Серік Мырзалы философия оқу құралы


Өз бетiнше дайындыққа арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет161/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   521
Өз бетiнше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Ф.Бэкон таным саласында кездесетiн елестердi қалай атайды?
2. Танымдағы индуктивтi әдістің маңызы қандай?
3. Р.Декарттың философиясының негiзгi принциптерiн есiңiзге 
түсiрiңiз.
4. Р.Декарттың «күмәндану» принципiнiң маңызы неде?
5. Дедуктивтi әдіс қай ғылым салаларында көбiрек қолданылады?
6. Т.Гоббс «субстанция» ұғымын қалай түсiнедi?
7. Т.Гоббс тiл мен ойдың арақатынасын қалай анықтайды?
8. Б.Спиноза субстанциясының ерекшелiгi неде?
9. Б.Спиноза нелiктен математика ғылымын ең жетiлген деп 
есептейдi?
10. Монада дегенiмiз не?
11. В.Лейбництiң «алдын ала берiлген сәйкестiк» идеясын қалай 
түсiнесiз?


182
12. Дж.Локтың эмпириялық және философиялық субстанцияларының 
айырмашылығы неде?
13. Дж.Локтың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiн-
дегi ойлары.
Рефераттар тақырыптары:
1. Ф.Бэкон – Жаңа дәуiрдегi философияның негiзiн қалаушы.
2. Р.Декарттың рационалдық философиясы.
3. Б.Спинозаның пантеистiк iлiмi.
4. Ф.Бэконның танымдағы елестерi.
5. В.Лейбництiң монадологиясы.
6. Дж.Локктың жеке меншiк пен азаматтық қоғам жөнiндегi ойлары
7. Дж.Локктың танымдық iлiмi.
8. Ф. Бэконның танымдық теориясы
9. Т.Гоббстың мемлекет жөнiндегi iлiмi.


183
VI тарау. ХVIII ғасырдағы Ағарту философиясы
ХVIII ғ. Еуропа топырағында дүниеге келген философияға «Ағарту 
философиясы» деген атақ берiлдi. Бiрiншiден, олар дiннен аулақ, 
ғылымға жақын, ағарған бiлiмдi, болмыс туралы айқын, түсiнiктi 
философиялық қағидалар тудырғысы келедi.
Екiншiден, олар халықты надандықтың құрсауынан шығарып, 
оларға бiлiм берiп, көздерiн ашып, қалайша ақыл-ой арқылы бақытты 
өмiр орнатуға болатыны жайында насихат жүргiзедi.
Немiстiң ұлы философы И.Канттың айтуына қарағанда, Ағарту 
дегенiмiз – ол адамзат тарихындағы қажеттi дәуiр. Оның негiзгi 
мақсаты – әлеуметтiк алға жылжуда ақыл-ойды, зерденi кеңiнен 
пайдаланудың керектiгi. Ағарту дәуiрiн адамзаттың тектi мәнiнен 
шығатын құбылыс ретiнде қарап, И.Кант оны ұзаққа созылатын үдеріс 
және соның шеңберiнде адамдар моральдық және бiлiмдiк жағынан 
жетiлiп, қараңғылық пен надандықтан құтылған ерiктi қоғам құрады 
деп есептейдi.
Марксизм ағымы ХVIII ғ. Ағарту философиясын өте жоғары 
бағалап, олардың тарихи орнын буржуазиялық революцияның рухани 
негiзiн жасағандығынан көрдi.
Жалпы алғанда, ағартушылар ақыл-ой, зерденiң зор мүмкiндiгiне 
сендi. Олар ақыл-ой, зерде арқылы дiни, метафизикалық, схолас-
тикалық, бұрыннан қалыптасып қалған ой-санадан құтылу қажеттiгiн 
асыра көрсеттi. Олар адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды 
зұлымдықтан құтқарып, мемлекеттi басқарудағы зорлық-зомбылықты 
жоюды талап еттi.
ХХ ғ. немiс философтары М.Хоркхаймер мен Т.Адорно «Ағарту 
диалектикасы» деген еңбектерiнде бүгiнгi таңдағы ағарған қоғамда 
бұрынғыдай зұлымдықтың салтанат құрғанына қарамастан, ағарту-
шылар кең түрде ойлауды дамыту қажеттiгiн, адамдарды қорқы-
ныш, надандықтан жұлып алып, өздерiнiң тағдырын өзгертуге 
болатындығына сендi.
Ағартушылардың ұраны «Sapere aude!» («Даналыққа ұмтыл!») осы 
ғасырдағы ойшылдардың зердеге деген терең сенiмiн көрсеткендей.
Ағарту философиясының тағы бiр ерекшелiгi – оның теориялық-
жүйелiк жағынан гөрi, іс жүзіндегі идеологиялық жағының басым 
болуы. 
Бұл идеологияның негiзгi қағидалары:
а) адамның ақыл-ой зердесi арқылы адамзаттың жарқын бола-
шағының келетiнiне сену;
ә) артта қалған дәстүр, әдет-ғұрыптарды ақыл-ой тұрғысынан сы-
нап, адамдарды олардың шырмауынан босату;


184
б) ғылым мен техникаға кеңiнен жол ашу қажеттiгi, олардың 
бақытты қоғам орнатудағы рөлiн көрсету;
в) философия саласындағы дәлелдеуге келмейтiн дерексіз-мета-
физикалық жүйелерден бас тарту;
г) дiн саласындағы соқыр сезiмнен құтылу, материалистiк, атеистiк 
бағытқа бетбұрыс жасау.
Мәселенi нақтылай келсек, онда жоғарыдағы көрсетiлген идеялар 
сол кездегi ұлы тұлғалардың еңбектерiнде қалай бейнелендi, ендi соған 
назар аударалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет