142
еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған дүниесінің сұлулығына
тоқталып, сонымен қатар сол жаратылған дүниенің ең биік шыңы –
ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы,
оның әсемдігі басқа
дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы,
әртүрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай
ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айна-
лыса алса, адам барлығымен айналыса алады. Рухани денеден тұратын
адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың Өзін өзіне ұқсатып
түсінеді. Егер Құдай бүкіл дүниені жаратса, адам өзін қоршаған
мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады.
Сөйтіп,
адамның құдіреттілігі, оның Құдайдың Өзімен парапар-
лығы – Қайта өрлеу заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының
біріне айналды.
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін
қосқан келесі ой-
шыл –
Лоренцо Валла
(1407-1457) болды. «Ләззат алу жөнінде» деген
еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік
іс-әрекеті арқылы ғана болатыны туралы пікірге келеді. Табиғаттың
тіршілікке берген ең негізгі заңы – «өзінің
өмірі мен денесін сақтап,
оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару» сезімдік іс-әрекетсіз бол-
майды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат
алуға тырысуы керек. Ләззат – «жан мен дененің рақатқа батуы»
ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың ортағасырлық тақуалыққа
қарсы бағытталғанын байқау қиын емес.
Жастай өмірден
кеткен талантты ойшыл
Достарыңызбен бөлісу: