Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет193/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   422
Байланысты:
2 (1)

«Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерiлген негiзгi мәселе – ол адам 
өмiрiнiң мәнi. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп көңiл 
бөледi. Адам – саналы түрде iс-әрекет жасай алатын пенде, ал оның 
санасын, рухын дамытатын – бiлiм. Ойшыл ол туралы:
«Бiлiмдар: «Істi бiлiп, бекiн!» – дейдi,
Ақылмен iс iстеген өкiнбейдi.
Бiлмеген талай жұмыс iстеп жүрiп,
Амал жоқ, түбiнде сол опық жейдi».
А.Жүйнекидiң ойынша, «бiлiмсiз – тiрi өлiк». Оны ол мынандай 
шумақпен қорытады:


277
«Сүйекте жiлiк болар, ерде – бiлiк,
Ақыл ғой ердiң көркi, етте – жiлiк.
Жiлiксiз ет секiлдi бiлiмсiздiк,
Қол созбас сүйексiзге бұл тiршiлiк».
Ғұлама ақын адамның бақытты болуы бiлiмге, ал бақытсыздық 
қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп ұғынды.
«Кедейдiң кертiп жейтiн малы – бiлiм,
Бiлiмнiң жоқ-жiтiкке берерi мол».
Ойшылдың көтерген бұл ойлары бүгiнгi таңдағы Қазақстан 
халқына өзiнiң өзектiлігiмен көрiнедi: бүгiнгi жұмыссыз жүрген көп 
азаматтардың бiлiмi мен мамандығының төмендiгi соның негiзгi 
себептерінің бiрi емес пе? Тек қана дүниеде жинақталған жаңа техно-
логияларды терең игерiп, оларды шығармашылық деңгейде пайдалану 
арқылы ғана бiз дүниежүзiлiк қауымның терезесi тең мүшесiне айна-
ламыз. Ал ол үшiн халықты ағарту, ғылымдағы жетiстiктердi оқу-бiлу 
қажет. Алайда бiз бұл жолда «технократизм», «сциентизм» шырма-
уында қалып қойып, өзiмiздiң мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан 
дүниесезiмiмiзден айырылып қалмаймыз ба деген ащы ой ерiксiзден 
көкiрегiмiзге ұялайды. А.Жүйнекидiң даналығы – ол бiлiмдi қажеттi 
түрде моральдық санамен бiрге ұштастырып қарайды. Ол бiзге «дәрежең 
өскен сайын ұстамдырақ бол, тәкаппарлықтан құтыл, кiшiпейiлдiк 
ұста. Ұлықсынба, абайла, ол – бiр Құдай!» – деген тамаша өсиеттердi 
қалдырды. А.Жүйнекидiң бiршама моральдық қағидалары Киелі кітап, 
я болмаса Құран сияқты дiни құжаттарда берiлген терең ойлармен 
үндесiп жатады. Мысалы, «қанды қанмен жусаң тазармайды», өйткенi 
алғашқы қанның iзi кеткенмен, жаңа қанның iзi қалады. «Бiреу зәбiр 
жасаса, қарымына рақат көрсет, кешiр, зәбiрлiк жасама», – дейдi ұлы 
ойшыл. 
«Бал бар жерде ара да бар. Ең алдымен араның зәрiн байқап 
көр», – деген бабамыздың сөзiнен бiз дүниенiң қайшылығын байқаймыз. 
Ойшылдың пiкiрiнше, «небiр асқан өнерде бiрер мiн болады», 
сондықтан «бiр айыпқа бола бас кесушi дүниеде тiрi адамсыз қалады». 
А.Жүйнеки бiлiмдi соншалықты зор бағалағанмен, сол бiлiмдi тудыра-
тын, насихаттайтын адамдардың еңбегiнiң ақысы қайсыбiр қоғамда да 
төмен болатындығын қынжыла айтады. Оны бiз мынау ойдан көремiз: 
«өнер арқылы дәулеттiң келуi мүмкiн емес, қиындық атаулының 
ең қиыны – осы. Дүние арамдарды көтерiп, адалды шалады», – деп 
қынжылады ұлы ойшыл.
Дүниенi танып-бiлудегi сөз құдiретiне ежелгi түрiктер өте үлкен 
мән берген. Оны бiз А.Жүйнекидiң шығармашылық жолынан да таба-
мыз. Ол әсiресе оның мәнiн адамдардың қарым-қатынасына тигiзетiн 
әсерiнен байқайды: 


278
«...Есептi сөз – ер сөзiнiң асылы,
Мылжың тiлдi «жау» деп ұғын тартыста», – дейдi ойшыл.
Ол адамды мағыналы сөйлеуге, сыр сақтай бiлуге шақырады: 
«Ақылды ма көп сөйлеген күпiне,
Талай бастың тiл жеттi ғой түбiне.
Оқ жарасы жазылады, бiрақ та
Тiл жарасы жазылмайды: түбi не», – деп тебiренедi ұлы ойшыл.
Шын сөз бал секiлдi, жанға жайлы, дертке шипа болып келедi деп, 
ұлы ойшыл адамды әдiлдiкке, шындыққа, ұстамдылыққа шақырады.
Орта ғасырдағы тақуалық өмiр салтына сәйкес, ойшыл адамдардың 
қарым-қатынасындағы жомарттық пен сараңдық мәселесiне де тоқтап, 
оларға талдау жасайды.
«Жомарт ер бiлiм жолын жете бiлер,
Мал берiп, атақ алып өте бiлер. 
Жарылқап кем-кетiктi бiлiмменен, 
Жақсы атпен дүниеден кете бiлер», – деп тебiренедi ұлы ойшыл.
А.Жүйнекидiң ойынша, «сараң – малдың құлы», ол емдегенмен 
жазылмайтын ауру, оның түбi – менмендiк, өркөкіректiк, тәкаппар-
лық – нағыз адамның табиғатына сай келмейтiн, мүлдем жат нәрселер. 
Қорыта келе, ойшыл адам өмiрге жамандық емес, жақсылық, игiлiктi 
iстер жасау үшiн келедi деген түйiн жасайды:
«...Iспен тәуiр жұрттың көңiлiн анықтап,
Өз бойыңды парықсыздан аулақ сап.
Әуелi iстер жұмыс иiнiн ойлап ал,
Керек пе, әлде жоқ па екен деп анықтап», – деген ғибрат сөздердi 
айтады.
Ұлы тұлғалардың ойларының ерекшелiгi – олар әрқашанда өзiнiң 
өзектiлiгiмен көрiнедi. Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетiлген 
ұлы бабамыздың ойлары бүгiнгi заманда өрлеу үстiндегi халқымызға 
ауадай қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет