Серік Мырзалы философия оқу құралы


ирония  мен майевтика. Ирония



Pdf көрінісі
бет69/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   521
ирония 
мен майевтика. Ирония
дегеніміз – сұхбат барысында білмеген сияқты 
болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда отырған адамның 
тұжырымдарының неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығын 
ашып, ең ақырында оны: «Менің білетінім – тек қана ештеңе 
білмейтінім», – деген ойға әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер 
осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не 
істерін, өзін қалай ұстайтынын білмес еді.
Сұхбаттың екінші сатысында 
майевтика
басталады. Ол сәбидің 
дүниеге келуіне көмектесетін кіндік шешенің қызметі сияқты. Бірақ 
сәби емес, дүниеге ақиқат келеді. Ол үшін жоғарыдағы талданған 
мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа 
әкелетіндері алынады.
Бірақ Сократтың мақсаты – одан да ары тереңдеу. Қандай мәселе 
талқыланса да, әңгіме ақырында адам өмірінің мән-мағынасына келіп 
тіреліп, осы мен қалай өмір сүріп жатырмын, не істеп, не қойдым, 
менің ар-ұжданым таза ма т.с.с. деген сұрақтарға әкеледі. Міне, негізгі 
мақсат енді ғана орындалды, осы уақытқа дейін өзінің жан дүниесі 
жөнінде ойланбай келген адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен 
қарай бастайды.
Олай болса, адамның 
өз-өзін танып-білуі
– оның ең биік мұратына 
айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар 
шешіледі. Ол үшін адам күнделікті өмірдегі «ұсақ мәселелердің» 
жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттық ақиқат деңгейіне көтеріліп, 
өзінің жан-дүниесін толтыруы керек. Бұл пікірді қолдайтын бір аңыз 
бар. Сократтан: «Сіздің туған жеріңіз қайда?» – деп сұрағанда, ол: «Мен 
ғарыштанмын», – деп жауап берсе керек. Сократтың ұлы тұлғалығы, 
міне, осында.
§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы 
жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель
Б.з.д. IV ғ. антикалық қоғамда бүкіл мәдениет, оның ішінде филосо-
фия да өзінің ең биік сатысына көтеріледі. 


78
Қоғамды әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан алып қара-
ғанда, бұл уақыт қала-полистердің мүмкіншіліктері таусылып, дағда-
рысқа ұшыраған кезі болғанымен, рухани өмір, керісінше, үлкен 
шабытта болып, ең ұлы туындылар пайда болды. Мұның өзі рухани 
және материалдық өмір дамуының бір-біріне тәуелсіз екендігін 
дәлелдегендей, әрине, салыстырмалы түрде ғана. 
Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына келер болсақ, 
натур-философиялық кезең және софистика ұлы жүйелерді жасауға 
жақсы мүмкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық философияда үлкен 
төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет