Серік Мырзалы философия оқу құралы


А.Адлер фрейдизм iлiмiне «компенсация»



Pdf көрінісі
бет245/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   422
Байланысты:
2 (1)

А.Адлер фрейдизм iлiмiне «компенсация» (толықтыру) ұғымын 
кiргiзедi. Қайсыбiр адамның психикасында өзiнiң дене кемшiлiктерiн 
сезiнудiң негiзiнде «өзiне деген сенiмсiздiк» бишаралық сезiм пайда 
болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзiнiң барлық шығармашылық 
мүмкiндiктерiн сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзiн 
өмiрде нағыз болуға итерген iс-әрекетiн А.Адлер компенсация дейдi. 
Ал адам осы жолда «компенсациядан да үстем» iс-әрекет жасаса
онда ол ұлылық дәрежесiне көтерiлуi мүмкiн (мысалы, Наполеонның 


346
денесiнiң кiшiлiгi, Гитлердiң аяғын сылтып басуы т.с.с. – олардың дене 
кемшiлiктерiн ұлы iстер арқылы компенсациялау әрекетiн тудырды 
деген пiкiр әдебиетте бар).
К.Хорни тұлғаның дамуының екi жолын көрсетедi – ол норма 
мен паталогия. Бiрiншi жолда адам өз табиғи дарындарын өзiнiң 
қабiлеттерiне айналдырып, оларды дамытуға тырысады. Екiншiде 
адамның мiнез-құлқында терiс өзгерiстер қорланып, невроз ауру-
ына әкеледi. К.Хорни оны әлеуметтiк себептермен («ауру» қоғамның 
салдарлары) генетикалық (өзара тұлғалық және әке-шеше мен бала 
арасындағы терiс қарым-қатынастардың қалыптасуы) және «мәндiк» 
(тұлғаның өз мүмкiншiлiктерiн iске асыру жолында жалған жолға түсiп 
кетуi) өзгерiстермен ұштастырады.
Неофрейдизмнiң ұлы өкiлi есебiнде американ философы Эрих 
Фроммды айтуға болады. Оның ойынша, тұлғаның ешқандай туа 
бiткен психикалық қасиеттерi жоқ. Тұлғаның барлық психикалық 
өзгерiстерi мен өмiрдегi көрiнiстерi оның қоғам өмiрiндегi қатынастарға 
тереңдеу деңгейiмен байланысты. Қазiргi қоғамдағы қатынастар 
«машиналанған», «компьютерленген» т.с.с. түрде болғандықтан, ол 
адамның шынайы мәнiн «жаттандырып», оны неше түрлi невроз аурула-
рына әкеледi. Қазiргi қоғам адамның осы дүниедегi «болуының» орнына 
оған «алуды» ұсынады. Сол себептi ол тұлғаның «жинаушылық», 
«нарықтық», «енжарлық» т.с.с. мiнез-құлқын тудырады. Тұлғаның 
жаттануының ең айқын көрiнiстерi – ол адамның ерiктiктен бас тар-
тып қашуы, нашақорлықтың, маскүнемдіктің жолына түсiп батуы, 
қылмыстық т.с.с. Ал осы көрсетiлген кемшiлiктердi тудырған «ауру» 
қоғамды қалайша «емдеуге» болады? Э.Фроммның ойынша, ол үшiн 
ең бiрiншi қажет нәрсе – «гуманистiк жоспарлауды» қоғамға енгiзу, 
дүниедегi байлықты жинау, қорлау, алу психологиясынан бас тарту, 
қоғамды басқару жүйесiндегi қалыптасып қалған шен иелерiнiң 
жаттанған басқару формаларының орнына «гуманистiк басқару» 
жүйесiн енгiзу, соның арқасында қарапайым адамдардың әлеуметтiк 
өмiрге деген ынтасын ояту, дүниеде болуға бағытталған құндылықтар 
жүйесiн тудыру т.с.с. қажеттiктердi көрсетедi. Әрине, ұлы философтың 
бұл ойлары – өтпелi кезеңдi өз басынан өткiзiп жатқан бiздiң қоғамға 
аса қажет ойландыратын нәрселер.
Сонымен қатар Э.Фромм адамның өмiр сүру диалектикасына 
тоқталып, оның ешқашанда жойылмайтын трагедиялық жағын да 
көрсетедi. Бiрiншiден, адам бұл өмiрге өзi сұранып келмейдi, ол белгiлi 
бiр кездейсоқ жерде, уақытта дүниеге келiп, алғашқы сатыдан өмiрiнiң 
соңына шейiн «өмiр мен өлiмнiң екi ортасында» болып iс-әрекет 
етедi. Екiншiден, осындай шектелген өмiрдiң шеңберiнде адам өзiнiң 
бойындағы барлық дарындарын iске асырып, алдына қойған өмiрлiк 


347
мақсат-мұраттарын орындап үлгiрмейдi, сондықтан олардың көбi, 
қазақ дүниесезiмiндегi терминдермен айтсақ, «жалған, жеткiзбейтiн 
арман» болып қала бередi. Э.Фроммның бұл ойлары бiздi фрейдизмнiң 
шеңберiнен шығарып, экзистенциализм философиясына өткiзiп 
жiбередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет