Серік Мырзалы философия оқу құралы


М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаевты



Pdf көрінісі
бет218/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   422
М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар едi. 
Аталған тұлғалардың көбi өз талпынысының арқасында жан-жақты 
бiлiм алып, орыс және басқа тiлдердi меңгеріп, шын шығармашылық 
деңгейге көтерiле бiлдi, ал кейбiреулерi (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов 
т.с.с.) Ресей жоғары оқу орындарын бiтiрдi.
Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының 
бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың 
белсендi де абыройлы жетекшiлерi деп бағалауға болады. Осы жолда 
олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-
сезiмiн оятып, өз заманының дәрежесiне көтергiлерi келдi. Олардың 
бәрi дерлiк 1917 ж. болған екi революцияны да қабылдап, олар қазақ 
елiне шын бостандық, теңдiк, бақытты өмiр әкеледi деп ойлады. Бiрақ 
олардың көбi қоғамды шынайы түрде демократиялық реформалар 
арқылы өзгертудi қалады, 20 жылдардан басталған сұрапыл қантөгiс 
оларды қатты қынжылтты. Ұлы Мағжанға сөз берсек:
«Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай, алтын ана есте жоқ,


314
Батыр хандар, асқақ жандар ұмытылды.
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ-ардың, 
Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...». Ақынның бұл шумағынан 
өткендi романтизациялаумен қатар, сол кездегi халықтың аянышты 
жағдайын ашық та батыл көрсеткенiн байқаймыз.
Оны бiз А.Байтұрсынұлының мына шумақтарынан да көруiмiзге 
болады:
«Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бiр өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнiмiзде шарпылмаған».
Бiрақ өз өмiрлерiнiң алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты 
ағарту, оның өзiндiк сана-сезiмiн дамыту iсiн олар тоқтатқан жоқ
Өйткенi олар халықтың болашағын көздедi, ертелi-кеш халық өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет