150
Осы тұрғыдан қарағанда, Қайта өрлеу заманы христиан дінінде
үлкен
өзгерістерді тудырды, өйткені моральдық жағынан азғындаған
рим-католик шіркеуі халықтың санасында теріс баға алып, Римнен
жіберілген әртүрлі аймақтардағы дін
басшылары жемқорлық жолына
түсіп, қалың бұқараның санасында негізгі езушілер ретінде түсінілді.
Мұндай жағдайда христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта ора-
лып, оны ортағасырлық схоластикалық бүркемелерден тазарту өзекті
мәселелердің біріне айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан-
тәнін берген неміс теологы
Мартин Лютер
(1483-1546 жж.) болды.
М.Лютер рим-католик шіркеуінің
Құдай мен адам арасындағы
дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға
деген сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға
қызмет ету дін
қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр
адамның борышы деген пікір айтты. Ал мұның бәрі шіркеудің билігін
әлсіретіп, оның догматтарын қысқартты. Мысалы, жеті діни рәсімнің
екеуі ғана қалды ол – шоқындыру және «причащение»
деп аталатын
діни мереке. Икондар алынып тасталды.
М.Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл-ойдың ара-
қатынасына үлкен ор қазып, христиан дінінің негізгі құжаттарын, киелі
кітаптарын ақыл-оймен талдаудың мүмкін еместігін айтты. М.Лютер:
«Ақыл-ой – шайтанның жезтырнағы және сенімге қарсы қылмыс», –
деген сөзге дейін барды.
Олай болса, адам өз ақылы мен еркінің шеңберінде күнәдан құтыла
алмайды, өйткені алғашқы текті күнә оның табиғатын бұзды. Бұл
мәселе бойынша оның пікірі Августиннің ойына жақын болды.
Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан
екінші ойшыл – ол
Достарыңызбен бөлісу: