Серік Мырзалы философия оқу құралы


Құдайдың еркіне көну мәселесі



Pdf көрінісі
бет86/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   521
Құдайдың еркіне көну мәселесі.
Егер грек философиясында табиғат (физис) заңы деген ұғым пайда 
болса, оған адам да, құдайлар да көнуі керек. Өйткені оны ешкім 
жасаған жоқ, ол мәңгілік болса, Ортағасырда, керісінше, адамға заңды 
беретін – Құдай, адам оның еркіне көнуі (ешқандай қарсылықсыз) 
қажет. Ал Құдайдың еркіне көнбеуден жаман күнә жоқ.


101
Иса пайғамбардың өзі Құдайдың еркіне көніп, талай-талай зардап-
тан өтіп өлді. Олай болса, адам да өзінің Құдайға деген сүйіспеншілігін 
көрсетіп, Иса пайғамбар жасап кеткен жолмен жүруі керек. 
Бесінші ерекшелік – 
Құдайдың құдіретті көрегендігі.
Егер грек-
тер тағдырға (фатум) табынса, ал оның өзі табиғаттың қажеттілігінен 
шығатын болса, Құдай өзі жаратқан бүкіл Әлемді басқарып қоймай, 
ондағы әрбір адамның – күнәлі, кемтар, данышпан болса да, жүріс-
тұрысын, іс-әрекетін бағалап отырады. Оған сенген адамға: «сұраса – 
беріледі, іздесе – табылады, қақса – ашылады». 
Алғашқы тектік күнә
, оның салдары және одан құтылу – алтыншы 
ерекшелік. Алғашқы адам Құдайдың айтқан ізгілік пен жамандықты 
танитын ағаштың жемістерін алмау жөніндегі ескертуін тыңдамады. 
Ол адамның тәкаппарлығында, өзімшілігінде, ешқандай шектеуді 
жаратпауында, өзінің Құдай болғысы келуінде. Керісінше, адам 
шайтанның: «Сендер алманың дәмін татқан кездеріңде Құдай сияқты 
ізгілік пен жамандықты білетін боласыңдар», – деген ақылын тыңдап, 
күнәға батып, жердегі жұмақтан қуылды. Құдай оларды жамандық, 
зардап өлімге толы дүниеге өзінен алыстатып қоя берді. Адамның 
жасаған күнәсі бүкіл адамзаттың күнәсіна айналды, сонымен «өлім 
адам тағдырының үстінен өтеді, өйткені бәрі де күнәкар» (елші Пауыл).
Сонымен, алғашқы тектік күнә жеке адамды, ол қалай тырысса да, 
өзінің шегінен шығармайды, одан құтылу үшін Құдайдың қолдауы 
керек; бұл рухани жаңа көзқарас грек ой-пікірінен қанша алшақ тұр 
десеңізші! Грек философиясында күнә ұғымы бар болғанымен, оның 
мәні жөнінде сұрақ әлі қойылмаған болатын, сонымен қатар олар жан-
дүние өлген адамнан тірі адамға көшкен көзде жаңарып отыратынына 
сенген, ал философтарды алатын болсақ, олар дүниетаным арқылы 
өздерінің ақыл-ойының арқасында жан дүниесін тазарта алатынына 
күмән келтірмеген. Ал Ортағасырдың адамы Құдайдың қолдауынсыз 
күнәкарлық шеңберінен шыға алмайтынына сенеді. 
Жетінші ерекшелік – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет