353
Нақтылы дүниеге келген заттардың «өмiр сүруi» (existentia) мен
мән-мағынасы (essentia) бар. Олар бiр-бiрiмен қосылып,
сонымен қатар
бөлiнiп жатады. Бұл дүниеде өмiр сүру, яғни болмысқа қатысты болу
дегенiмiз – жаратылғандықтың белгiсi. Екiншi жағынан, мән-мағынаға
ие болу дегенiмiз – нақтылы, белгiлi зат болумен тең, олай болса,
ол
әрқашанда шектелген, өтпелi, ол – жалпы болмыс емес, тек қана
нақтылы болмыс. Жак Маритеннiң айтуына қарағанда,
әрбiр болмыс
өмiр сүру мен мәндiлiктен тұрады. «Мәндiлiк бұл зат не деген сұраққа
жауап берсе, мысалы, тас, «өмiр сүрудiң» қоятын сұрағы тiптi басқаша:
Ол бар ма, яғни дәл қазiр өмiр сүрiп жатыр ма, әлде жоқ па? Олай болса,
бұл дүние кездейсоқ оның шеңберiнде әрбiр заттың болуы да, болмауы
да мүмкiн. Нақтылы дүние тәуелдi, өз-өзiне жеткiлiксiз, тек қана Құдай
толыққанды кемелiне келген болмыспен тең», – деп қорытады өзiнiң
ойын Ж.Маритен.
Адам дене мен рухтан тұрады. Ол өзiнiң материалдық қажеттiліктерiн
мемлекеттiң шеңберiнде әлеуметтiк пенде ретiнде өтесе, тұлға ретiнде
ол Құдайға тәуелдi. Сондықтан бұл философия адамның материалдық
мәселелерге (бiр жағынан, жетiспеушiлiкке,
екiншi жағынан, оның
көптiгiне) көп көңiл бөлгенiн жаратпайды. Өйткенi адам – зат емес, ол
тұлға. Олай болса, жердегi тәртiп рухқа тәуелдi болуы қажет. Адамның
жеке өмiрi өзiнiң шеңберiнде жабылып қалмай, басқа адамдарға ашық
болуы керек.
Христиандық философияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi –
Достарыңызбен бөлісу: