Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 5. Экзистенциализм философиясы



Pdf көрінісі
бет246/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 5. Экзистенциализм философиясы
Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi – экзистен-
циализм (existentia – латын сөзi, өмiр сүру) философиясы. Ол Батыс 
Еуропа топырағында екi дүниежүзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. 
ХХ ғ. бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте 
миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, зауыт-
тар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы 
да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын 
адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниені танып, оны 
қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, 
оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-
мағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне жеткізді.
Мұндай ахуал, әрине, өткен ғасырда өмiр сүрген дат философы 
С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы 
Б.Паскальдiң, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдiң ойларының өзектiлігiн 
көрсетiп, олардың еңбектерi экзистенциализм бағытының теориялық 
қайнар көзiне айналды.
Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға 
Мартин Хайдеггер (1888-1976 жж.) мен Карл Ясперстi (1883-1969 жж.)
(Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 жж.) мен Альбер Камюдi (1913-
1960 жж.) (Франция), Н.А.Бердяев (1874-1948 жж.) пен Л.И.Шестовты 
(1866-1938 жж.) (Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе 
Ортега-и-Гассеттi (1883-1955 жж.) (Испания) жатқызуға болады.
Сонымен, ХХ ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде 
мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, 
трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға 
салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық – зерденiң 
негiзiнде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының 
тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделенумен қатар 
қатыгезденiп жатқан дүниеде тұрақтану үшiн, адам ең алдымен 
өзiнiң iшкi өмiрiн талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен 
қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң 
рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi 
нәрсе – ол зат, материя, я болмаса идея, таным философиясы емес
негiзiнен алғанда, – адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, 


348
әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса танымның құралы емес, 
ол субъект – ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс. 
Жоғарыда айтылған жалпы мiнездеменi нақтылай түссек, онда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет