174
Онтологиялық мәселелер
Лейбницті алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) бол-
мыс жөнiндегi iлiмдерi қанағаттындырмайды. Расында да, Декарттың
бiр-бiрiне тәуелсiз екi субстанциясы дүниенi
қақ бөлiп, олардың
бiрегейлiгiн дәлелдеу үшiн, ол Құдай идеясын енгiзуге мәжбүр болды.
Ал Спинозаға келсек, ол бiр ғана субстанцияны мойындағанымен, оның
екi атрибуты – созылу мен ойлау – бұрынғысынша
бiр-бiрiне тәуелсiз
болып қала бердi. Бұл екi ұлы философ дүниенiң шексiз әртүрлiлiгiн
өздерiнiң онтологиясында дұрыс түсiндiре алмады.
Олай болса, Лейбництiң қойған негiзгi мақсаты түбi бiр, сонымен
қатар шексiз әртүрлi субстанцияларды табу қажеттiгiнде болды.
Лейбництiң ойынша, жалғыз ғана субстанциядан
қайталанбайтын
шексiз әртүрлi заттар пайда болуы мүмкiн емес, сондықтан сапалы
көптүрлi субстанция ұғымын мойындау қажет.
Болмыстың терең
табиғатының өзi көпсапалылықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегi
субстанциялардың саны шексiз және сапа жағынан әртүрлi. Бiрақ олар
бейберекет емес, белгiлi бiр тәртiпке келiп жүйеленген.
Мұндай ой өрiсi Лейбництi дүниенiң негiзiнде жатқан өте ұсақ,
өз-өзiне
жеткiлiктi, iштей неше түрлi күштерге толы
Достарыңызбен бөлісу: