Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет99/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   422
Байланысты:
2 (1)

бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып 
жібермеу, орталық билікті мықты қолда ұстау болды. Ал саясаттың 
моральдық сипатына келер болсақ, «мүмкіндігінше ізгіліктен алыста-
мау керек, ал қажет болса, зұлымдықтан қашпау қажеттігі» туралы 
пікір айтқан-ды. Бірақ саясатты толығынан моральдық шеңберде 
ұстау мүмкін емес. Н.Макиавелли: «Тек қана өзінің ар-ұжданының 


149
талабына сәйкес әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қаза- 
ды», – деген пікір айтады. Оған себеп – қоғам өміріндегі кейбір жағдайда 
қалыптасатын «ащы шындықтың ақиқаты». Оны шешу үшін мем-
лекет басшысы зорлық-зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай 
жағдай қалыптасқанда, ол «қаталдықпен көп әуестенбеуі керек, қажет 
болған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-
шытын шығаруға тиіс».
Халық мемлекеттік билікке, бір жағынан, қорқынышпен, екінші 
жағынан, сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ таңдауға келген жағдайда, 
халықты қорқынышта ұстау – сенімдірек. Саясаткер, бір жағынан, 
батыл, екінші жағынан, абай болуы керек. Бірақ шешуші жағдайда 
батылдық қажет. Ел бастысы, бір жағынан, арыстанға, екінші жағынан, 
түлкіге ұқсас болуы қажет. 
Қоғамдағы қайшылық өршіп, адамдардың өкіметке деген сенімі 
жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ қалай дегенде де, 
жеңіс әрқашанда саясаткердің негізгі мақсатына айналуы керек, ал оған 
жететін құралдар әртүрлі болуы мүмкін. Сол жолда зорлық-зомбылық 
жасалса, ол қоғамдағы жағдайды дұрыстауға, тәртіпті орнына келтіруге 
ғана жұмсалып, тоқталуы қажет. Екінші рет зомбылықты қолданудан 
алшақ болу керек, – деген пікір айтады ұлы ойшыл. 
Н.Макиавелли туралы «адамгершіліксіз саясаттың жақтаушысы» 
деген пікір жүздеген жылдар бойы сақталып келді. Тек ХХ ғ. екінші 
жартысында ғана бұл ойшылдың еңбектері терең зерттеліп, басқаша 
пікір қалыптаса бастады. Ағылшын елінің ұлы философы Б.Рассел 
бұл кісінің еңбектерін жоғары бағалап: «Н.Макиавелли Ренессанс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет