Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет80/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   422
Уильям Оккам ілімі
Ортағасырдағы ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі – Уильям 
Оккам (1280-1349 жж.) Оксфорд университетін бітірген. Негізгі 
еңбектері: «Логика жинақтары», «Құпиялықтар жөніндегі трактат», 
«Сұхбаттар» т.с.с.
Егер Фома Аквинский схоластикалық философияда өзінің ең биік 
шыңына жетсе, Уильям Оккамнан бастап, оның тек құлдырауы етек 
алады. Біріншіден, сенімнің ақыл-ойдан дербестігі оларды бір-бірінен 
ажыратады. Уильям Оккам сенім мен ақыл-ойды бір-бірінен айырып
алыстатуға тырысады.
Логикаға негізделген ақыл-ой сезімдік дүниені тануға мүмкіндік 
береді, оларды тексеруге, дәлелдеуге болады. 
Сенім ақиқаттарына келер болсақ, оны ақыл-ой арқылы түсіну де, 
дәлелдеу де мүмкін емес. Аян ақиқаттарын біріктіретін логика емес, – 
Сенім ғана. Мысалы, христиан дінінің үштік қағидасына Уильям 
Оккам мынандай баға береді: «ол қайсыбір мән-мағына, ақыл-ойдан 
басым». Сондықтан ақыл-ой сенімге тірек бола алмайды. Сезім, 
ақыл-ой мен діни қағидаларды талдаудың өзі күнәға жақын, өйткені 
Құдай бізді сүйіп, өзінің аянын сыйлады, оны біз сол күйінде іштей 
қабылдауымыз керек. 
«Егер Құдайдың құдіретті күші сондай шексіз, ал біздің Әлем 
оның ерікті түрде тудырған мүмкіндігінің бірі ғана болса, онда Құдай 
мен шектелген өтпелі дүниенің ішінде Құдайдың жасампаз еркі мен 
құдіретті ақыл-ойынан басқа не бар?» – деген өткір сұрақ қойып, өзі 
қойған сұраққа: «Олай болса, Августиннің бәріне жарамды мәндері жер 
мен Құдайды дәнекерлік етіп жалғастырып тұратын ол адамның бос 
тәкаппарлығы емес пе! – деп ашық жауап береді. 
Уильям Оккамның номинализмі
Құдай мен жердегі өтпелі әлемді бір-бірінен айырғаннан кейін, 
Уильям Оккам: «Әлемде жекеліктен басқа еш нәрсе жоқ», – деген 
пікірге келеді. «Ақыл-оймен танылатын жанның сыртындағы еш нәрсе 
өзіне, я болмаса басқаға бірдей жарамды емес, ол адамның қай жағынан 
алғанда да есек емес екені сияқты». Универсалиялар – (жалпы ұғымдар) 
заттарға қойылған аттар ғана, олар шындықтың негізі бола алмайды. 
Универсалияларды тудыртатын – заттардың бір-біріне ұқсастығы. 
Мысалы, Сократ – ол нақтылы адамның аты, ал «адам» – универса-
лия. Олай болса, дүниенің ешқандай ең жалпы заңдылықтары, олардың 
баспалдақтық бір-бірімен байланыстары жоқ.


120
«Универсалиялардан тұратын білім ешқандай нақтылы нәтижеге 
әкелмейді, оның ешқандай жемісі жоқ. Егер біз тәжірибеде кездесетін 
заттардың арасындағы қайталанулықты зерттеп, оның болашақта 
болуы туралы болжам жасасақ, сол жеткілікті», – деген пікірді Уильям 
Оккам ұсынады. Ал мұндай көзқарастан белгілі бір таным принципін 
шығару мүмкіндігі пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет