Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет221/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   422
iзгi ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзiлiк 
цивилизацияның ғылым мен техникада қол жеткiзген жетiстiктерiн 
игерiп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың 
рухани байлығымен үйлесiмдi ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгiнгi 
күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.
Патша үкiметiнiң отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес зама-
нында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздiгiн 
(идентификация) жоғалту қаупін тудыруын байқап, оған барлық жан-
тәнiмен қарсы тұрды, халықтың ана тiлi мен руханиятын дамытуға 
барынша атсалысты.
Сонымен қатар ол екiншi қауіпті да көре бiлдi. Ол қауіп қоғам 
жүйелi түрде түбегейлi өзгерiстерге түскен кезде, Жаңа дәуiрдiң қой-
ған талаптарынан жасқанған ұлттық сана-сезiм өзiн сақтап қалуды 
автаркиялық (өзiне-өзi жеткiлiктi) бағыттан көруге тырысуы, сол 
себептi өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуi, оны асыра 
бағалауы. 
Өткен заман келмеске кеттi, оны қайтару мүмкiн емес, сондықтан 
алға кеткен халықтардың жетiстiктерiн игерiп, болашаққа қарай 
жігерлi де табанды ұмтылыс қажет (Ақ жол, 238-б.). Сонымен қатар 
бұл үрдiс халықтың өз болмысын жоғалтып, мәңгүрттiкке жол сал-
мауы керек. Ол үшiн тек қана өз руханиятына сәйкес келетiн (ал оның 
өзi – Абай мен Шәкәрiм көрсеткен «нұрлы ақыл», «ар-ұждан») басқа 
цивилизациялардың құндылықтарын таңдап алу арқылы iске асуы 
керек. Сонда ғана ол өз жемiсiн бермек. Қандай ғажап ойлар!
Бүгiнгi таңда ХХ ғ. басында өмiр сүрген ойшыл-демократтардың 
асыл арманы – халықтың бостандығы мен егемендiгi – iске асты. 
Олардың айтқан көп гуманистiк-демократиялық идеялары бiрте-бiрте 
өмiрге енуде. Президенттiң халық алдына қойған «Қазақстан-2030» 


318
бағдарламасы 30 жылдардағы ұлттық зияткерліктің қойған өзектi 
мәселелерiн қамтып, оларды ары қарай дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет