Серік Мырзалы философия оқу құралы


өмірден неше түрлі сезімдік ләззат алуға



Pdf көрінісі
бет328/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   422
Байланысты:
2 (1)

өмірден неше түрлі сезімдік ләззат алуға бағытталады. Өйткен себебі, 
капиталдың өне бойы өсуі нарықтағы айналымның тез өтуімен тығыз 
байланысты. Керісінше жағдайда ол тоқырауға ұшырайды. Сондықтан 
жыл сайын жаңа тауарлардың сан алуаны шығарылып, жарнама 
арқылы адамдарға таратылады. Оларды тұтынатын адамдар өздерін 
өмірдің желісінен қалмадық деп есептейді де, тұтына алмағандар өзін 
бишара ретінде сезінеді. Мұндай өмір салты көбірек тұтынуды өмір 
мақсатына айналдырады, ал ол үшін көбірек ақша табу керек, оның 
жолында сайысқа түсіп, стреске ұшырап, неше түрлі транквилизатор-
ларды қолданып, ақырында көп адамдар жүйке ауруларына шалдығады. 
Өмірдің мән-мағынасы жойылған адам әлеуметтік ауытқушылыққа 
шалдығып, қылмыстық жолға, я болмаса маскүнемдік, нашақорлық, 
тіпті өмірден бас тартуға дейін барады.
Постиндустриалдық қоғамда көп адамдар өзін еркінмін деп сезін-
генмен, іс жүзінде, биліктегілердің байқалмайтын нәзік ықпалының 
шеңберінен шыға алмайды. Оны іске асыратын – сол елдердегі 
«Mass-medіa» (насихат, ақпарат беру) құралдары. Саясаттану тілінде 
оны «publіc relatіon», қысқаша, «P.R.» (бұқаралық қарым-қатынас) деп 
атайды. Ол әсіресе сайлау кезінде кеңінен қолданылады. Оның кейбір 
«қара» жақтары біздің елімізге де келіп жетті емес пе? 
«Осындай өмір салтының негізінде Батыс қоғамдарында тұлғалық 
ерекшеленуліктің орнына біркелкілік келіп, іс жүзінде халық 
бұқарасының көпшілігі массаға (біркелкі адамдарға) айналды», – деп 
қорытады ХХ ғ. испан ойшылы Х.Ортега-и-Гассет. Оған себепкер 
болған өндірісті конвейерлеу, миллиондаған бір-біріне толығынан ұқсас 
заттарды жасау және оны тұтыну, орташа, тіпті тұрпайы талғамға 
сәйкес келетін мәдениет туындыларын жасау және оны миллиондаған 
адамдардың тұтынуы т.б.
Постиндустриалдық қоғамдағы өзгерістерді талдай келе, ХХ ғ. 
ұлы гуманисі А.Швейцер адамның материалдық күш-қуаты өскен 
сайын, оның руханиятының тайыздана беретінін өкіне айтады. Ол 
осы қоғамдағы мәдени-адамгершілік дағдарысты, адамдардың бір-


496
біріне деген қарым-қатынасының жүдеуін, адам болмысының мән-
мағынасының азғанын, адамдардың бір-бірімен толыққанды да 
сән-салтанатты дидарласуының жетіспейтіндігін көрсетеді. Американ-
неміс философы Э.Фромм Батыс адамының бақытты өмірді шексіз 
тұтыну жолында іздеуінің жалған жол екенін көрсетеді. Ал Нобель 
сыйлығының лауреаты К.Лоренцке келер болсақ, техникалық про-
грестің айнала қоршаған ортаны аздырғаны жөнінде, табиғаттың 
айбындылығы мен сұлулығына қазіргі адамның мән бермейтінін, оның 
күшті де ыстық сезімдерінің сарқылып, зардап пен қуаныш-шаттықтың 
орнына зерігудің келгенін қазіргі адамзаттың күнәсі ретінде алға 
тартады. Ал Франкфурт мектебінің өкілі М.Хоркхаймер жоғарыда 
көрсетілген кемшіліктердің негізгі себебін Батыс адамының қоршаған 
ортаны өзгертіп, билеп-төстеуге бағытталған құштарлығынан көреді. 
Бұл айтылған пікірлерден шығатын бірауыз сөз – ол қазіргі Батыс 
технократизмі мен сциентизмінің болашағының жоқтығы, бұл жолда 
адамзаттың бірде-бір негізгі мәселелерінің шешілмейтіндігі болса 
керек. Қазіргі адамзаттың қорланған сан алуан қайшылықтары тек қана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет