Серік Мырзалы философия оқу құралы


дүниетанымы, санасы, рухы айнала



Pdf көрінісі
бет33/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   521
дүниетанымы, санасы, рухы айнала 
қоршаған ортаға өзінің әсерін тигізе ме
, әлде дүние сол қалпында 
қала бере ме? 


35
Бұл қойылған сұрақтар философияның 
праксеологиялық
(іс-әрекет) 
және 
аксиологиялық
(құндылық) жақтарын құрайды.
Мысалы, адам материалистік көзқараста болып, дүниенің танылаты-
нын мойындағанмен, айнала қоршаған ортаны – табиғат пен қоғамды 
өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы өзгерте алатынына күмән келтіруі 
мүмкін.
Бір қарағанда, бұл сұраққа жауап жеңіл сияқты. Оған жауап 
ретінде адам тағы табиғатта жоқ қалаларды, асфальт, теміржолдарды, 
ұшақтарды т.с.с. көрсетуі мүмкін. Мұның бары де – адамның саналы 
іс-әрекетінің нәтижесі. Бірақ экологиялық апаттар мен дағдарыстардың 
дүниеге келуі, көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің кел-
меске кетуі, жалпы, айнала қоршаған табиғаттың азғындауы, тіпті 
адамдардың өздерінің физикалық табиғатының әлсіреуі – осының 
бәрі жоғарыда көрсетілген жеңіл жауапқа күмән келтіруі мүмкін. 
Олай болса, бұл сұрақ қазіргі адамзаттың рух тебіренісінің негізгі 
мәселелерінің бірі болып саналады.
Негізінен, материалистік және идеалистік бағыттағы көп ойшыл-
дар адамның шығармашылық іс-әрекетін, оның қоршаған ортаны 
өзгертудегі мүмкіндіктерін мойындайды. 
Әсіресе бұл мәселеге еш күмәнсіз қарап, рухтың құдіретін көр-
сететін ағым – ол субъективті идеализм. Оның себебі, олардың 
пікірінше, адам өз дүниесін өзі құрайды. Мұндай шешім адамның 
шығармашылық іс-әрекетін жеке көрсетеді. Осыған орай, неміс фило-
софы И.Фихте айтқан: 
«Әрекет ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет!»
– 
деген ұранын келтірсек болғаны.
Бұл салада тағы да бір үлкен сұрақ пайда болады. Егер адам дүниені 
саналы түрде қайта құра алатын болса, онда ол оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет