыныс алады.
|
Қанайналым жүйесі
|
Шеңберленген екі түтіктен тұрады, оның бірі ауызды, екіншісі аналь тесігін қоршап жатады.
|
Көбеюі
|
Дара жынысты, кейбірі қосжынысты. Суда ұрықтанады. Өте күрделі жолмен дамиды.
|
Регенерацияға қабілеті
|
Өте жоғары дамыған
|
Негізгі кластары
|
Теңіз жұлдызы, теңіз кірпілері, теңіз қияры.
|
Маңызы
|
Суды радиоактивті заттардан тазартады.
|
VIII Бөлім
Желілілер (хордалылар) типі
Жер шарындағы түр саны
|
40 – 45 мың түр
|
Тіршілік ортасы
|
Құрлық, су, топырақ, ағаш басы, кейбірі ұша алады.
|
Дене құрылысы
|
2-ші реттік дене қуысыты, үш қабатты, 2 жақты симметриялы ағзалар. Тұрқы 0,5 мм - 33 м.
Арқа жағында қаңқа қызметін атқаратын, бас пен құйрықты жалғастыратын желісі болады. Төменгі сатылы түрлерінде желісі өмір бойы сақталады. Жоғары сатылыларда омыртқа жотасы түзілген.
Желсі мезодермадан пайда болған.
|
Тип тармағы
|
1.Бассүйексіздер тип тармағы.
2.Қабықтылар тип тармағы.
3.омыртқалылар тип тармағы.
|
Төменгі сатылы желілілер
|
Қандауырша, қабықтылар, желісі өмір бойы сақталады
|
Жоғары сатылы желіліер
|
Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Олардың желісі тек ұрықтық сатысында сақталады, ал дами келе омыртқа жотасына айналады.
|
Қанайналым жүйесі
|
тұйық
|
Қандауырша (ланцетник)
Жер шарындағы түр саны
|
|
Тіршілік ортасы
|
Тропиктік теңіздердің 10 – 30 м тереңдігінде, Қара теңізде кездеседі.
|
Дене құрылысы
|
Жартылай мөлдір, омыртқасы жоқ, желілі, пішіні қандауыр тәрізді жануар. Тұрқы - 5 – 8 см, екі бүйірінен қысыңқы.
Арқа жүзбеқанаты тұтас, жіңішке, ол құйрық және құйрықасты жүзбеқанаттарымен тұтасып кеткен.
Ауыз айналасында қармалауыштары бар.
|
Жабыны
|
Терісінің сыртқы қабаты эпидермис, ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Терісінің сыртын кутикула (сіріқабақ) қаптайды.
|
Ас қорыту жүйесі
|
Ауыз→жұтқыншақ→ішек→аналь тесігі.
Бауыры сөл бөледі.
Жұтқыншағы екі түрлі қызмет атқарады:
1.Асқорытуға қатысу.
2.Тынысалу (жұтқыншақтың екі бүйірінде желбезек саңылаулары бар).
|
Қанайналым жүйесі
|
Тұйық, қаны түссіз. Жүректің қызметін құрсақ қолқа қан тамыры атқарады.
|
Бұлшықеті__Желісінің_екі_жағында_таспа_тәрізді_созылып_жатыр.__Қаңқасы'>Бұлшықеті
|
Желісінің екі жағында таспа тәрізді созылып жатыр.
|
Қаңқасы
|
Желіден тұрады.
|
Жүйке жүйесі
|
Желі үстінде денесін бойлай созылып жатқан жүйке түтігі.
|
Сезім мүшелері
|
Есту және тепе-теңдік мүшесі , көзі жоқ.
1.Жарық сезгіш жасушалар жүйке түтігінің әр жерінде орналасқан
2.Терісінде сезгіш жасушалары бар.
3.Қармалауыштарымен сипап сезеді.
4.Иіс сезу шұңқыры бар.
|
Зәр шығару жүйесі
|
Жұтқыншақ маңында орналасқан түтікшелер, оның бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы сыртқа ашылады.
|
Көбеюі
|
Дара жынысты. Жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Сырттай ұрықтанады, ұрықтануы суда жүреді. Жыныстық жетілуіне 2 – 3 жыл қажет. Уылдырығынан дернәсілі дамиды, ол алғашқы кезде кірпікшелерімен еркін жүзеді, кейінірек кірпікшелері жойылады.
|
Қабықтылар тип тармағы
Асцидия
Тіршілік ортасы
|
Теңіз түбі. Дара, ал кейбір түрлері шоғыр түзеді.
|
Дене құрылысы
|
Күбі пішінді, тығыз, жасуныққа ұқсас қабықпен қапталған, соңғы ауызды жәндік. Тұрқы 1 мм- 30 см. Екі сифоны бар: 1.Ауыз сифон – денесінің жоғарғы жағында. 2. Клоакалық сифон – бүйірінде орналасқан.
|
Ас қорыту жүйесі
|
Ауыз сифоны→жұтқыншақ→ қарын→қысқа ішек→клоака сифоны.
|
Желісі
|
Дернәсіл кезінде болып, кейіннен жойылып кетеді.
|
Жүйке жүйесі
|
Жүйке түйіндері бар.
|
Зәр шығару жүйесі
|
Арлаулы зәр шығару мүшесі жоқ
|
Тынысалу жүйесі
|
Желбезектер (жұтқыншағындағы саңылаулар).
|
Қанайналым жүйесі
|
Ашық жүйе
|
Көбеюі
|
Қосжынысты.1.Дара тіршілік ететін түрлері жынысты жолмен көбейеді. 2.Шоғырлы тіршілік ететіндер жыныссыз, бүршіктеніп көбейеді.
|
Балықтар класы
Жер шарындағы түр саны
|
1.Шеміршекті балықтар 750 түр
2.Сүйекті балықтар 20 000 түр
|
Тіршілік ортасы
|
Мұхит, теңіз, көл, өзен.
|
Дене құрылысы
|
Бас, тұлға құйрық.
|
Тері жамылғысы
|
1.Сүйекті балықтарда қабыршақ. 2.Шеміршекті балықтарда плакоид.
|
Қозғалу мүшесі
|
Дара және жұп жүзбе қанаттары.
|
Қаңқасы
|
Сүйекті балықтарда – бассүйек, омыртқа жотасы, жүзбе қанаттар.
|
Бұлшықеті
|
Орналасу тәртібі бойынша сақиналы құрттарға ұқсас болады.
|
Ас қорыту жүйесі
|
Ауыз→жұтқыншақ→өңеш→қарын→ ішек→ аналь тесігі. Бауыр және ұйқыбезінің өзегі аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады.
|
Тыныс алу мүшесі
|
Желбезектер
|
Қанайналым жүйесі
|
Қанайналымы бір шеңбер, тұйық. Қанының кері ағуына жүрек қарыншасының қақпақшасы мүмкіндік бермейді. Жүрегі – екі бөлікті, бір қарынша, бір құлақша.
|
Жүйке жүйесі
|
Ми және жұлын. Миы - 5 бөлікті: алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша ми, мишық.
|
Есту мүшесі
|
Ішкі құлақ.
|
Сезім мүшелері
|
Екі көзі, мұрттары, бүйір сызығы. Иіс сезу мүшесі – екі танау тесігі, химиялық тітіркенуді қабылдайтын жүйкелері бар. Тепе – теңдігін көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары сақтайды.
Торсылдағы арқылы сүйекті балықтар су бетіне, су түбіне жасайтын қозғалысын реттейді. Бір – бірімен түрліше дыбыстар шығарып байланыс жасай алады.
|
Зәр шығару жүйесі
|
Екі бүйрек, алғаш қуық пайда болған.
|
Көбеюі
|
Дара жынысты, аналығы суға жұмыртқа жасушасы - уылдырық шашады, кейбірі тірі туады. Аталығы сперматозоидтары бар шоғал сұйықтығын бөледі. (Қосжынысты түрлері де кездеседі)
|
Шеміршекті балықтар класы
Жер шарындағы түр саны
|
750 түр
|
Пайда болған
|
Палеозойдың девонында пайда болған.
|
Тіршілік ортасы
|
Тропиктік, субтропиктік теңіздер
|
Класс тармағы
|
Тақтажелбезектілер, тұтасбастылар
|
Дене құрылысы
|
Денесі - бас, тұлға, құйрық. Пішіні жұмыр, ұршық сапты, жалпайған тегеріш немесе ромб пішінді. Желбезек қақпағы жоқ. Терісі екі қабатты:
1.Сыртқы – эпидермис, көп қабатты эпителий.
2.Ішкі – нағыз тері қабаты, дәнекер ұлпасынан тұрады.
Терісі ұсақ бүртікті, плакоидты қабыршақпен қапталған. Екі бүйірінде бүйір сызығы бар.
|
Жүзбе қанаттары
|
Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбеқанаттары денесіне көлбей орналасқан.
|
Қаңқасы
|
Шеміршектен құралған.1.Бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. 2.Омыртқа жотасы тұлға және құйрық бөлімдерден тұрады. Омыртқалар арасында желі қалдығы сақталған. 3.Иық және жамбас белдеуі. 4.Жұп көкірек, жұп құрсақ жүзбеқанаттар қаңқасы бар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |