Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет159/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   521
Бiрiншi сапалар
– олар заттардан ешқашанда бөлiнбейтiн негiзгi 
қасиеттер – 
созылу, бiтiм, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, зат-
тың сандық
жақтары т.с.с.
Екiншi сапалар 
– әрқашанда өзгерiсте, бiр жағынан, пайда болып, 
екiншi жағынан, жоғалып жатқан заттардың қасиеттерi. Оларды бiз 
түйсiктерiмiз арқылы ашамыз: 
түрлi-түстi 
нәрселердi көзбен көремiз, 
әртүрлi 
дыбыстарды
құлақпен естимiз, неше түрлi 
иiстердi
мұрнымыз 
арқылы сезiнемiз, 
ащы-тұщыны
тiлiмiз арқылы сезiнемiз т.с.с. «Бiрiншi 
сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екiншiлер олай емес. Тәттiлiк, 
жасылдық, жылылық т.с.с. заттардың өзiндегi белгiлi бiр бiтiм, көлем, 
көрiнбейтiн бөлшектердiң қозғалысы ғана», – дейдi ұлы ойшыл. Ал 
екiншi сапалар тек адамның өзiнде ғана болғанымен, оны тудыратын 
соңғы себеп – ол заттардың әртүрлi бiрiншi қасиеттерiнiң бiр-бiрiмен 
қосылуы деген пiкiрге келедi.
Ал ендi тұрпайы идеялардан күрделiге көшетiн болсақ, оны Дж.Локк 
субстанция ұғымы арқылы бередi. Ол тұрпайы идеялардың бiр-бiрiмен 
қосылуынан болады.


180
Дүниедегi әртүрлi заттарды Дж.Локк эмпириялық, яғни тәжiрибеден 
туатын субстанция дейдi. Ол: нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал 
философиялық деңгейге көтерiлсек, онда ол – материя, рух. Мысалы, бiз 
Күндi алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, өне бойы қозғалыста 
т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрiн бiз 
тәжiрибе арқылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды бiрiктiретiн 
оның ар жағындағы негiз неде деген сұраққа бiздiң сыртқы жэне iшкi 
тәжiрибемiз ештеңе айтпайды, – дейдi Дж.Локк.
Гносеология саласындағы келесi күрделi мәселе – ол жалпы-
лық. Дүниедегi өмiр сүретiннiң бәрi – жалқы, жеке, нақты. Жалпы 
ұғымдарды алатын болсақ, ол ақыл-ойдың әрекетiнен пайда болады, 
заттардың бiр-бiрiне ұқсас қасиеттерi олардан ой арқылы бөлiнiп жал-
пыланады. Қайсыбiр тiлдегi сөздер арқылы бiз жалпылықты көрсетемiз.
Тiлдiң жалпы азаматтық және философиялық жақтары бар. 
Оның бiрiншi жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметтiк өмiрде 
қолданылады, адамдар бiр-бiрiне тiл арқылы неше түрлi ақпараттар, 
өздерiнiң сезiмдерiн т.с.с. жеткiзедi. 
Ал тiлдiң философиялық мағынасына келер болсақ, онда әрбiр 
ұғымның нақтылы көлемi, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше 
түрлi ғылым саласындағы дау-дамайлар түсiнбеушiлiк, тiлдегi 
ұғымдардың әртүрлi мағынада қолданылуына байланысты. Әсiресе 
ғылымға зор әсерiн тигiзетiн нәрсеге неше түрлi мазмұны тайыз
нақтыланбаған сөздердi ойлап шығарып, оны ғылым саласына кіргізу 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет