Серік Мырзалы философия оқу құралы


тақуалық философиясын қабылдамайды



Pdf көрінісі
бет270/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   521
тақуалық философиясын қабылдамайды
. Оның 
ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсiп, материалдық 
дүниеден бас тартса, онда «дүние ойран» болар едi. «Бұлай болғанда 
малды кiм бағады, дұшпанды кiм тоқтатады, киiмдi кiм тоқиды, 
астықты кiм егедi, дүниедегi Алланың пенделерi үшiн жаратқан 
қазыналарын кiм iздейдi (аталған әдебиет, 92 б.) деген сұрақ қойып, 
ойшыл оны Құдай алдындағы күнә ретiнде қарайды. Алла тағала 
дүниенi адамға «рақатын көрмегiне бола жаратқан», қазiрет Ғосман, 
Ғабдурахман ибн Ғауф, Сагид ибн Абдукас сияқты Пайғамбардың 
жақындары да өз байлықтарымен даңқты болған.
Алайда байлықтың да байлығы болады. Кейбiреулер мал жинау, 
мүлкiн көбейту арқылы басқалардан озып, өзiн биiкке көтерiп, дандай-
сып кетедi. Екiншiлер кемтарларға көмектесу, өзiн өзгелерге тәуелдi 
еткiсi келмеу үшiн баюға тырысады. Соңғы жолды Құдай қалайды. 
Нағыз адамға тән биiктеу – ол рухани самғау. Адамның абыройы 


304
оның 
сыртқы
әсем киiмi мен жүрiс-тұрысында 
емес
, оның 
iшкi 
таза ниетiнде
, сол арқылы ғана бiздi Құдай таниды. Руханияты биiк 
адам өмiрде кездесетiн өрескел қиын жағдайлардың өзiнде өз абы-
ройын жоғалтпайды. Адамның өз-өзiн мадақтауы, басқа адамдарды 
төмендетуге тырысуы – оның тайыздығын көрсетедi. Абайдың бұл 
ойлары қазiргi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi дұрыс түсiнуге 
мүмкiндiк бередi.
Бүгiнгi таңдағы 
нарықтық экономиканың
негiздерiн қалыптас-
тыруда Абайдың өз дәуiрiндегi айтқан ойлары өзiнiң өзектiлігiмен 
таңғалдырады. Оның ойынша, бақытты өмiрге жету адам өз ақыл-
ойын, ынтасы мен қабiлетiн, өмiрден алған оң тәжiрибесiн бiрiктiрiп 
алға қойған мақсатын жүзеге асыруға жұмылдырса ғана iске асады. 
Әйгiлi «Сегiз аяқта»:
«Болмағын кекшiл,
Болсайшы көпшiл.
Жан аямай кәсiп қыл!
Орынсыз ыржың,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсiп бұл?
Еңбек қылсаң ерiнбей, 
Тояды қарның тiленбей.
Егiннiң ебiн,
Сауданың тегiн
үйренiп, ойлап, мал iзде.
Адам бол – мал тап
қуансаң, қуан сол кезде», – деген ақыл-ойын халыққа таратады.
Халықтың бойына сiнген кертартпа қасиет – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет