Серік Мырзалы философия оқу құралы


Буддизм Үнді елінде пайда болып, әлемдік үшінші дінге айналған философия  ілімі – буддизм



Pdf көрінісі
бет38/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   422
Буддизм
Үнді елінде пайда болып, әлемдік үшінші дінге айналған философия 
ілімі – буддизм
Буддизмнің негізін қалаған – Үндістан елінің шакья тайпасынан 
шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.).
Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың 
ішінде туып-өсіп, тәрбиеленіпті. үйленіп, балалы болыпты. Бірақ 
күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 
жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. Алты жыл ел кезіп, 
өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, дүниенің 
терең мәнін іздейді. 
Бірақ одан еш нәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің 
себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады. 
Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып
ақырында ақиқатқа жетеді – ол Буддаға – яғни ағарған, даналық 
деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің 
ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.
Будданың ашқан «Төрт ақиқаты»:
Бұл дүниедегі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір адам аттап 
өте алмайды, өйткені адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; 
адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын-туғанынан, сүйген 
жарынан, жолдас-жораларынан айырылып, қайғырады. Мұның сыр-
тында өмірден тілегеніне жете алмай, қиналады. «Адам болу өте қиын. 
Өтпелі пенденің өмірі қиын».
Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. 
Оның себептері: өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген 
іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. «Құмарлықтан күшті от жоқ; жек 
көруден артық пәле жоқ; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш 
өмірден артық бақыт жоқ». «Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол 
мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды». Мұндай ойларды ішінде 
сақтаған адамның жек көруі тоқталмайды. «Адамдар дамыл таппай
қорқып қашқан қояндай, айнала жүгіріп жүр».
Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға болады
«өйткені ешқашанда бұл дүниеде жек көру – жек көрумен тоқта-
тылмайды, тек қана жек көруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға 
болады. Міне, бұл – мәңгілік шындық. Егер адам құмартудан құтылса, 
надандық пен жек көруден арылса, еш нәрсеге байланбаса ғана әулиелік 
жолға түседі!»
Зардапты тоқтатын жол бар, ол – сегіз қырлы. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет