сот тәуелсiздiгi жөнiндегi ойларына келсек, ол да бүгiнгi
күнгi талаптармен үндесiп жатыр. Бұл қағиданы iс жүзiнде өмiрге
енгiзу үшiн сот қызметкерi сол жұмысқа өмiрлiк сайлануы қажет.
«Әрбiр елден толымды-бiлiмдi кiсi билiкке жыл кесiлмей сайланса, олар
түссе – жаманшылығы әшкере бiлiнгендiктен түссе, әйтпесе түспесе», –
дейдi ұлы ойшыл. Егемен мемлекетiмiзде Абайдың айтқан бұл ойын
iске асырдық, бiрақ етек жайып кеткен пара алатын «зәкүншiктер» осы
уақытқа шейiн таусылар емес.
Абай бүкiл болмысымен, жан-тәнiмен өз халқын сүйген, сол
себептi оның тарихи қалыптасқан кемшiлiктерiн әшкерелей бiлген.
Өз кемшiлiгiн сезiну – одан жартылай құтылумен тең емес пе, қалған
жартысын бiлiм алу, қажырлы еңбек ету жолында жоюға болады. Абай
«Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе, «Ардан кет-
кен соң, тiрi болып жүргенiң құрысын», – деп қынжылады (29-сөз,
аталған шығарма, 63-б.). «Қалауын тапса қар жанады», «Атың шықпаса,
жер өрте», «Алтын көрсе, перiште жолдан таяды», «Ата-анадан мал
тәттi, алтын үйден жан тәттi» деген мақал-мәтелдерге сын көзбен
қарап, қазақ дүниесезiмiнде қалыптасқан терiс кертартпа қылықтарды
қатты сынға алып, оларды түзеуге шақырады.
Бiздің бұл мәселеге тоқталған себебiмiз – дербес мемлекет болып
қалыптасып, жаңа өмiрге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзiндiк
сыны 100 жылдан аса уақыт өтсе де, Абайдың деңгейiнен төмен
болып тұрғандығы. Керiсiнше, қоғамдық санада «Жаманымызды
жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пiкiр кең тараған.
Сонда бiз халықтың терiс қылықтарынан қалай арыламыз?! Я болмаса
бүгiнгi таңдағы қазақ халқының кемшiлiктерi жоқ па? Олай болса, бiз
неге басқа алға кеткен халықтардан озып кетпеймiз? Бұл қойылған
сұрақтарға қарсы «қазақ елi көпұлтты мемлекетке айналғаннан кейiн,
басқалардың алдында өз кемшiлiктерiмiздi әшкерелегеннiң жөнi бол-
307
мас» деген пiкiрдi де естiп жүрмiз. Ал басқалар сынаса, жатып алып
долданамыз.
Әрине, көпұлтты елде бiрiн-бiрi сынау үлкен саяси қателік болар
едi. Сонымен қатар «Ауруын жасырған – өледi» дегендi еске алсақ,
ұлттық сын керек сияқты, ал оны жасайтын