Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет235/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   521
дүниеге 
таңғалып
, сол жөнiнде алғаш рет ойланып, ондағы 
адамның орны
қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде, 
сол сәтте отандық 
философия бұлағының көзi ашылды
десек те болады. Өйткенi әрбiр 
халық өз тiлiнiң негiзiнде өзiне тән дүниесезiм мен дүниетанымын 
қалыптастырады. Олай болса, жер бетiнде өз тiлiнiң негiзiнде қанша 
халық өмiр сүрiп жатса, сонша-лықты дүниесезiм, дүниетаным, фило-
софия болады.
Әрине, жер бетiндегi адамзатты қоршаған орта – бiр, табиғат-
тың барлық заңдылықтары да – бiр, оларды зерттейтiн ғылымдағы 
жетiстiктер де барлық халықтарға ортақ. Айталық, немiс физикасы
американ биологиясы, орыс химиясы т.с.с. жоқ. Ал философияға келер 
болсақ, мұндағы жағдай басқаша. Өйткенi ол толығынан ғылым емес, 


266
ол – 
метафизика
, оның қойған сұрақтарын бiрде-бiр жаратылыстану 
ғылымы 
шеше алмайды
, өйткенi ол сұрақтар «физиканың ар жағында» 
жатыр. Сондықтан әр халық оларға өзiнше жауап бередi. Сол себептi 
бiз «немiс», «орыс», «қазақ философиясы» т.с.с. деп аузымызды толты-
рып айта аламыз.
Екiншi үлкен мәселе – қазақ философиясының дүниежүзiлiк 
философиядағы алатын орны қандай, жалпы алғанда, оның сол өз 
орны бар ма? Бiздiң философиялық ой-өрiстiң шеңберiнде қалыптасқан 
қандай рухани құндылықтарды бiз мақтан етiп, басқа халықтарға ұсына 
аламыз? Ал бұл сұрақтар бiздi отандық философияның 
differencia 
specifica
, яғни 
өзiне тән ерекшелiктерiн
iздеп табуға ұмтылдырады.
Қазақ халқының дүниесезiмi мен дүниетанымының ерекшелiктерi, 
әрине, ол өмiр сүрген табиғаттың, соған бейiмделiп қалыптасқан 
шаруашылық формалары, өмiр салтының жүйелерiмен тығыз байла-
нысты болса керек. Оған уақытында Ш.Уәлиханов та көңiл аударған 
болатын. Расында да, қазақ елi Бразилия, я болмаса Франция емес.
Жоғарыда айтылған тұрғыдан бұл мәселеге көз жiберсек, онда 
бiздiң ата-бабаларымыз таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер 
мал өсiруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрiсi 
кең, малдың соңында көшiп-қонуға мол мүмкiншiлiгi бар кеңiстiкте 
орналасқан болатын. Ал табиғаты жұмсақ, суы мол жерлерде (мысалы, 
Сырдария, Шу өзендерiнiң т.с.с. бойларында) халық жерге тұрақтанып, 
егiн егiп, қолөнерiн дамытып, қалалар тұрғызды. Оған мысал ретiнде 
«Жiбек жолы» бойында орналасқан Ортағасырдағы қалаларды (Отырар, 
Жүйнек, Мерке, Құлан, Талғар, Алматы т.с.с.) айтуға болады.
Негiзiнен алғанда, Жаңа дәуiрге – машиналық индустрия пайда 
болғанға дейiн – қазақ жерiндегi ең тиiмдi шаруашылық формасы – 
көшпендi мал шаруашылығы болды. Сондықтан бiздiң арғы бабала-
рымыз мыңдаған жылдардың шеңберiнде осы iспен айналысты. Ол, 
бiрiншiден



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет