179
Сонымен қатар Дж.Локк терең ойшыл ретiнде бұл мәселеге бiржақты
ғана қарап қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, iшкi тәжiрибенiң дер-
бес өмiр сүре алатынына да бiздiң назарымызды аударады. Өйткенi
iшкi тәжiрибе тұрақтылығы мен өзiнiң мәндiлiгi жағынан дербес өмiр
сүре алатын дәрежеге көтерiле алады.
Екiншi жағынан алғанда, адамның iшкi өмiрiнiң қалыптасуына
оның туа бiткен табиғи дарындары да зор әсерiн тигiзедi. Ал табиғи
дарындарды алсақ, олар сыртқы тәжiрибеге тәуелдi емес және адамның
iс-әрекетiн, мамандығын таңдауда шешушi рөл атқарады. «Бiркелкi
тәрбие алған адамдардың әртүрлi қабiлеттерiнiң бар екенiн байқай-
мыз», – деп қорытады ойшыл. Олай болса, адамды тәрбиелеу жолында
бiз сыртқы тәжiрибемен қатар, iшкi тәжiрибенi де дамытуымыз керек.
Бұл пiкiрмен тағы да келiсуге болады.
Сөйтіп, Дж.Локтың ойынша, танымның негiзiнде түйсiктер мен
ойлау қабiлетi жатыр. Ең алғашында олар дүние жөнiндегi тұрпайы
идеяларды тудырады. Бұл жерде бiз Дж.Локтың «идея» ұғымына жаңа
мазмұн бергенiн байқаймыз. Егер Платоннан бастап, Ортағасырдағы
схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық
дәреже берiлген болса, – олар дербес өмiр сүредi деп есептесе, Дж.Локк
оларды тек дүниенiң кейбiр жақтарын бейнелейтiн ұғым, түйсiк, тiптi
қиял ретiнде түсiнедi.
Сыртқы және iшкi тәжiрибенi бiр-бiрiнен айырып қарағаннан кейiн,
Дж.Локк идеялардың бiрiншi және екiншi сапасының бар екенiн мойын-
дайды. Ендi соларға мiнездеме берейiк.
Достарыңызбен бөлісу: