Серік Мырзалы философия оқу құралы


болуы мүмкiн апаттан аман сақтап қалып



Pdf көрінісі
бет265/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   521
болуы мүмкiн апаттан аман сақтап қалып

оның сана-сезiмiне 
жаңа құндылықтарды
енгiзу арқылы оны 
жерге 
тұрақтандыру
болды. Өйткенi көшпендiлiк өмiр салтының негiзгi фак-
торы – жер көлемi кедейленген орыс шаруаларын қазақ жерiне әкелiп 
отырғызу саясатының негiзiнде жылдан-жылға қысқара бастады. Ал 
мұның өзi күйзелiсте тұрған көшпендi мал шаруашылығын толығынан 
күйретiп, елде аштықпен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып кел-
ген өмiр салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жан-дүниесiнен 
ажыратыла бастады. Бұл бiздiң ата-бабаларымыздың мыңдаған 
жылдардағы тарихында болмаған 
«зар заманды»
тудырып, адам-
дар өз өмiрiнiң мән-мағынасын жоғалтып, қазiргi тiлмен айтқанда, 
экзистенциалдық вакуумге келiп тiрелдi. Халықтың өзiн-өзi жоғалту 
қаупі туды. Мұндай ахуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмiрдi 
көкседi (қазiргi кеңес қоғамын көксеп жүрген кейбiр саясаткерлер 
сияқты). 
Алайда Тарих өткен жолдарын қайталамайды, сондықтан өткендi 
көксеу – тарихи тұйықтыққа әкелiп тiрейдi. Мұны түсiнген халық 
ағартушылары 
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай 
Кұнанбаев 
секiлдi ұлы тұлғалар халықты 
жаңа өмiрге баулып
, оны 
сауат ашуға, бiлiмге, еңбекқорлыққа, белсендi өмiр салтына, 
жасампаздыққа
шақырды.
Қазақ даласындағы ағартушылық көшiн бастаған аса дарынды ұлы 
тұлға 
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
(1835-1865 жж.) болды. Өзiнiң 
қысқа өмiрiнiң шеңберiнде ол өте көп iстер тындырып, тек қана қазақ 
халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп 
қана қоймай, сонымен қатар сол кездегi нақтылы өмiршең мәселелерге 
атсалысып, қалың бұқараның мүдделерiн аса батылдықпен қорғап, 
соның жолында «аққан жұлдыздай», өкiнiшке қарай, ерте жанып кеттi.
Шоқанның 
онтологиялық
(болмыстық) көзқарастарына келер 
болсақ, ол күнбе-күнгi адамның тәжiрибесiнен шығатын, сол кездегi 


299
жаратылыстану ғылымдарына сүйенетiн материалистiк бағытта болды. 
Оның тiкелей болмыс жөнiндегi еңбектерi болмағанмен, оны бiз 
Шоқанның қазақтардың шамандық (бақсылық) сана-сезiмiн талдауынан 
байқаймыз. Шамандықты көшпендiлердiң алғашқы көне дiнi ретiнде 
қарап, ойшыл табиғаттың сиқырлы да үрейлi күштерiнiң осы дiнде 
бейнеленгенi жөнiнде айтады. Яғни табиғат бiрiншi де, адамның өзi 
сол табиғаттың төл туындысы болғаннан кейiн, өзiнiң сана-сезiмiнде 
айнала ортаны дұрыс, я болмаса қияли бейнелейдi.
Ендi ойшылдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет