Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және



Pdf көрінісі
бет101/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және 
олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері
Қайта өрлеу заманындағы жаңа келе жатқан капиталистік қаты-
настар жаратылыстану ғылымдарына қарай бетбұрысты туғызды.
Негізінен, ғылым Ортағасырдағы ашылған университеттер мен 
суретші, мүсінші, сәулетші т.с.с. өнер қайраткерлерінің шеберха-
наларында дамыды. Егер университеттерде схоластикалық ағым 
осы уақытқа шейін әлі де басым болса, шеберханаларда матема-
тика, геометрия сияқты ғылымдар жақсы дами бастады. Адамның 
дене құрылысының өлшемі терең зерттелді. Сәулетшілер үлкен 
ғимараттардың жобасын жасау жолында олардың геометриялық про-
порцияларын зерттейді. Механикалық заңдылықтарға көңіл бөледі. 
Ғылым мен өнер саласында Қайта өрлеу заманының ең жан-жақты 
дамыған тұлғасы, тарихта өз ізін қалдырған Леонардо да Винчи (1452-
1519 жж.) болды. Ұлы суретші, мүсінші, инженер, ойлап тапқыш – 


152
ол өз заманы емес, бүкіл адамзат тарихында болған шығармашылық 
мүмкіншілігі ғажап адам еді. Оны біз тіпті жан-жақты дамыған 
адамның мұраты деп атасақ, артық болмас. 
Ол өзінің әйгілі «Джокондасымен» (Мона Лиза) я болмаса «Құпия 
кешкі отырыс» суреттерімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-
анатомиялық, физиологиялық зерттеулерімен, неше түрлі техникалық 
жобаларымен (қазіргі танкті, мата тоқу станогін, әуе ұшағын
парашютті, гидротехникадағы шлюздерді ойлап шығарған) тарихта 
мәңгі қалды. Ол өз заманында механика, физика, астрономия, геология, 
ботаника, анатомия және физиология мәселелерімен айналысты. 
Өзінің философиялық қөзқарастарында Л. да Винчи адам мен 
табиғатты салыстырып, адамның дүниедегі барлық тіршіліктен жоғары 
екенін, ал ол жасаған мәдениет туындылары табиғаттың «жасаған» зат-
тарынан анағұрлым биік екенін көрсетті. 
Өз заманындағы схоластикалық ғылымға қарсы шығып, Леонардо да 
Винчи эмпиризмнің алғашқы нышандарын жасады. Тәжірибе арқылы 
ғана ақиқатқа жақындауға болады. Ары қарай тереңдеу үшін мақсатқа 
лайықты тәжірибе-эксперимент керек. Бірақ табиғат тәжірибеден тыс 
қалған көп себептерден де тұрады. Сондықтан ақиқатқа жетудің соңғы 
жолы – теория. «Ғылым қолбасшы болса, нақты іс-қимыл – әскер», – 
дейді Л. да Винчи. 
Адам айнала қоршаған дүниені тек қана ғылыми жолмен танып қана 
қоймайды. Өнер – ол да танымның ерекше жолы. 
Егер ғылым дүниенің сандық жағын ғана зерттей алатын болса, онда 
өнер дүниенің сапалық, қайталанбайтын, әсем, нақтылы жағын көрсете 
алады. Бұл жағынан ұлы суретші өнер ғылымнан биік деген пікірге 
келеді. Расында да, Л. да Винчи шығармаларын алып қарасақ, онда 
адамның дене құрылысының өлшемдері анатомия ғылымына сәйкес, ал 
бет-әлпеті мен жан дүниесін ол терең психолог ретінде көрсете білген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет