Сенімхат бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға



бет2/2
Дата09.05.2022
өлшемі27,4 Kb.
#33584
1   2
1-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

нотариалдық кеңсе

мөр басу

құқықтық іс-әрекетке қабілеттілік

сенімхатты куәландыру

сенім білдіретін тұлға

материалдық құндылықтар

іс жүргізу

құқық беру

өз күшін сақтау

сенім білдіруші

жеке басын анықтау

тізбеге тіркелді

мемлекеттік салық алынды

2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

распоряжаться всем моим имуществом

продать квартиру

подарить квартиру

обменивать квартиру

сдавать квартиру под залог

распоряжаться банковскими счетами и вкладами

получать почтовую корреспонденцию

вести мои дела во всех учреждениях

расписываться за меня


3-жаттығу. Сенімхат бланк түрін толтыр.

Сенімхат


_______________________________________________________

(сенімхаттың берілген жері және күні жазумен)

Мен, __________________________ мекенжайында тұратын азамат(ша) _________________________________ (аты-жөні), жеке куәлік №________, жылы__________ (жеке куәлікті берген орган) берген _______________ мекенжайында тұратын азамат _____________________________ (аты-жөні) ____________________ меншік құқығы маған тиесілі ___________________ мекенжайында орналасқан тұрғын үйді және __________ кв.м. (шаршы метр) көлемдегі жер телімін сыйлауға және өзінің қалауы бойынша бағаға сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің атымнан өтініш беріп, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сатусатып алу келісімшартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды алуға, шартты жергілікті орындарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық әрекеттерді жүргізуге құқық беремін.

Сенімхат үш жыл мерзімге берілді.

Осы Сенімхатты мен, _______________________________,

_______________________________________________________ (нотариалдық кеңсенің атауы, лицензияның №__, берілген күні) нотариусы «___» ___________ 20 ___ ж. растадым.

Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат(ша)_____________ __________________________ (аты-жөні) қол қойды.

Жеке басы анықталды, қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.

№____________________ тіркемеге тіркелді.

Тариф бойынша: _________________ теңге алынды.

Нотариус: ___________________

(қолы)


(Мөрдің орны)

4-жаттығу. Сенімхат үлгісін құрылым бойынша рет-ретімен жаз.

СЕНІМХАТ

  1. Сенімхат 6 ай өз күшінде.

  2. 1997 жылғы 7 қаңтар (қолы) _________________

  3. Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 21 үй, 28 пәтерде тұратын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1995 жылы 19 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәлік иегері азамат Рақымбайұлы Өтегенге, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй мекенжайдағы үйімді сатуға сенім білдіремін.

  4. (Мөрдің орны)

  5. 1997 жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы

  6. Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының «Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы 1997 жылғы 7 қаңтарда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өскенұлы Жандос қол қойды. Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды. №97/41 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.

  7. Нотариус _______________ (Қолы) _________________

  8. Бұл үшін азамат Рақымбайұлы Өтегенге менің атымнан:

  • өтініш жазуға;

  • қажетті құжаттар мен анықтамаларды алуға;

  • сатуға қажетті құжаттарды толтыруға;

  • оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге;

  • мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге;

  • осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық ісәрекеттерге менің орныма қол қою құқығын беремін.

  1. Мен, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй тұрғыны, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1993 жылы 25 қазанда берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенұлы Жандос,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет