Серік Мырзалы философия оқу құралы


ала болжай бiлдi. Оның кенеттен жарқ еткен ар-ұждан идеясын



Pdf көрінісі
бет217/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   422
Байланысты:
2 (1)

ала болжай бiлдi. Оның кенеттен жарқ еткен ар-ұждан идеясын 
мыңдаған жылдарға созылған қазақ руханиятының квинтэссенци-
ясы (тұздығы) десек те болар. 
Өкiнiшке қарай, қазақ елiндегi реформаларды жүргiзу саты-ларының 
алғашқы кезеңдерiнде халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан 
дiлi мен руханиятымен санаспайтын технократиялық ағымға негiзделген 
саясат басым болып, оның қаншама терiс әсерiн тигiзгенiн қазiр ғана 
сезiнiп жатырмыз. Менмендiк, қоғамдық пiкiрмен санаспаушылық, 
өткен тарихи сатыны толығынан терiстеу, адамдардың бiр-бiрiнен 
жаттануы, шен иелерiнiң жемқорлығы, екiжүздiлiк, тәкаппарлық т.с.с. 
келеңсiз құбылыстар тек адамгершiлiкке, ар-ұжданға негiзделген сая-
сат арқылы ғана жеңiледi. Оны естен шығармауымыз керек.
Қазiргi жаңару сатымызда Шәкәрiмнiң айтқан көп ағартушылық 
ақыл-ойлары да бiзге рухани азық болмақ.
«Ақ iсiңе Құдай жақ,
Адамнан тiптi шошыма» немесе:
«Құдай таза жаратты, сен таза бол,
Ұқсаң анық айттым ғой, бұл – таза жол», – дейдi ақын. Сонымен 
бiрге ол әрбiр адамды жасампаздық еңбекке шақырады:


313
«Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе,
Бәрiн Құдай қылады дегенге ерме», – деп ескертедi. Әсiресе мына 
жолдар бiзге ауадай қажет сияқты:
«Өнер қылма ар сатып жалданбақты,
Ұлық болып елдi жеп мақтанбақты.
Бiреудi жеп, бiреудi табамыз деп,
Қашан жақсы көрушi ек алданбақты».
Қорыта келе, Шәкәрiмнiң философиясы өте биiк, нәзiк те терең, 
өз заманынан озған десек, қателеспейміз. Оның идеялары қазақ руха-
ниятынан тыс бүкiләлемдiк бiлiмге өз үлесiн қосты деп айтуға әбден 
болады.
ХХ ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың 
философиялық ой-пiкiрлерi 
ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең 
күйзелiске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлттық сана-
сезiмi өсiп, олар өзiндiк мемлекет құру, төл мәдениетi мен тiлiн, әдет-
ғұрпын сақтап қалу мәселелерiн күн тәртiбiне қоя бастады. Бұл көштен 
қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы ХХ ғ. басында өз iшiнен 
талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшiн 
жан-тәнiн берген азаматтарды тудырды. Солардың iшiнен ерекше 
тұлғалар ретiнде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет