Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет126/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   521
ортақ мүддесінің
негізінде 
әлеуметтік топқа
айналу 
мүмкіндігін көрсетуінде. Ол Ертедегі Рим тарихын сараптай келіп
«ондағы қабылданған заңдардың сипатының ерекшелігі ондағы халық 
пен басқару топтарының арасындағы күрестерден шығатыны туралы» 
пікірге келеді. Өзінің әлеуметтік-саяси философиясында, Н.Макиавелли 
Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен 
тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы 
қалыптасқан мақсат-мұраттардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик 
дінінің қызметкерлері Папамен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық 
алдындағы абыройынан жұрдай болды. 
Екінші жағынан, христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің 
қасиетті, киелі адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан 
бас тартқан адамдарды жұмаққа батыл іс-әрекеттерінің арқасында 
емес, көнбістігінің, зардап-азап шегуінің негізінде барғысы келгендер 
деп есептейді. Кейіннен XІX ғ. Ф.Ницше христиан дінінің моральдық 
қағидаларын сынағанда, осы Н.Макиавеллидің идеяларына ұқсас 
пікірлер айтады. 
Ал мұның өзі Н.Макиавеллидің айтуына қарағанда, кертарт-
палыққа әкеледі. Ол Грекия және Римнің өткен тарихында болған 
көпқұдайлыққа сүйсіне қарайды, өйткені олар белсенді адамдарды, 
батырлықты паш еткен. 
– Дегенмен қоғамға дін керек, өйткені езілген, зардап шеккен халық 
дін арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиындығына төзе 
алады, мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес, – деген ащы пікірге келіп 
тоқталады ұлы ойшыл. 


147
Н.Макиавеллидің сәттілік 
ұғымының мән-мағынасы
Қайта өрлеу заманындағы көп ойшылдар сияқты, Н.Макиавелли 
де өмірге деген самарқаулыққа теріс қарап, оған белсенділікті қарсы 
қойды. Ал адамның өмірін ол сәттілікпен (
фортунамен
) тығыз байла-
ныстырды. Макиавелли заманындағы фортуна ұғымы, көне замандағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет